Сабақтың тақырыбы: Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау Сабақтың мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі53,34 Kb.
#33970
түріСабақ
Бекітемін:

Күні: 31.10.

Пәні: химия

Класы: 8


Сабақтың тақырыбы: Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталап,жинақтап, қорытындылау;

Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу арқылы, оқушылардың ойлау жүйесін дамыту, белсенділіктерін, шығармашылықтарын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : қорыту

Сабақтың типі:қайталау

Сабақтың әдісі : тәжірибе жасау, топпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд, металл үлгілері, Қазақ хандығы туралы мәліметтер.

Пәнаралық байланыс : математика, тарих

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі :1.Оқушылармен амандасу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Психологиялық тренинг “Бүгінгі менің көңіл-күйім .....„
II. Өткен тақырыптарға шолу (Химиялық постер)

Оқушылар жай және күрделі заттарына байланысты топқа бөлінеді.(таңдайды) Топпен жұмыс жасап, әр оқушы дұрыс жауабына қарай мұғалім жетондармен бағалайды.

Топтан екі оқушы шығып, екі билеттің біреуін таңдайды. Химиялық постерлерін билет алу әдісі арқылы қорғайды.
Қазақ хандығы

KEREI, ZHANIBEK, KASIM, TAUKE, ABILAI, TEMIR, BURINDIK, WAIBANI осы хандардың атынан химиялық элементтердің таңбасын шығарып, атын атау керек.


K, Si, S, I, H, N, Ni, U, B, Bi, In, Au, Ba

Бастапқы химиялық ұғымдар

Айша бибі кесенесі, әртекті және біртекті қоспа, Шу мен Талас,2H, 2Ca+O2=CaO,( Al, Na, K т.б.), Алаша хан кесенесі, Mr, (V,II,III,IV,) Керей мен Жәнібек, (найзағайдың күркіреуі, ағаштың жануы т.б.),( Жылудың бөлінуі, сіңірілуі, тұнбаға түсуі) бастапқы химиялық ұғымдарға қатыстысын теріп жаз.



Әртекті және біртекті қоспа, 2H, 2Ca+O2=CaO,( Al, Na, K т.б.), Mr, (V,II,III,IV, т.б.) ,(найзағайдың күркіреуі, ағаштың жануы т.б.),( Жылудың бөлінуі, сіңірілуі, тұнбаға түсуі т.б.)
Мұғалім қазақ хандығына байланысты мағлұмат береді.
III.Қайталау жинақтау
1.“Миға шабуыл„

Қандай химиялық элемент екенін анықтап, оның қазақша немесе латынша аталуын, таңбасын, атомдық массасын жазу






Химиялық элементтер

(қазақша немесе латынша аталуы)



Таңбасы

Атомдық массасы




Литий










Кремний










Аргентум










Мырыш










Купрум










Оттек










Марганец










Бром










калий










натрий








2. “Бос орынды толтыр„
І нұсқа

Ca + … → CaO

HgO → … + …

CuCl2 + … → FeCl2 + …

Mg + HCl… → MgCl2 + …
ІІ нұсқа

+ O2 → BaO



CaCO3 → … + CO2

CuO + … → … + H2O

+ HCl → ZnCl2 + …


3. “Қызықты тәжірибе„

1. Әртекті қоспа екенін дәлелдеу?


2. Біртекті қоспа екенін дәлелдеу?
3. Сөндірілмеген әкті қалай тұнбаға түсіреміз
4. “ Химиялық есептер„

1. 24 г көміртек пен оттек әрекеттескенде оттектің қанша массасы қажет?

2. 20 г кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің зат мөлшері қанша?

3. KCl құрамындағы әр элементтің массалық үлестерін табыңдар?

4. Берілген атомдар санын мольмен өрнектеңдер?

а) 24,02*1023 атом сынап в) 6,02*1023 атом оттек



IV. Білімді қорытындылау

Сонымен оқушылар бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталадық. Қандай тақырыптарды қамтыдық?Осыған байланысты білімімізді қорытындылайық.




Рефлексия кезеңі

Иә

Жоқ

Сабаққа белсенді қатыстым







Сабақ ұнады








Сабақ ұнамады








Сабақтан көптеген қызықты мәлімет алдым








V. Бағалау

Оқушылар жетондармен бағаланады.


VI.Үй тапсырмасы

§1-19 қайталау






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет