Бөлім:
|
6.4А Экология және тұрақты даму
|
Педагогтің аты-жөні:
|
Амантаева Нургуль
|
Күні:
|
13.04.22ж
|
Сыныбы: 6
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Баламалы энергия көздері
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
6.5.1.5 энергияны алудың баламалы көздерін ұсыну
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар баламалы энергия көздерінің қандай тәсілмен жүзеге асатынын біледі.
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпы қоғамдық құндылығы:
Құндылықтар:
Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
Ынтымақтастық;
Жауапты азаматтық позиция;
Отбасы мүшелеріне, құндылықтарға деген құрмет;
Өмір бойы білім алу.
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Афирмациялар
«Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді»,« Мен жетістіктің адамымын»,« Менің жағдайым күннен – күнге жақсаруда»
Топқа бөлу
Сыныпты сабақ тақырыбына
байланысты сурет қиындылары
арқылы 2 топқа бөлу.
1 топ Күн энергиясы
2топ Жел энергиясы
Үй тапсырмасын сұрау.
Энергияны тұтыну
|
Оқушылар суреттерді алып екіге бөлінеді
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай- ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.Саралау:_Бұл_жерде_саралаудың__«Жіктеу»'> Саралау:
Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
11 мин
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырадыВидео көрсетілім
/баламалы энергия көздері/
|
1.Жалпы энергия деген не?
2Энегрия бізге не үшін қажет ?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
20 мин.
|
№1-тапсырма
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
№2 тапсырма
|
Оқушылар оқулықтағы берілген мәтіннен екі сауалнама құрастырады
Энергияға байланысты сөздерді үш тілде айтады
|