Сабақтың тақырыбы: «Қазіргі кезеңде қоғам мен экономиканың ғылыми техникалық жаңаруы»



бет1/8
Дата18.03.2017
өлшемі0,66 Mb.
#11840
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

Сыныбы:

10 уақыты: 14.01.2015

Сабақтың тақырыбы:

«Қазіргі кезеңде қоғам мен экономиканың ғылыми - техникалық жаңаруы». Нанотехнология.

Мақсаты :

Оқушыларға нанотехнология ғылымы саласын жан жақты оқып үйрету

Сабақтың түрі:

Семинар сабақ

Күтілетін нәтижелер:

А) Нанотехнология ғылыму туралы біледі;

В) Қоғам мен экономиканың ғылыми техникалық жетістіктерін анықтай алады;

С) Еліміздің нанотехнологиясы ғылымы саласындағы жетістіктерді басқа да елдермен салыстыра алады;


Керекті жабдықтар:

Ресурс парақтары, стикер, бейнеролик, бағалау парақтары,

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

АКТ мүмкіндіктері, топтық, диалогтік оқыту, «Шындық пен жалған», «Екі жақты күнделік», «Есте сақта!», «Post-it»,

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

(5 мин)



Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады. Сыныпты Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Үй тапсырмасын «Шындық пен жалған» әдісі арқылы сұрайды.

Амандасады, Үй тапсырмасына «Шындық мен жалған» әдісі бойынша жауап береді. Оқушылар бағалау парақтарын сабақтың әр кезеңінде өзін бағалап толтырып отырады.

Тұсаукесер

(5 мин)


Оқушыларға күрделі сұрақтар тобы ұсынылады. «ҒТР», «Кибернетика», «ГАЖ» ұғымдарын қалай түсінесің?», «ҒТР жағдайында адам факторының мәні неде?», «География мен басқару ғылымының өзара байланысын қалай түсінесің?», «Қоғам мен экономиканың ғылыми - техникалық жаңаруы дегенді қалай түсінесің?», «Нанотехнология ұғымы таныс па?»

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алады.

Негізгі бөлім

(25)



Оқушыларға тапсырма берместен бұрын видеоролик көрсету. Оқушылардың берілген сұрақтарына жауап береді.
Тапсырмалар:

А) Ресурс парақтарын таратады.


В) Кеңейтілген тапсырма

«Екі жақты күнделік»



Оқушылар бейнероликті тамашалап болған соң туындаған сұрақтарын қойып, жауап алады.

Оқушылар тапсырмаларды өз деңгейлерінде орындайды.

А) Ресурс парақтарындағы мәліметтермен танысады;

В)оқушылар берілген ресурс ішінен кез келген сөйлемді ғалым сөзі етіп алып, оған өз ойын қосады.



Қорытынды

(10 мин)


Мұғалім сабақты «Есте сақта!» әдісімен қорытындылайды.

Бағалау. Оқушылардың өздерін бағалауын сұрайды.

Кері байланыс: «Post-it»

Үйге тапсырма: «Еліміздің Нанотехнология саласын дамытуға қосар үлесім» тақырыбында эссе немесе ойтолғау жазу.



Оқушылар «Есте сақта» әдісімен сабақты қорытындылайды. Әр оқушы бүгінгі сабақтан есінде қалған мәліметті немесе терминдерді айтады.

Өздерін критерий бойынша бағалайды. Оқушылар стикер арқылы кері байланыс жасайды;




Нанотехнология - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанотехнология (грек. nanos – ергежейлі және технология) – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі (1 нанометр=10−9 метр). Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады. Нанотехнология  – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарғамолекулаларға,молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химия қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдарнаноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым.

Тарихы


Әуестену, еліктеу, қиялға берілу секілді адами қалыптардың бірте-бірте ел сенгісіз жаңалықтарға бастайтыны әлмисақтан белгілі.  Аңыз-ертегілердегі аспанға ұшатын ағаш ат пен кілем, желаяқ етіктер, аста-төк дастархан, қияндағыны көз алдыңа алып келетін қол айна секілділер шындыққа айналып, дәл қазір "көне дүниелер" санала бастады. Нанотехнология да өмірге осындай қиял мен әуестік нәтижесінде келген еді. 1986 жылы студент Эрик Дрекслер өзінің "Жасампаз машина" аталатын футуристік эссесінде тұңгыш рет молекулярлы технология атауын қолданады. Ол фантаст-жазушы Станислав Лемнің идеяларына өз қиял-болжамдарын қосақтай отырып, "Саналы тіршілік ортасының" жалпы бет-бейнесін жасап шығады. Нанотехнология терминін қолданысқа алғаш рет 1974 жылы жапон физигі Норио Танигути енгізген. Макроскопиялық заңдылықтарға сүйенетін басқа инженер ғылымдардан нанотехнологияның негізгі ерекшелігі, нанонысандар үшін кванттық және молекулааралық өзара әсерлесуінің күшті болуына байланысты. Нанотехнология саласындағы зерттеулер қазірдің өзінде практикалық маңызы зор нәтижелер беруде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет