Сабақтың тақырыбы: Қазақстанды әлемге танытқан спортшылар



Дата08.07.2018
өлшемі37,5 Kb.
#48745
түріСабақ
Сагденова Оразкүл Абдумажитқызы

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы

Волошинка селосы

«Волошинка орта мектебі» КММ

4-сынып (орыс тілді сынып)

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанды әлемге танытқан спортшылар
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: спорт тақырыбы бойынша білімдерін жүйелеу. Білімдерін жинақтап, қорытындылап, әр оқушының білім дәрежесі мен сауаттылығын бағалау. Өтілген сөздерді қаншалықты деңгейде қолдана білетіндігін және оларды сөйлеу әрекетінде дұрыс пйдалана білуін қадағалау.

2.Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу әрекетін, қазақша ойлауын, есте сақтауын, қабылдауын, қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Қазақстанды әлемге танытқан спортшылар жайлы мақтаныш сезімін ұялату.



Сабақтың түрі: тексеру сабағы

Әдістері: көрсету, сұрақ-жауап, ойын Бәйге»,әңгімелеу,талдау,

ізденіс,оқушыларды топқа бөлу.



Көрнекілігі: суреттер,кеспе қағаздар,бейнетаспалар,

интерактивті тақта



Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Кезекшімен сұхбат.

Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу.


  • Бүгін балалар бізге қонаққа ұстаздар келіп отыр, біз қазақ тілін қаншалықты меңгергенімізді көрсете білейік.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс айларын атаңдаршы.

  • Қыстың қазір нешінші айы?

  • Ол қалай аталады?

  • Бүгін ақпанның нешесі?

  • Аптаның қай күні?

  • Ал қазір Ева мен Диманың қыс туралы әңгімесін тыңдайық.

Диалог (Дима сұрақ қояды, Ева жауап береді)

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Нәтиже сабақтың барысын,мақсатын хабарлау.

Көрнекіліктерді қолданып, қазақтың атақты спортшыларының түскен суреттерін көрсету.(слайдтар)

Қазіргі уақытта салынған спорт сарайларымен таныстыру.
1.Сұрақтарға жауап алу:


  • Кәне, кім айтады, қандай спортшыларды есте сақтадыңдар?

  • Қандай спорт сарайларды білесіңдер?

  • Факел қазақша қалай айтылады?

  • Ол ненің белгісі?

  • Қандай спорт түрлерін білесіңдер?

  • Саған қандай спорт ұнайды?

  • Соңғы Олимпиада қай қалада өтті?

- Мектепте қандай секциялар бар?

  • Қай секцияға қатысқың келеді?



2.Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс.

Мәтінді өз беттерімен оқып, берілген сұрақтарға жауап жазады.

І топ. Спорттың денсаулыққа пайдасын жазулары керек.

ІІ топ. Спорт неге үйретеді? сұрағына жауап жазады.



Сергіту сәті

«Бәйге» ойынын ойнату

Екі топ сапқа тұрып, І топ «А» әріпінен басталатын сөздерді айтады.

ІІ топ «Ә» әріпінен басталатын сөздерді айтады.

Қай топ мәреге бірінші жетсе, солар жеңеді.

3. Жазбаша жұмыс. Грамматикалық тапсырма.

Берілген сөздерге септеулік шылауды(соң, кейін) қатыстырып сөз тіркесін жазыңдар.

Спорт, жарыс, олимпиада.



4. Тақтадағы Венн диаграммасын плакатта толтыру.

Қазақстандағы спорт түрлері.



5. Тақтамен жұмыс. Жеке жұмыс.

Плакатта берілген орысша және қазақша сөздерді сәйкестендіру.



ІV. Сабақты қорыту.

Оқушылармен сұхбат (сұрақ-жауап)

-Балалар бүгінгі сабақта нені білдік?

- Қазақстанның белгілі спортшыларын тағы да қайталап, атап шығайық.



- Сабақ несімен ұнады?

Бағалау.

Үйге тапсырма: Сүйікті спортшысы жайлы 2-3 сөйлем құрап келу.
Каталог: uploads -> konspekt -> nach-shkola
nach-shkola -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: акт, сто әдістері, Миға шабуыл, Ой қозғау, Мен саған, сен маған, топтастыру. Ойын элементтері
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
nach-shkola -> Сабақ түрі: Аралас сабаќ Сабақтың әдіс-тәсілдері : түсіндіру,сұраќ-жауап,ойын,тілін дамыту
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Минералды сулар Жалпы мақсаты
nach-shkola -> 3 орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәніне арналған тоқсандық тест жинағы
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Сабақтың мақсаты
nach-shkola -> Сан есім. Имя числительное. Күн тәртібі. Режим дня. (3 класс)
nach-shkola -> Күні: Әдебиеттік оқу Тексерілді


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет