Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда электр энергиясын өндіру және пайдалану



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі109,7 Kb.
#85420
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
0003aae7-3f8217dd

Электр энергиясын жеткізу
Электр энергиясының тұтынылатын орны көп. Ал оның өндірілетін орындары көп емес, отын және гидроресурс көзіне жақын орындар. Электр энергиясын көп мөлшерде жинап сақтау (консервілеу) колдан келмейді. Оны шығарып алысымен бірден түтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энер­гиясын алысқа жеткізу қажеттігі туды.Электр энергиясын алысқа жеткізу едәуір шығынмен байланысты. Мәселе мынада: электр тоғы электр жеткізу желісінің (линиясының) сымдарын қыздырады. Желі сымдарын қыздыруға шығындалатын энергия, Джоуль-Ленц заңына сәйкес, мына формуламен анықталады:
мұндағы R-желінің кедергісі. Желі тым ұзын болғанда, энергия жеткізу үнемділік жағынан пайдасыз болуы мүмкін. Желі кедергісін едәуір азайту іс жүзінде өте қиын. Сондықтан тоқ күшін кемітуге тура келеді.
Тоқтың қуаты тоқ күші мен кернеудің көбейтіндісіне пропорционал болғандықтан, жеткізілетін қуатты сақтау үшін, жеткізу желісіндегі кернеуді жоғарылату керек. Мұнда жеткізу желісі неғұрлым ұзынырақ болса, жоғарырақ кернеуді пайдалану соғұрлым ұтымды болады. Мысалы, Волга ГЭС-інен Мәскеуге жоғары вольттік жеткізу желісінде 500 кВ кернеуді пайдаланады. Ал енді айнымалы тоқ генераторлары 16-20 кВ-тан аспайтын кернеуге арналып жасалады. Бұдан гөрі жоғарырақ кернеу генераторларының орамаларын және басқа да бөліктерін изоляциялау үшін арнаулы шараларды қажет еткен болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет