Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №24 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Тойбаева Бану Хуановна
Пәні
|
Қазақ тілі
|
Сыныбы
|
5
|
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақтың ұлттық спорт түрлері
|
Жалпы мақсаты
|
Оқушыларды қазақтың ұлттық спорт түрлерімен таныстыру, етістіктің түрлерін ажырата білуге, ойын жүйелі, дәлелді жеткізе білуге үйрету.
|
Жұмыс нәтижесі
|
Қазақтың ұлттық спорт түрлерін біледі, етістіктің болымсыз түрлерін сөйлемдерден таба алады.
|
Негізгі идеялар
|
Білгенін өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білуге дағдыланады
|
Қолданылатын құрал- жабдықтар
|
Итербелсенді тақта, тақырыптық суреттер, семантикалық карта, бағалау парағы
|
Қолданылатын әдіс- тәсілдер
|
«Білемін, білгім келеді, білдім» , «Кім жылдам?» әдістері, сұрақ- жауап, топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс –әрекет
|
Ресурстар
|
2 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
«Қар көшкіні» ойыны. Оқушылар шеңбер құрайды және әр қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есім қосады. /Алғыр Асан, жалынды Жомартт.б./
Қима қағаздар арқылы топқа бөлу
|
Қима қағаздар
|
5 мин
|
«Білемін, білгім келеді, білдім» әдісі
- Балалар, біз қазақтың ұлттық спорт түрлері туралы не білеміз?
-Не білгіміз келеді?
Кестені толтырады, ойларымен бөліседі.
Қосымша мәліметтер беру.
|
А-4 қағазы
|
8 мин
|
«Сұрақ -жауап» әдісі
Берілген мәтінді оқушылар тізбектей оқиды. Мәтінге байланысты әр топ үш сұрақтан дайындап, бір- біріне қояды. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау жүргізеді.
Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздермен танысады.
а) сөздердің дұрыс дыбысталуына көңіл бөлінеді,
ә) сөздерден сөз тіркестерін құрайды.
|
Оқулық
|
5 мин
|
«Мағынаны таны» әдісі.
Интербелсенді тақтада көрсетілген сурет спорттың қай түрі екенін анықтап, сөйлем құрайды.
|
Сурет
|
5 мин
|
Жұптық жұмыс
«Аламан бәйге» тақырыбындағы диалогты сұрақтармен толықтырып өзара сөйлеседі.
|
Оқулық
|
10 мин
|
«Кім жылдам?» әдісі
1. Тапсырмада берілген етістіктерді теріп жазып, болымсыз түрін жасайды.
Түйіп тастайды – түйіп тастамайды, аталады – аталмайды т.б.
2. Ұлттық, жүзік, беташар сөздеріне фонетикалық талдау жасайды.
|
Слайд №6
|
7 мин
|
Семантикалық карта
|
аламан бәйге
|
асық ойыны
|
тоғыз-
құмалақ
|
қазақша күрес
|
дойбы
|
Ат спортының түрлері
|
|
|
|
|
|
Ақыл- ой ойындары
|
|
|
|
|
|
Күрес түрі
|
|
|
|
|
|
Күш өнері
|
|
|
|
|
|
«Білімін, білгім келеді, білдім» әдісі бойынша келесі бөлімдерді толтыру.
Білдім
|
Тағы да білгім келеді
|
|
|
|
Семантикалық карта
Кесте
|
3 мин
|
Кері байланыс
«Кемпірқосақ» тәсілі. Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы көңіл -күй деңгейін білдіреді.
Үйге тапсырма. 4- тапсырма (сызбаны толтыру, мәтін дайындау)
Бағалау парағы арқылы баға беру.
|
Стикер
Бағалау парағы
|