Сабақтың тақырыбы: Қазтуғанның қонысымен қоштасуы/әдеби-теориялық талдау/. Уақыты: 22. 10. 2019ж



Дата29.01.2020
өлшемі65,1 Kb.
#56792
түріСабақ
Байланысты:
Қазтуған 2-сабақ


Пәні: Қазақ әдебиеті


Мектеп: №10 ЖББОМ

Сабақтың тақырыбы:

Қазтуғанның қонысымен қоштасуы/әдеби-теориялық талдау/.

Уақыты: 22.10.2019ж

Мұғалімнің аты – жөні: Жайман М.Н

Сынып: 7 «Ә» «В»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты

7.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

Сабақ түрі

Қайталау сабағы

Сабақтың смарт

мақсаты


Оқушылардың барлығы:

1.Автордың іс-әрекеттерін анықтай алады;

2. біледі;

3. Авторы бейнесіне талдау жасай алады;



Оқушылардың көбісі:

1. Автордың толғауларын оқи отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады;

2. Автор толғауларының құрылымын түсінеді және өз пікірімен байланыстыруға дағдыланады.

Оқушылардың кейбірі: 1.Автор толғауына өз ұстанымын білдіріп, қорытындылайды, дербес ой білдіреді.

2.Қазтуған толғауында көтерілген мәселеге қатысты көзқарасын қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтер арқылы дәлелдейді.

3. Автор шығармашылығында кездесетін метафора, теңеу, образды сөздерді сәйкесінше табады.

4.Жиембет жыраудың шығармашылығымен үндестігін мысал келтіре салыстырады.



Бағалау критерийі


Автор бейнесін анықтап, талдау жасайды, Жиембет жырау шығармашылығымен салыстыра алады.

Пәнаралық байланыс

Тарих

АКТ мүмкіндіктері

Таныстырылым, слайд, таратпа қағаздар

Алдыңғы білім


Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин


І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік критерийімен таныстыру.

«Қазтуған» сөзіне, яғни авторға ассосация жасату, оқушының толғаулар желісі бойынша меңгергенін тезис құру арқылы байқау. Тарихи тұлға екенін айқындау (тарих пәнімен сабақтастық)







ҚАЗТУҒАН



Power Point бағдарлама

сындағы таныстыры

лымның 1,2,3-беттері

Power Point бағдарлама

сындағы таныстыры

лымның


4-беті


Сабақтың ортасы

25 мин


5 мин





Мағынаны тану кезеңі.

Кілт сөздерді дәптерге жазып алу.



«Өрмекші» ойыны арқылы автордың толғауларындағы өзінің бейнесін тануына ықпал ету.

Сыныптағы оқушылар төрт-төрттен топтарға бөлінеді. 1,2,3,4 деген белгілерді тағып алады. Әр түрлі деңгейлік тапсырмамен 4 үстел қойылған, әр үстелден 3 деңгейдегі сұраққа үлгергенінше жауап жазып қалдырады. 1-үстелдің тапсырмасын орындап болған соң келесі үстелдің тапсырмасын орындайды. Сабақ барысында оқушы 4 үстелдегі сұрақтарға жауап беруі тиіс. Тапсырманы орындау кезінде кілт сөздерді қолдану, яғни Жиембет жыраумен салыстырған сәтте буын, бунақ, ұйқас ерекшелігіне, тіл көркемдігіне тоқталу. Әр үстелдегі тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Соңынан мұғалім жинап алып, бағалайды. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Дифференциация.

І деңгей тапсырмалары.


  1. «Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалған бір тоқты,

Жайылып мың қой болған жер» деген үзіндіде автордың не айтқысы келгенін түсінуге болады? Бұл қай жырынан еді?


  1. «Белгілі бір көк сеңгір» толғауын қазіргі заманмен байланыстыра суреттеңіз.

  2. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет қай толғауында елес береді?

ІІ деңгей тапсырмалары.

  1. Қазтуған жырау толғауларымен таныса отырып, автордың нені арман еткенін байқадыңыз ба?

  2. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауының астарлы мазмұнын ашыңыз.

  3. Қазтуған жырау мен Жиембет жыраудың шығармашылығын салыстырыңыз.

  4. Қазтуған жырау мен Жиембет жыраудың көзқарасының бір екендігін толғаулары арқылы салыстырып дәлелдеңіз.

ІІІ деңгей тапсырмалары.


  1. «Мадақ жыры» толғауының мазмұнын ашыңыз.

  2. «Құйрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп» деген қатарда жырау қандай әдеби тәсіл қолданған? Теорияны мысалмен келтіре дәлелдеңіз.

  3. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жағымды етіп қолданған тәсіл қалай аталады? Қай толғауында қолданады? Үзінді келтіріңіз.

  4. Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Мысал келтіріңіз.

  5. Қазтуған шығармашылығын 1 шумақ өлеңмен сипаттаңыз.

Дескриптор:

Бағалау критерийі

Дескрипторлар


Автор бейнесін анықтап, талдау жасайды, Жиембет жырау шығармашылығымен салыстыра алады.

1.Оқушы 3 деңгейдегі тапсырманың әрқайсысынан кем дегенде 2 орындайды;

2.Оқушы әдеби теориялық терминдердің ережесін біліп, сабақта тиісінше қолданады;


3.Оқушы автордың бейнесін толғаулары арқылы сипаттайды;

4.Оқушы автордың толғауларын Жиембет жыраудың шығармашылығымен орынды салыстырады



Power Point бағдарлама

сындағы таныстыры

лымның


5-беті

Power Point бағдарлама

сындағы таныстыры

лымның


6-беті

Таратпа қағаздар



Сабақтың соңы

5 мин


5 мин

Ескерту!

45 минут жалпы білім беретін мектеп уақытына сай құрылды

Бекіту кезеңі.

Дифференциация. Шығармашылық жұмыс: Ақылдың алты қалпағы арқылы қорытынды пікір айтады.

1)Ақ қалпақта-Менде қандай ақпарат бар? Қазтуған жыраудың шығармашылығы жайлы мәлімет беру.

2) Сары қалпақ-«Мадақ жыры» толғауында жыраудың өзіне берген сыни бағасы қандай?

3)Қызыл қалпақ- ақын өзіне неге ода арнаған?

4) Жасыл қалпақ- «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауында жырау бейнесі қалай көрініс табады?

5) Қара қалпақ жағымсыз. Жыраудың өз-өзіне берген мадақтауын қалай қабылдадыңыз?

6) Көк қалпақ-Қазтуған жыраудың келер ұрпаққа берген өсиеті жайлы айтыңыз.


Үйге тапсырма: «Қазтуған жырау толғауларындағы автор бейнесі» тақырыбында қосымша ізденіп, 100 сөз көлемінде мәтін жазу.
Оқушылармен қоштасу. Сабақтың аяқталғанын ескерту.

Power Point бағдарлама

сындағы таныстыры

лымның

7-беті


Power Point бағдарлама

сындағы таныстыры

лымның

8-беті




Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Мақсат бойынша саралау

Мәтін бойынша саралау



Өзара бағалау

Өзін-өзі бағалау



Пәнаралық байланыс: тарих

Рефлексия
Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар жинақы мәтін жасауды, топта үйренді, алдағы уақытта олар, жеке жасап жаттығады. Уақытымды үнемді пайдалана алдым,өйткені жоспарлаған әркеттер орындалды. Дифференциациялық тапсырмалар бұл сабақта жоспарланған жоқ.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:
2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:
2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет