Сабақтың тақырыбы Азияның жетекші дамушы елдері. Қытай



Дата11.11.2019
өлшемі21,88 Kb.
#51532
түріСабақ
Байланысты:
8китай


11- сынып география

Сабақтың тақырыбы

Азияның жетекші дамушы елдері. Қытай.

Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.



Мақсаты

Қытайдың құрамы мен құрылымы, мемлекеттің қалыптасу тарихы мен геосаси жағдайы, табиғаты және табиғи ресурстары, халқы туралы білім беру.

Жұмыс нәтижесі

Қытайдың мемлекеттік құрылымы туралы, табиғат жағдайы мен табиғат ресурстары туралы, халқы туралы біледі, өз бетімен жұмыс істеу дағдылары дамиды.

Сілтеме

11-сынып география.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Ғаламтор мәліметтері.

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету:

Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;

АКТ-ны қолдану;

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;


Ресурстар

Оқулық, дәптер, атлас,ноутбук, стикер, түрлі- түсті қағаздар, электронды оқулық.

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут



Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма


ЕСІҢЕ ТҮСІР!

  1. Қытай ауданы бойынша дүние жүзінде нешінші орында.

  2. Қытайда қандай ірі географиялық обьектілер бар?

  3. Қанша халық тұрады?

1-қадам: «Білу» тапсырмаларын меңгерту

1-топ. Құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы.

2-топ. Қытай мемлекетінің қалыптасу тарихы мен геосаяси жағдайы.

3-топ. Табиғаты және табиғи ресурстары.

4-топ. Халқы. Тұрмысы мен мәдениеті.

Постермен жұмыс.


2-қадам: «Түсіну» тапсырмаларын меңгерту

Себебін анықта.

    1. Неліктен Қытай мемлекетінің құрамы күрделі?

    2. Неліктен географиялық тұрғыдан орналасқан жері эканомикасына қолайлы болып келеді?

    3. Цинь империясының тақтан таю себебі неде?

    4. Неліктен Қытай мен Үндістан соғысты?

    5. Неліктен Қытайдың климаты әркелкі болып келеді?

    6. Қытайдың бастыс бөлігінің климаты не себепті қатаң әрі өте континентті болып келеді? (биік таулы жер бедері, теңіздерден қашық орналасуы)

    7. Қытайдың шығысында неліктен су тасқыны болады?

    8. 1949 жылдан бастап Қытайда не себепті халық саны көбейе бастады?

    9. Қалайша Қытайда материкішілік аудандары арқылы көп сатылы және жан-жақты қарым –қатынас қалыптасты.

3 қадам: «Талдау» тапсырмаларын меңгерту

«Ти» кестесі

Қытай

Ортақ белгілері

Жапония

Көлемі жөнінен 3-ші орында

Халқының санынан 1-ші орында т.б.



Солтүстік жарты шарда

Еуразия құрлығында т.б.




Аралдық

«Үлкен жетілікке» кіреді

т.б.





4 қадам: «Жинақтау» тапсырмаларын меңгерту

Сандар сөйлейді.

  1. 23, 5, 3 (23 провинция, 5 автономиялық аудан, тікелей орталыққа бағынатын 3 қала)

  2. 9,6 млн км2 , 22800 км (ауданы, құрлықтағы шекарасы.)

  3. 5 ерекше экономикалық аудан. (Шэньчжен, Чжухой, Шаньтоу, Сямень, Хайнань)

  4. 15-ғасыр (Қытай аумағында алғашқы тәуелсіз мемлекет қалыптасты.)

  5. Б.з.д. 221 жыл (Цинь империясы құрылды)

  6. 1912 жыл 12 ақпан (императорлық әулет республикамен ауыстырылды)

  7. 1949 жыл 1 қазан (ҚХР құрылды)

  8. 250 мм, 2000 мм (батыстың және шығыстың жауын шашын мөлшерлері)

  9. 541 млн 670 мың (1949 жылғы халық саны)

  10. 1969 жыл (халық саны 806 млн 710 мың адамға жетті)

  11. 17,2 пайыз (1995 жылы туу коэфиценті)

  12. 67, 69 жас ( 67 –ерлердің, 69- әйелдердің орташа өмір сүру жасы)

  13. 1995 жыл, 1 млрд. (ханьдықтар)

  14. 35 пайыз (1990 жылдардың ортасында қала халқының үлесі)

  15. 40 (40 –қа жуық миллионер қалалар бар )




5-қадам: «Қолдану» біліктілігін қалыптастыру

Картадан (атластан) қытай аумағында кездесетін географиялық обьектілерді тап.


6-қадам: «Баға беру» біліктілігін қалыптастыру

Қалай ойлайсың?

Қытай халқының урбандалу дәрежесіне, қала агломерацияларының пайда болуына не әсер етті?




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет