СабақТЫҢ тақырыбы: Қазақтардың күнтізбесі Оқу мақсаттары



Дата28.01.2018
өлшемі148,34 Kb.
#34873
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар______

«Қызықты физика» гс

«Кәусар» гимназиясы

Пән: физика

Мерзімі: 20.12.2017

21.12.2017

Мұғалімнің аты - жөні: Исмайлова Ж.

СЫНЫП: 7 «а,б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Қазақтардың күнтізбесі

Оқу мақсаттары

Оқушыларды күнтізбе негіздерімен таныстыру, уақыт кезеңдерге бөлінуін анықтау: күн, ай, жыл

Тілдік мақсаттар


Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)

Жетістік критерийі

Жетістік критерийлері

Жылға, айға және күнге уақыттық бөлінісінің қалай анықталғанын біледі;

жылдың, айдың және күннің туындау себептерін анықтайды.


Құндылықтарды дарыту


Ынтымақтастық

Өзіне және өзінің айналасындағы адамдарға деген құрмет

Академиялық шындық


Пәнаралық байланыстар

Математика , дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал – жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы тараудан біздің галактика туралы білулері тиіс.

Жоспар

Сабақтың барысы

Уақытты жоспарлау

Жоспарланатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.



Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Өзі туралы кластер» тренинг

Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б



Microsoft Power Point

30 мин


Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Жариялау» әдісі

Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде ( басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)



Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)

Қазақ күнтізбесі, байырғы қазақ күнтізбесі – табиғат құбылыстарын бақылаудан туған халықтың көп жылдық тәжірибелері қорытылған, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинағы. Табиғат құбылыстарының қайта айналып келіп отыруын, күн мен түннің, жыл мезгілдерінің (жаз, қыс, күз, көктем), айдың тууы мен батуының алмасуын; жұлдыздардың орналасу тәртібін, мұқият бақылап, есептеп ұғынудың қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы үшін орасан зор маңызы болды. Қазақтар өзінің байырғы күнтізбесі арқылы жайлауға қай уақытта көшу, күзеуге және қыстауға қай уақытта қайту, қой мен қозыны қырқу, күйекке алу, мал төлдету, соғым сою, егін егу, шөп шабу шаруашылық жұмыстарын жүргізу мезгілдерін негізінен есептеп белгілеп отырды. Бұл есептен жаңылу шаруашылық үшін қауіпті болды. Мысалы, күйек дәл уақытында алынбай, ерте алынса – мал суық айларда төлдеп шығынға ұшырайды, кеш алынса – қой қысыр қалады немесе төл кенже туып, жетіліп үлгермей қыс түседі. Мұндай жәйттер уақыт есебін мұқият білуді, айналадағы табиғат құбылыстарын қатаң бақылап отыруды қажет етті. Табиғат құбылыстарын, қоршаған ортаны, жұлдызды, аспанды бақылаудан туған, халықтың көп жылдық тәжірибесінде жинақталған, қорытылған, зерделенген астрон. құбылыстар мен білімдер жүйесі негізінде Қазақ күнтізбесі қалыптасты. Бұл күнтізбе шетсіз-шексіз кең далада мал бағуға, көшіп-қонуға, жол жүруге, жоқ іздеуге, аң аулауға, төрт құбыласын айыруға, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды ажыратып, өткел, суат, қоныс, құдықтарды адаспай табуға көмектесті. Халық арасында ауа райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілердің білім-тәжірибелері атадан балаға мирас болып қалып отырды. Есепшілер көптеген  ұрпақтардың білім тәжірибесін жинақтап, жылма-жыл табиғат құбылыстарына бақылау жүргізіп, күн райын болжады. Олар Қазақ күнтізбесі нің толық жыл есебін жүргізді, маусымдық жұмыс кезеңдерін белгіледі, қыстың қандай болатыны туралы болжам жасады. Әр айдағы ауа райының шұғыл бұзылатын кезеңдерін, яғни үш, бес күндік амалдарды алдын-ала болжап, жұртқа хабарлап отырды. Осымен қатар қазақ қауымы планеталарды, жұлдыздарды жаңылыспай таныған. Олар, жайында өлең-жыр, сан алуан аңыздар шығарды.




Арабша атауы және мерзімі
(қазіргі азаматтық күнтізбесімен)


Көнетүркіше

Қазақша мағынасы

1

Қозы

қозы

Жамал (әл-Жамал) (наурыз — сәуір)

2

Үді

торпақ

Сәуір (ай) (сәуір — мамыр)

3

Ерентұз

егіздер

Зауза (мамыр — маусым)

4

Құшық

шаян

Саратан (маусым — шілде)

5

Арслан

арыстан

Әсет (шілде — тамыз)

6

Бұғдай башы

бикеш

Сүмбіле (тамыз — қыркүйек)

7

Өлкі

таразы

Мизан (қыркүйек — қазан)

8

Чаян

сарышаян

Ақырап (қазан — қараша)

9

Иа (Сү)

мерген

Қауыс (қараша — желтоқсан)

10

Ұғлақ

теке

Жади (әл-Джади) (желтоқсан — қантар)

11

Көнек

мираб

Дәлу (қантар — ақпан)

12

Балық

балық

Үт (үт-Хүт) (ақпан — наурыз)


http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b5266-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/5_8.swf

https://www.twig-bilim.kz/film/machines-building-the-pyramids-5775/

https://www.twig-bilim.kz/film/levers-wheels-pulleys-5773/





Сабақтың соңы

5 мин


Кері байланыс (оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою)

  1. Күнтізбе дегеніміз не?

  2. Қазақтардың ежелгі күнтізбесі қандай болған?

  3. Қандай аңыздарды білесің?




Қосымша ақпараттар

Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Барлық оқушылар: Күнтізбе туралы біледі. Оның келіп шығу тарихын біледі

Практикалық жұмыс жасау кезінде ҚЕ бойынша нұсқаулық беру

Сабақбойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Сыныптың оқушылары ынтымақтастықта жұмыс жасай алды. Оқушылар өз бетімен және жұпта жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Негізгі бөлімде дайын материалдар бермей, оқушылардың өздеріне ақпарат табуларын ұсынуға болатын еді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақ басында күнделікті өмірде қолданысқа ие құралдар бойынша сұрақтар қою

2: Кері байланыс

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: Жұптық жұмыс

2: Бейнематериалдар

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Уақытты дұрыс жоспарлау қажет





Тексерілді: Джамалбекова Қ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет