Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропа елдері. Пәні: География Оқытушы: Ангсатова А. Т. Тобы: шб-11



Дата08.09.2017
өлшемі60,92 Kb.
түріСабақ
«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

«Бекітемін»

«Жаратылыстану – математика және

информатика» ПЦК жетекшісі

_____________С.А.Калиева

«____»__________2017 ж.



«Жаратылыстану – математика және информатика» ПЦК апталығында өткізілген ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропа елдері.

Пәні: География

Оқытушы: Ангсатова А.Т.

Тобы: ШБ-11

Кабинеті: 210

Күні: 26.01.2017ж.

Уақыты: 0940-1025

Ақтау

Сабақтың тақырыбы: Батыс Еуропа елдері.

Сабақтың мақсаты:
Білімдік: білім алушыларды Батыс Еуропа елдерімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
Дамытушылық: білім алушылардың сөз қорын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын және тез ойлауға, өз пікірін айтуға дағдылындару.
Тәрбиелік: білім алушыларды топпен жұмыс жасауға бір - бірінің пікірін тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас, ойын технологиясы

Сабақтың технологиясы: ойын технологиясы, СТО.

Әдіс-тәсілдер: топпен жұмыc, әңгімелесу, өзін-өзі бағалау.

Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің картасы, атлас, слайд, интербелсенді тақта, бағалау парағы, смайликтер.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, қоғамтану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

2.1. Географиялық викторина (сұрақтарға жауап беру) (4 мин.)


2.2. Үй тапсырмасын сұрау. «Постер құрастыру» (10 мин.)

ІІІ. Негізгі бөлім.

3.1. Жаңа тақырыпты жұмбақтап ашу (3 мин.)

3.2. Жаңа тақырып түсіндіру (10 мин.)

ІV. Бекіту
4.1. «Картаны жина» ойыны (3 мин.)

4.2. Электрондық оқулықтың тапсырмалары (5мин.)



V. Сабақты қорытындылау.

4.1. Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны (3 мин.)


VІ. Бағалау.

5.1. Білім алушылар өздерін бағалайды.( 5 мин.)

5.2. Үй тапсырмасын беру. (2 мин.)

І. Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлу, сабаққа дайындығын қалыптастыру.



ІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

2.1. Географиялық викторина (сұрақтарға жауап беру)

Әр топтан 2 студенттен кезекпен ойынға шақырылады. Ойынға шақырылған команданың мүшесі карточка таңдап, ішіндегі сұрағын дауыстап оқып сол бойда жауап береді, жауап бере алмаса қарсы команданың мүшесі жауап береді.



Сұрақтар:
1.Жоғары дамыған «Үлкен жетілік» елдерді ата?(АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада)
2.Әлемдегі ең беделді халықаралық ұйым? (Біріккен Ұлттар Ұйымы – атауды бұрынғы 1919 жылы құрылған «Ұлттар Лигасының» орнына АҚШ президенті Франклин Рузвельт енгізді )
3.Дүниежүзілік нәсілдерді ата?(еуропеид (еуропалық), монголоид (моңғол тектес), негроид (экваторлық)),
4.Дүниежүзі елдерінің діни құрамы (христиан, ислам, буддизм).
5. Дүниежүзілік көлік георграфиясының салалары? (әуе, су жолы, құрлық көлігі, құбыр және автомобиль)

6. Химия өнеркәсібі қашан және қай мемлекетте пайда болды?

7. Халықтың ұдайы өсуіне әсер ететін факторларды ата.

8. Мемлекет дегеніміз не? Мемлекет басқаруы бойынша жіктелуі?


2.2. Үй тапсырмасын сұрау. «Постер құрастыру» (10 мин.)

Әр топ берілген интеграцияға толық ақпарлама беру қажет. Постердің таза, берілген тақырыпқа сай орындалуына және оны қорғау сапасына баға қойылады. Постер құрастыруға 2 мин, қорғауға әр топқа 2 мин уақыт беріледі. 1 топ – ЕО; 2 топ – НАФТА; 3 топ – АСЕАН; 4 топ – ОПЕК.



ІІІ. Негізгі бөлім
3.1. Жаңа тақырыпты жұмбақтап ашу (2 мин.)
1. Бұл ел өз елін «гексагон»(алтыбұрыш) деп атайды бұл ел өзінің ұлттық асханасымен ерекшеленеді.айтулы тамақ ретінде жұпар иісті шөптермен қуырылған құрбақаның аяқтары таңқалдырады.бұл елде ірімшікті сүймейін адам жоқ шығар.(Франция)
2. Бұл елде өздерінің ұлттық әдет –дәстүрлерін сақтап қалған. Қазіргі кездің өзінде ортағасырлық киім үлгілері сақталған.Мысалы сот кезінде заң өкілдері міндетті түрде парик пен мантия киюі қажет болса,ежелгі университеттерінің профессорларын қызғылт астарлы қара мантия мен төртбұрышты бас киіммен көруге болады.Ұлттық мерекелер кезінде ер адамдар мен жасөспірімдер дәстүрлі шақпақ өрнекті белдемше (килт),аяғына темір таспалы дөрекі башмак киеді. (Ұлыбритания)
3. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Үштік Одақ құрған және 1914 жылы Шлиффен жоспарын құрып, «Сыра бүлігін» ұйымдастырған, 1918жылы Компьен орманында тізе бүгіп, 1939 жылы 1 қыркүйекте Екінші дүниежүзілік соғысын ашып, 1941 жылы «Барборосса» жоспары арқылы КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасаған ел. (Германия)

3.2. Жаңа сабақ туралы мәлімет беру.( 10 мин.)

Еуропа – (гр. Europa, семит тілінің «эреб» батыс деген мағынаны білдіреді. Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азия мен бірге Еуразия құрлығын құрайтын әлем бөлшегі. Ол құрлықта Орал тауы Жем өзенін бойлай Каспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч өзендері бойымен Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздеріне ұласады. Одан арғы шекарасы Босфор бұғазы арқылы Мәрмар теңізіне, Дарданель бұғазы арқылы Адриат теңізі, Жерорта теңізі, Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитына шығады. Еуропа солтүстігінде – Солтүстік мұзды мұхитпен (Ақ, Баренц, Балтық, Солтүстік, Норвег теңіздерімен. Оңтүстігінде – Жерорта, Тиррен, Адриат, Эгей, Қара, Азов теңіздері шайып жатыр.

Аумақтың жер бедері тегіс жазық болып келеді, жер аумағының 17% ға жуығын таулар алып жатыр. Климаты – қоңыржай, солтүстігінде – арктикалық және субарктикалық ал оңтүстігінде субтропикті белдеу қалыптасқан. Топырағы құнарлы, жері жасыл болып келеді. Жер шарындағы құрлықтың 4% алып жатырғанына қарамастан Еуропа халқы тығыз орналасқан аймақ. Халқының саны 2010 жылғы дерек бойынша 740 млн адамды құрайды. Еуропаның көптеген елдерінде христиан дінін ұстанады. АҚШ пен Жапония Батыс Еуропа дүниежүзілік экономикалық бәсекелестіктің басты үш географиялық орталықтарының бірі, бірақ басқалардан ерекшілі оның көп ұлттылығында. Аталмыш аймақ әлемдік өркениеттің ең басты ошағы және дүниежүзілік экономикалық дамудың негізгі орталығы. Ол ұлы географиялық ашылулар, өндірістік ревалюция мен халықаралық интеграция отаны ретінде белгілі.


ІV. Бекіту

4.1.«Картаны жина» ойыны.

Дүниежүзілік туризм орталықтары Норвегия, Германия, Испания, Франция елдерінің картасын төрт топтан төрт білім алушы шығып тез арада құрастырып,топпен бірге ақылдасып, мәлемет айтуы керек.


4.2. Электрондық оқулықтың тапсырмаларын орындау.

Әр топтан бір студенттен шығып кезекпен электрондық оқулықтың тапсырмаларын орындайды. Студенттердің тапсырманы дұрыс орындауы ескеріледі.




V. Сабақты қорытындылау.

5.1. Кері - байланыс әдістерінің бірі: «Тазалық» ойыны
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда суреттер салынған: Чемодан(суреті) Қоқыс жәшігі (суреті) Еттартқыш (суреті). Студенттер бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).

VІ. Бағалау.

Білім алушыларға бағалау парағы беріледі, сабаққа қатысқаны бойынша өздерін бағалайды.


Үй тапсырмасы:

  1. Әр топқа жеке тақырыпша беріледі 1. Орт.Еуропа, 2. Шығыс Еуропа, 3. Солт.Еуропа, 4. Оңт. Еуропа аймақтарындағы елдеріне презентация,сөзжұмбақ құрастыру.

  2. «Батыс Еуропа елдері» контур картаға түсіру.


Әдебиеттер:
1. Т.Увалиев, Е.Ахметов, Қ.Ахметов «Қазіргі дүние географиясы» Алматы «Мектеп» 2011ж.

2. Максаковский В.П. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы Мектеп, 2004



3. География. Дүние жүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. 10-сынып 2014 ж.
География. Дүниежүзіне аймақтық шолу. 11-сынып 2015 ж.

Каталог: uploads -> doc -> 03f6
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03f6 -> №11 Тақырып Ар – намыс керек адамға Құндылық
03f6 -> Қош келдіңіздер!
03f6 -> Сабақ Пән: қазақ тілі Тақырып: Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан.Ұлттық аспаптар. Кірме сөздер. Пән мұғалімі: Жамантаева Сәуле Ғабделмәлікқызы Сынып: 7
03f6 -> Сабақ : С. Мұратбеков. «Қылау» әңгімесі 6
03f6 -> Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік – тәтті ұғым таңдайдағы. Сабақтың мақсаты
03f6 -> Сабақтың тақырыбы: Адам мəдениет жасаушысы Жалпы мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу