Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі музыка мәдениеті. Аспаптық музыка. Сабақтың мақсаты


«Қазақ ұлттық аспаптары» презентациясы (дыбыстармен)



бет6/7
Дата05.02.2022
өлшемі2 Mb.
#15736
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
«Қазақ ұлттық аспаптары» презентациясы (дыбыстармен)





Бейнекөрініс «Тұран» этно-фольклорлық тобының орындауында халық күйі «Қара жорға»




5. Музыкалық-ырғақтық қимыл-қозғалыстар
«Қара жорға» халық би(3 мин.)

Керемет,балалар.



Музыкалық-ырғақтық қимыл-қозғалыстар
«Қара жорға» халық би
Ұлдар тобы,
Қыздар тобы.



Аудиофайл
«Қара жорға» халық би



III - Жаңа білім беру кезеңі
1.Әңгімелеу - «Құрмаңғазы» туралы деректер.(6мин.)

2. Музыка тыңдау - аудиофайл күй «Адай»
Бейнекөрініс «Адай» (5 мин.)
3.Пікірталас
(2 мин.)


4.Ән айту «Тұған жер
(4мин.)

Ал,саяхатымызды жалғастырып ақырғы елімізге Құрманғазы ауылына шолу жасайық.(тақтада Құрманғазы ауылы)
XIX ғасырдың аса көрнекті композиторы,күй атасы Кұрманғазы Сағырбайұлы (1848-1889) – теңдесі жоқ ұлы күйші, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. (Құрмаңғазының суреті)
Құрманғазы қазақ музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Егер сіз қазақ даласының тынысы мен жүрек соғысын, шексіз өлкедегі алып-қашпа жел әнін білгіңіз келсе, ат тұяғының дүбірінен қуаныш тасқынын сезгіңіз келсе, қазақ халқының рухани күшін биіктігін, мықтылығын танығыңыз келсе - Құрманғазы күйін тыңдаңыз. Оның "Сары - Арқа", " Балбырауын", "Серпер", "Адай" сынды күйлері -қазақтарда Отан, ел деген ұғымдармен астасады. Қара халықтан шыққан Құрманғазы өмір бойы қазақ тойларының заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы күресіп, жай адамдар құқығын қорғап келген. Үкіметтің қудалауы, жазықсыз айыптаулар, түрме - осының барлығы күйші сағын сындыра алмады. Айналасында болып жатқан оқиғаларға аса мән бере отырып, Құрманғазы қазақ халқы өмірінің айшықты суреттемесін жасады. Оның "Сары-Арқа", "Алатау", "Бұлбұлдың құрқұры" атты күйлері туған жер сұлулығын көрсетсе, "Кішкентай", "Төремұрат","Адай" күйлері батырлар бейнесін "Қайран шешем", "Қызыл қайың", "Кісен ашқан" күйлері күйші өміріндегі нақты оқиғаларға арналған. Құрманғазының көптеген күйлері мінезді, шапшаң ырғақты, кең көлемді, домбыраның барлық мүмкіндігіне шақталған болып келеді. Күйші батыс қазақстандық күй өнері мектебінің негізін салушылардың бірі. Ол өз күйлерінде осы аймаққа тән батырлық тақырыпқа да баса назар аударған. Құрманғазы шығармашылығын халық жақсы сақтаған, қазір 60-тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде халық аспаптарының Мемлекеттік академиялық оркестрі Алматы мемлекеттік консерваториясына балалар музыкалық мектебіне жас орындаушылар сайысына оның есімі берілді.
Балалар, алдарыңда ақпараттық аңықтама, сөздікпен жұмыс.
«Адай» күйін тыңдап, міндеттерің - музыкалық шығарманың бейнесін түсіну, талдау.
Күй қаңдай екпінде орындалды?
Қандай аспаптың үні басым естілді?
Қаңдай сезімде болдыңдар?
Қаңдай әсер алдыңдар?
Дұрыс балалар,соңдықтан мен сендердің назарларыңызға «Адай» деген бейнекөрініс усынамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет