Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заман бағдарламалық қамтамасыз етуге шолу



бет2/2
Дата27.03.2018
өлшемі0,51 Mb.
#39657
түріСабақ
1   2

ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру: 
Программа – магниттік тасымалдаушыда файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. 
Көптеген мәселелер өзара байланыста болатын және бірігіп жұмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі. 
Программалық қамтамасыз ету (ПҚЕ) - компьютерде ақпаратты автоматтандырып өндеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы. 

Жүйелік (жалпы) программалық қамтамасыз етулер: 
1 Операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі 
2 Утилиталар 
3 Сервистік бағдарламалар 
4 Драйверлер 

Қолданбалы программалық қамтамасыз етулер: 
- Жалпы (әмбебап) мақсаттағы бағдарламалар 
-Арнайы мақсаттағы бағдарламалар 
Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. 
Операциялық жүйелерді жіктеу. 
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер: 
• Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын; 
• Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын; 
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немесе графикалық (немесе екеуі 
бірге) көп терезелі интерфейсі болуы мүмкін. Анығырақ айтқанда, мұндай жүйелер, әдетте, негізгі режимде бір программаны және фондық деп аталатын режімде көмекші тағы бір програманы іске қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, негізгі режимде мәтіндер редакторын, ал фондық режимде басу программасын іске қосуға болады. Бұл программалар бір-біріне кедергі келтірмей, қатар жұмыс істейді. Мысалы, бір программа адаммен шахмат ойнағанда, басқасы басқа компьютерлермен бірге модем арқылы ақпарат тексеруі мүмкін. 
Бір міндетті жүйелер қарапайым, жинақы, қуатты аз компьютерлерде жұмыс істеу қолайлығы жағынан көп міндетті жүйелерге теңесе алмайды, сондықтан да біртіндеп әрине, дербес компьютерде бірнеше адам кезекпен жұмыс істеуіне болады және олардың әрқайсысы компьютердегі барлық ақпаратқа шыға алады. Кейбір бірнеше адам пайдаланатын жүйелер, мысалы, UNІХ, бір компьютерде бірнеше пайдаланушының қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әрбір пайдаланушының жұмыс орнына терминал орнатылуы керек. Терминал ретінде не арнайы жасалған құрылғылар (пернетақтасы бар бейнемонитор), не дербес компьютерде іске қосылған арнайы программа болуы мүмкін. Бірнеше пайдаланушы, әрқайсысы өз терминалымен, бір-біріне кедергі келтірмей, бір компьютерде қатарласа жұмыс істей алады. 
Соңғы жылдары графикалық көптерезелі интерфейс қажетті әрекеттер мен объектілердің сипаттамалары мәтін түрінде енгізілмейді, маустың көмегімен менюден, файлдар тізімінен және т.с.с. таңдалады. 
Интерфейс (inter—өзара, face—бет жағы) – программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны. 
Утилита (лат. сөзі Utilitas - пайда) - пайдаланушыға енгізу-шығару, ақпарат тасымалдауыш құрылғыларымен, қосымша жұмыстарды орындау мүмкіндігін беретін программалар. Мысалы: антивирустік, архивтеу бағдарламалары. 
Драйверлер - бұл операциялық жүйелер мен перифириялық құрылғыларды басқаратын және олардың арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, құрылғылардан өтетін мәліметтер ағынын бақылап отыратын программалар. 
WINDOWS -ТЫ баптау 
Windows ХР операция жүйесін орнатқанда жүйе пайдаданушылардың көпшілігіне есептелінген белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Біз енді Windows –тың кейбір баптауын ғана қарастырайық. Бас меню мен Міндеттер панелінен баска Windows-тың барлық баптауы дерлік Басқару панелі деп аталатын жүйелі қапшық арқылы орындалады. Бұл қапшыкты ашу үшін, мына әрекеттер тізбегін орындаңдар: 
Пуск - Настройка - Панель Управления Баскару панелі қапшығын іске қосу. 


ІV.Жаңа сабақты пысықтау:
«Асық ату» ойыны:
1. Операциялық жүйе дегеніміз не? 


2. Операциялық жүйе міндеттері? 


3. Операциялық жүйе бөліктері? 


4. Операциялық жүйенің қандай түрлерін білесіңдер? 


5. Драйвердің қызметі не? 



6. Интерфейс дегеніміз не? 



V.Қорытындылау: Ішіне-сыртына әдісін қолдану

Ішіне

Сыртына
























Мына сөздерді жоғарыдағы кестеге орналастыру: Тышқан,Утилиттер,Принтер, Сканер,Модем,Драйвер,Интерфейс,Программа
тапсырманы орындаған оқушы «Алтын сақаны»алады

VІ. Бағалау :

Бағалау мониторингі

р/с

Оқышының аты-жөні

Асық саны

Ұпайы саны

Бағалары

1

Алғаш Талғат










2

Аманқұл Дастан










3

Арқабай Азиз










4

Әбжанова Мадина










5

Бөстен Абзал










6

Леспеков Мқхамедлі










7

Меделбекова Алтынай










8

Мұрат Нұрахмет










9

Оспанбек Венера










10

Рысбай Данияр










11

Рысбекова Қаракөз










12

Талғатұлы Еркебұлан










13

Тұрар Бөтакөз










14

Шады Ерсайын










VІІ.Үйге тапсырма: 
Программалық қамтамасыз ету туралы оқып келу. Жүйелік программалық қамтамасыз ету түрін оқып келу.  Программалық қамтамасыз етуді орнату және жою. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау
Каталог: uploads -> doc -> 11e6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11e6 -> Қазақстан республикасы азаматына тәрбие берудің Үлгісі модель воспитания гражданина республики казахстан алматы 2010 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет