Сабақтыңортасы
8 мин
20 мин
10 мин
10 мин
10 мин
18 мин
|
(T) Симуляция.: Зеңбіректен атылған оқтың ұшу биіктігі мен ұшу қашықтығы қандай шамалардан және қалай тәуелді?
(W) Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің ауырлық күші әрекетінен қозғалысын қарастыру.
Оқушылар тартылыс өрісіндегі қозғалысты сипаттау үшін кинематикалық теңдеулерді жазады.
(I f) 1) Неліктен көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің траекториясы қисайып, парабола тәрізді болады?
2) Неліктен ауада дененің ұшу биіктігі (H) мен ұшу қашықтығы (L) есептеулер арқылы алынған мәнінен аз болады?
3) Кестеде горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу кезінде алынған мәліметтер берілген.
t,c
|
0
|
0,45
|
0,9
|
1,35
|
1,8
|
2,25
|
3,15
|
x,м
|
0
|
1,42
|
2,85
|
4,27
|
5,69
|
7,12
|
9,96
|
y,м
|
50
|
48,99
|
45,95
|
40,89
|
33,80
|
24,69
|
0,39
|
а) осы мәліметтерді пайдаланып, у-тің х-қа тәуелділік графигін тұрғызу;
b) дене лақтырылған биіктікті анықтау;
с) дененің ұшу қашықтығын анықтау;
d) дененің бастапқы жылдамдығын анықтау.
4) Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын сипаттайтын графиктер көрсетілген. Осы графиктерді пайдаланып, анықтау:
а) дене лақтырылған биіктікті;
b) дененің ұшу қашықтығын;
с) дененің ұшу уақытын;
d) дененің бастапқы жылдамдығын.
а)
b)
5) Кестеде көкжиекке (горизонтқа) 300 бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу кезінде алынған мәліметтер мен ұшу биіктігінің ұшу қашықтығына тәуелділік графигі берілген.
t,с
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
6,12
|
х,м
|
0
|
52
|
104
|
155,9
|
208
|
259,8
|
311,8
|
318
|
у,м
|
0
|
25
|
40
|
45,86
|
42
|
27,43
|
3,517
|
0,004
|
і) Анықтау:
а) дененің максимал көтерілу биіктігін;
b) дененің ұшу қашықтығын;
с) дененің ұшу уақытын;
d) дененің бастапқы жылдамдығын.
іі) белгіленген нүктелердегі жылдамдық пен еркін түсу үдеуінің бағыттарын көрсету.
Сабақты бекіту:
1. Бала допты 20 м биіктіктегі терезеден горизонталь бағытпен лақтырды. Егер доп үйдің іргесінен 6 м қашықтыққа түссе, доп жерге дейін қанша уақыт ұшқан және қандай жылдамдықпен лақтырылған?
2. Бала биіктігі 5 м тік жағадан суға сүңгіді, оның жүгіргеннен кейін горизонталь бағытталған жылдамдығы 6 м/с еді. Баланың суға жеткен кездегі жылдамдығының модулі мен бағыты қандай?
3. Дене 10 м/с жылдамдықпен горизонталь бағытта лақтырылған, ұшу алыстығы лақтыру биіктігіне тең. Дене қандай биіктіктен лақтырылған?
|
https://phet.colorado.edu/sims/html/projectile-motion/latest/projectile-motion_en.html
Ноутбуктер.
Ұшатын бөлшектерді модельдеу:
http://phet.colorado.edu/en/simulation/projectile-motio n
немесе
http://phet.colorado.edu/files/activities/3193/Projectiles-student.doc
|
Барлық оқушылар:
Тақырыпты меңгереді
Оқушыларды көпшілігі:
Есептерді шығарады
Кейбір оқушылар:
Қосымша тапсырмаларды орындайды
|
Тексеру парақтары
Шапалақтау
Бағалау парақтары
Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету
Формативті бағалау (жетістік критерийлері арқылы)
|
Көз жаттығуларын орындау
Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау
|