Сабақтың тақырыбы: Б. Момышұлының өмірі. Мұғалімі: Битингалиева Ляззат Есеновна



Дата13.08.2017
өлшемі28,11 Kb.
#23591
түріСабақ

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша

  • Сабақтың тақырыбы: Б.Момышұлының өмірі.
  • Мұғалімі: Битингалиева Ляззат Есеновна
  • қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл және қазақтың хас батыры Б. Момышұлының туғанына 105 жыл толуына орай 10 «Б» класында қазақ тілі пәнінен өткізілген сабақ

Сабақтың тақырыбы: Б.Момышұлының өмірі.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Есімше мен көсемшеден өткенді Кеңес Одағының Батыры, даңқты жауынгер Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығын сабақтастыра отырып қайталау. Жүйелеу. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, білім, іскерлік дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Жауынгер жазушының шығармалары арқылы оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Мақал – мәтел, нақыл сөздер негізінде оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, математика. Түрі: өнеге сабақ.

Көрнекіліктері:

Сабақтың барысы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі.
  • (Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын, әзірліктерін тексеру.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
  • 1.Есімше туралы не білеміз?
  • 2.Есімше қалай жасалады?
  • 3.Есімше түрлене ме? Септелуіне, тәуелденуіне мысал келтіріңдер.
  • 4.Есімше сөйлемде қандай мүше бола алады?
  • 5.Көсемше дегеніміз не?
  • 6.Көсемшенің жұрнақтарын ата.
  • 7.Көсемше қалай түрленеді Мысал келтіріңдер.
  • 8.Көсемшенің сөйлемдегі қызметі туралы не айтасыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • ІІІ. Жаңа сабақ.
  • 1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, айдарымен таныстыру.
  • Кіріспе сөз. Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы: Бауыржан Момышұлының өмірі.
  • Б.Момышұлы – Ұлы Отан соғысына қатысқан халық батыры. Соғыста дивизия командирі болған. Сондай-ақ Б.Момышұлы – жазушы.
  • Бауыржан еңбектерін орыс-қазақ тілдерінде жазған. Қазақ тілінде «Төлеген Тоқтаров», «Ел басына күн туса» т.б. орыс тілінде «Біздің семья», «Москва үшін шайқас», «Офицер жазбалары», «Соғыс психологиясы» т.б. кітаптары бар.
  • Жазушы өзінің балалық шағы, туған үйі, туған жері туралы «Ұшқан ұя» кітабын жазған. Келіні Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер» атты Б.Момышұлы туралы естелік жазған.
  • Сондай – ақ жазушы Әзілхан Нұршайықовта Б.Момышұлы туралы «Ақиқат пен аңыз» атты кітап жазған (кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстыру).

2. ( Оқушылардың назарын тақтаға аудару)

  • 2. ( Оқушылардың назарын тақтаға аудару)
  • Сабақтың эпиграфы:
  • «... Халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мәңгі жасап, ұрпаққа ұран, елге мұра болып қала бермек».
  • (Н.Назарбаев)

3. (Оқушылардың дәптерлеріне күннің жадын, сабақтың тақырыбын, айдарын жазғызу. Сабақтың айдарында берілген сөйлем ішінен есімше, көсемше, тұлғалы, етістіктерді тауып, астын сызғызып, жүрнағын белгілету).

4. ( Ой шақыру стратегиясы.)

  • 4. ( Ой шақыру стратегиясы.)
  • Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
  • 1.Ұлы Отан соғысы қай жылы басталып, қай жылы аяқталды? (1941-1945 ж)
  • 2. Отанымызды жаудан қорғаған қандай батырларды білесіңдер? (М.Маметова, Ә.Молдағұлова, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов).
  • 3. Биыл соғыстың аяқталғанына неше жыл толайын деп отыр? (70 жыл)
  • 4. Б.Момышұлы биыл нешеге толады?
  • (105 ге)
  • 5. Ауылдағы өздерің білетін соғыс ардагерлерін атаңдар.
  • Ұлы Бақытжан, келіні Зейнеп, немере, шөберелері
  • 1910-1982
  • Б. Момышұлы мен
  • батальон штабының аспазы Ж. Файзиев

Шөберелері Нұрсұлтан, Мәдияр

  • Шөберелері Нұрсұлтан, Мәдияр
  • Немересі Ержан Келіні Анар
  • Ұлы Бақытжан Келіні Зейнеп
  • Бауыржан Бибіжамал
  • Әкесі Момыш Анасы Рәзия
  • Атасы Имаш Әжесі Қызтумас

6. Сөздік жұмысы (сөздік дәптерлеріне тақтадан жаңа сөздерді жазғызу, оқыту).

  • 6. Сөздік жұмысы (сөздік дәптерлеріне тақтадан жаңа сөздерді жазғызу, оқыту).
  • Қарапайым отбасында – в простой семье.
  • Запастағы командир – командир в запасе.
  • Даңқты – славный.
  • Басшылығымен – под руководством.
  • Жасақталған – вооруженный.
  • Құрамында – в составе.
  • Шеберлігімен – мастерством.
  • Шығармашылық жұмыспен – творческой работой.

7. Мәтінді оқу (Қомпьютерден мәтінді ашып, оқу).

  • 7. Мәтінді оқу (Қомпьютерден мәтінді ашып, оқу).
  • Мәтін «Бауыржанның өмірі».
  • Б.Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш. Шешесі – Рәзия.
  • Отбасында 4 қыздан кейін Бауыржан дүниеге келіпті. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде бір жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, интернатта жатып, үш жыл оқып, бастауыш мектепті бітіреді.
  • 1921 жылы Шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Ауылда біраз уақыт мұғалім болған.
  • Кезекті әскери қызметін өтеуге шақырылып, бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. 1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал – майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, полк командирі қызметін атқарады. Соғыс кезінде ерлігімен, шеберлігімен көзге түседі. 1956 жылы отставкаға шыққан Бауыржан шығармашылық жұмыспен айналысады. Ел тәуелсіздік алғанннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Бауыржанға «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.
  • Кеңес Одағының батыры Б. Момышұлының туғанына 100 жыл толуына орай Мәскеудегі мектептердін бірі батыр есімімен аталатын болды.

8. (Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру)

  • 8. (Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру)
  • 1. Б.Момышұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
  • 2. Әке – шешесінің аттары.
  • 3. Жеті жылдық мектепке қай жылы түсіп, қай жылы бітірді?
  • 4. Кімнің басшылығымен майданға аттанды?
  • 5. Ол қай дивизияның құрамында болды?

9. Мазмұнын өз сөздерімен айту.

  • 9. Мазмұнын өз сөздерімен айту.
  • 10. Мәтін ішінен есімше, көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, дәптерге жазу. (келген, келіпті, таныған, оқып, келіп, түсіп, бітіреді, болған, жасақталған, аттанады, т.б.).

ІV.(Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру) 1. Енді балалар, Б.Момышұлының жазып қалдырған өсиет сөздерін жазып, есімізде сақтап жүрейік. (Интерактивті тақтаға жазғызу).

  • а) Тәртіпті бала – елдің ұлы.
  • ә) Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт
  • қасиетінің нағыз басты белгісі.
  • б) Ақылдың артықтығы, кеңестің
  • көптігі жоқ.
  • в) Кітап - әлемнің азаматы.
  • г) Өтірік – барып тұрған зиянды у.

2.( Б. Момышұлының құрастырған жұмбақтарын шешейік) Жұмбақтар

  • 1. Алғашқысы суытады өлкені,
  • Екіншісі жылытады, жер кеуіп.
  • Үшіншісі көк теңізге бар дейді,
  • Төртіншісі ұсынады бар дәмді.
  • (Жылдың төрт мезгілі)
  • 2. Он екі ағайын бірінен соң бірі жүреді,бірақ таппайтынын біледі.
  • (12 ай)
  • 3. Жылына кім төрт рет ауыстырар киімін.
  • (Жер)

3. Көбейту амалымен Бауыржан атамыз шығарған мақал – мәтелдерді оқиық.

  • 3. Көбейту амалымен Бауыржан атамыз шығарған мақал – мәтелдерді оқиық.
  • (кесте компьютерде берілген).
  • 4
  • 1
  • 8
  • 6
  • 2
  • 5
  • е
  • і
  • о
  • с
  • й
  • 3
  • з
  • л
  • б
  • м
  • д
  • 7
  • р
  • ы
  • ж
  • ұ
  • т
  • 9
  • г
  • а
  • 20. 3. 30. 5. 12. 20. 28 24. 40. 3. 18. 9. 10. 6. 7.
  • 56. 42. 28. 14. 30. 7. 12. 56. 5. 36. 5. 14. 24. 40. 3. 18. 9. 10. 6. 7.
  • 2
  • 3
  • 5
  • 7
  • 8
  • 1
  • ү
  • т
  • ш
  • н
  • е
  • 4
  • о
  • қ
  • а
  • і
  • ң
  • 5
  • с
  • к
  • й
  • м
  • 8. 3. 20. 7. 2. 5. 28. 7 8. 3. 12. 20
  • 3. 2. 10. – 15. 2. 25. 35. 8. 25. 10. 28. 32.
  • 3
  • 5
  • 2
  • 6
  • 8
  • 1
  • т
  • е
  • ө
  • з
  • п
  • 4
  • д
  • і
  • г
  • ы
  • с
  • 7
  • л
  • ү
  • р
  • о
  • а
  • 3. 20. 21. 12. 5. 3. 35. 21. 5. 8. 2. 6. 8. 5. 14. 20. 8.
  • 2. 32. 20. 8. 42. 3. 24. 14. 56. 12. 24
  • 2
  • 4
  • 5
  • 7
  • 1
  • е
  • а
  • с
  • і
  • 3
  • р
  • к
  • т
  • з
  • 6
  • д
  • н
  • ы
  • қ
  • 8
  • й
  • у
  • 15. 2. 12. 5. 7. 21. 12. 2. 24. 15. 2. 21. 2. 12. 4. 6. 15. 30. 42,
  • 4. 6. 5. 30. 21. 12. 4. 24. 4. 16. 32. 4. 24. 4. 6. 15. 30. 42.
  • 2
  • 4
  • 5
  • 7
  • 1
  • е
  • а
  • с
  • і
  • 3
  • р
  • к
  • т
  • з
  • 6
  • д
  • н
  • ы
  • қ
  • 8
  • й
  • у
  • 15. 2. 12. 5. 7. 21. 12. 2. 24. 15. 2. 21. 2. 12. 4. 6. 15. 30. 42,
  • 4. 6. 5. 30. 21. 12. 4. 24. 4. 16. 32. 4. 24. 4. 6. 15. 30. 42.

Жауаптары:

  • Жауаптары:
  • А) Елсіз ер болмайды,
  • Жұртсыз жігіт болмайды.
  • Ә) Отан үшін отқа түс –
  • күймейсің.
  • Б) Тіл де түлеп, өзгеріп, өсіп
  • отырады.
  • В) Тексізден тезек артық,
  • Арсыздан айуан артық.

V. Дамыту технологиясы бойынша Б.Момышұлы туралы кластер құрғызу.

  • Батыр
  • Педагог
  • Полк
  • командирі
  • Жазушы

VІ. Балалар, (ой – қозғау стратегиясы бойынша) Б.Момышұлы

  • VІ. Балалар, (ой – қозғау стратегиясы бойынша) Б.Момышұлы
  • туралы не білесіңдер? (Оқушылар білетіндерін айтады).

VІІ. Сабақты қорытындылау үшін үш жақты күнделікті пайдаланамыз.

  • VІІ. Сабақты қорытындылау үшін үш жақты күнделікті пайдаланамыз.
  • Білемін
  • Үйрендім
  • Білгім келеді?
  • Б.Момышұлы батыр.
  • Б.Момышұлы –
  • жазушы, ұстаз.
  • Нақыл сөздері, мақал, мәтелдері, жұмбақтары.
  • Б.Момышұлы жайлы кітап оқығым келеді Қазақстаннан шыққан басқа батырлар туралы білгім келеді.

VIІІ. Сабақты аяқтау.

  • VIІІ. Сабақты аяқтау.
  • Құрметті балалар! Сабағымызды Бауыржан аталарыңның тілегімен аяқтаймыз.
  • Отанды сүйер ұлан болыңдар!
  • Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!

IХ. Үйге тапсырма. Мәтінді мазмұндау. Нақыл сөздерді жаттау.

  • IХ. Үйге тапсырма. Мәтінді мазмұндау. Нақыл сөздерді жаттау.
  • Х. Оқушылардың білімін бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет