Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқының бірлігі күні Сабақтың мақсаты: а



Дата11.01.2017
өлшемі38,75 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқының бірлігі күні

Сабақтың мақсаты:

а) Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі туралы білу, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуді үйрету.

ә) Тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға дағдылану.

б) Оқушылардың адамгершілікке, отаншыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау әдістері

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау

Жұмыс формалары: жекелей, жұптық, топтық

Сабақтың көрнекілігі: сызба, плакат, фломастер, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі: 3 мин

а) Сәлемдесу, балаларды түгендеу.

б) Тіл дамыту сұрақтары (кезекшімен сұхбат)

в) Топтарға бөлу. (сандарды алу 1,2,3.)

г) Сарапшыны тағайындау.(стикерлерді орындықтарға жабыстыру)

II. Үй тапсырмасын тексеру: сөздік 2 мин

ІІІ. Қызығушылықты ояту сатысы. А) Ой қозғау стратегиясы.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мұғалім мәтінді оқиды. Сол мәтінді талқылап, сабақтың тақырыбына шығу. Тыңдалым. 5 мин

Қазақстан халқының бірлігі күні

1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше маңызы зор құрылым. Бұл күн «Қазақстан» атты шаңырағымыздың астында жиналған 130-дан аса ұлттық мейрамы-Ынтымақтастың күні.



  • Сонымен біз бүгін не туралы сөйлесеміз? Ендеше тақырыбымыз қандай?

  • Тақырыбымыз – Қазақстан халқының бірлігі күні.

  • Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын ашу.

  • Балалар, біз бүгін сабаққа қандай мақсат қоямыз?

Мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі туралы қосымша мәлімет алу, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білу, диалог құрастыру.

Сөздік жұмысы: 2 мин

  • Жаңа сөздермен танысайық. Айтылым. Сөздерді оқып,әр топ сөйлем құрастырады. Сарапшылар бағалайды.

Дүниежүзі – весь мир

Бірлік - единство

Алғашқыда – впервые

Саяси маңызы – политическое значение

Шешім қабылданды – принято решение

Ынтымақтастық – солидарность

Өткізіледі – проводится

Жаңа тақырыпты бекіту:

Ә) Кластер толтыру. Ал сендер жаңа жыл мерекесі туралы тағы не білесіңдер? 3 мин
Қазақстан халқының бірлігі күні


Сарапшы бағалайды.

ІV Мағынаны ажырату сатысы. 8 мин

А) INSERT стратегиясы

Мәтінмен жұмыс. «Қазақстан халқының бірлігі күні»


V

+

-

?













Сарапшы бағалайды

Сергіту сәті: «Қара жорға» 3 мин

1 ) Мәтінге сұрақ құрастырып жаз. 5 мин

Сарапшы бағалайды

2-тапсырма. Жазылым. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастыр.

. 2 мин.



3-тапсырма. Диалог. «Менің сүйікті мерекем» 6 мин

Сарапшы бағалайды

V Ой толғаныс сатысы. Сонымен біз бүгін қандай тақырыппен таныстық? Мақсатқа жеттік пе? 4 мин

5 жолды өлең стратегиясы

1 мереке

2 көңілді, қызықты

3 тойлаймыз, қарсы аламыз, билейміз

4 Маған бірлік күні өте ұнайды.

5 мейрам


VІ Бағалау: сарапшыларды тыңдау. 2 мин

VІІ Үй жұмысы: ІІІ сөздік жаттау

ІІ «Менің сүйікті мерекем» әңгіме құрастыру.

І бірлік, ынтымақ туралы 3 мақал жаттау
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет