Сабақтың тақырыбы:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»
Викторина
ойын-сабақ
6-сынып
Мұғалім: Шаймергенова К.С.
Петропавл қ., 2008 ж.
Викторинаның сұрақтары
ҚР нышандарын атаңдар.
ҚР нышандары қашан қабылданды?
Мемлекеттік ту қандай түстерден тұрады?
Әнұран неше шумақтан тұрады?
Тудың авторы кім?
Елтаңбаның авторлары кім?
Жаңа Әнұран қашан қабылданды?
Жаңа Әнұранның сөзін жазған кім?
Жаңа Әнұранның әнін жазған кім?
Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз нені білдіреді?
Туда нелер бейнеленген?
Тудағы қыран бейнесі ненің белгісі?
Елтаңбадағы негізгі белгілер?
Мемлекеттік елтаңбаның шеңбер мағынасы?
Көк түс нені білідіреді?
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздерімен таныстыру, қазақ тілінде дұрыс айтуға дағдыландыру;
2. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, бұрынғы алған білімдерін жетілдіре отырып, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік: мемлекетіміздің нышандарын құрметтеуге, Отанды сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: викториналық сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының нышандары туралы бүктеме, мақалдар, әнұранның үнтаспасы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: оқыту, сұрақ-жауап, ойландыру, ана тіліндегі білімдерін пайдалану.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Кезекшілермен сұхбат
Оқушыларды сабаққа бейімдеу
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
- Балалар, бүгін сендермен викторинаның сұрақтарына жауап береміз . 1, 2, 3 - орын алғандарға сыйлығымыз бар, сондықтан жақсылап ойланып жауап беріңдер.
II Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
Ел іргесі тыныш болып, бүгінде тәуелсіз егеменді ел болып отырғанымыз соғыс ардагерлерінің, елімізді қорғап отырған Әскери қарулы күштеріміздің арқасы.
Қазақ елінің отаны қалай аталады? (Қазақстан)
Балалар, Қазақстан деген сөзді естігенде сендер нені елестетесіңдер?
Президент Отан Мемлекет
тату Қазақстан ортақ үйіміз
Көпұлтты Егеменді Астана
Отан жайлы қандай мақал-мәтелдер, өлеңдер білесіңдер?
Айнұр:
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Мақал-мәтелдер
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
Өзін-өзі билеген ер бақытты
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан болған артық.
6. Отанды сүю – отбасынан басталады.
Оқушылар, біздің Қазақстан Республикамыз қандай мемлекет? (Тәуелсіз, егеменді, біртұтас, еркін)
Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?
Қазақстанның Президенті кім?
Қазақстанның Ата заңы қашан қабылданды?
Тәуелсіздігіміздің белгісі нелер? (нышандар – ту, елтаңба, әнұран)
Балалар, мемлекетіміздің нышандары жайлы қандай өлеңдер білесіңдер?
Настя:
Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып келген Елтаңбам,
Баяғыша төріме келіп ілінді.
Викторина сұрақтары
ҚР нышандары.
ҚР нышандары қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
Мемлекеттік ту қандай түстерден тұрады? (Көк, сары)
Көк түс нені білідіреді? (Тазалықты, адалдықты)
Тудың авторы кім? (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков)
Елтаңбаның авторлары кім? (Шота-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібекұлы)
Жаңа Әнұран қашан қабылданды? (1996 ж. 7 қаңтар)
Жаңа Әнұранның сөзін жазған кім? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
Жаңа Әнұранның әнін жазған кім? (Шәмші Қалдаяқов)
Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз нені білдіреді? (5 мемлекетпен шектеседі – Ресей, Қытай, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан)
Туда нелер бейнеленген? (Қыран құс, күн нұры, қошқар мүйіз ою)
Тудағы қыран бейнесі ненің белгісі? (Еркіндіктің)
Елтаңбадағы негізгі белгілер? (Шаңырақ, бес бұрышты жұлдыз, елдің аты)
Мемлекеттік елтаңбаның шеңбер мағынасы? (Тіршілік, шексіз өмір)
Әнұран неше шумақтан тұрады? (2 шумақ және қайырма)
III Қорытынды:
Үйге тапсырма:
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |