2. Суреттер сөйлейді. (студенттер тақтада берілген суреттерді қандай тіршілік үшін күрес түріне жататындығын анықтау)
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру “Ой қозғауˮ ассоциация құру, болжам жасау. Берілген тапсырма арқылы топ болып нұсқаулық құрастыру.
Бейімелушілік (қорғану, жасырыну, көндігу, табиғи орта, бір жерге үйрену)
Нұсқаулық құрастыру әдісі арқылы тақырыпты ашу.Топта мәтінді оқып. Өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады, бір-біріне толықтырып түсіндіреді. Берілген тапсырма бойынша нұсқаулық құрастырып, қорғайды.
Бейімделушілік – адаптация- тірі организмдердің тіршілік ету ортасына түрліше бейімделуінің пайда болуына негізгі себебі-табиғи сұрыпталу. Бейімделушілік дайын күйінде бірден пайда болмайды, ұзақ жылдар бойы қалыптасады.
Бүркеніш рең -жауы тез байқайтын ашық жерде тіршілік ететін ағзалардың жауынан қорғануы үшін қажет болып табылатын бейімделушілік.
Сақтандырушы рең - әсіресе улы, шағатын, күйдіретін жәндіктерге тән. Реңдері бірден көзге түсетін, есте сақталып қалатындай өте ашық, түрлі түсті айқын бояулы. Сақтандырушы рең жыртқыштардың қорқыту үшін жасалған мінез-қылығымен үйлесімді әрекет жасайды.
Қызықтырушы рең- бұл рең әсіресе көбейер кезде пайдалы. Жайшылықта реңдері тіршілік еткен орта жағдайына ұқсас болып, жауына байқалмайды.
Қауіп төндіруші рең - кейбір жануарлар қауіп төнген кезде айбар шегіп, денесін әр түрлі пішінге келтіре алады.
Еліктеуші рең - (мимикрия; грекше «mimikos» - еліктегіш) – өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттың белгілі бір өлі затына және тірі организмдерге еліктеуі.
«Көңілді жаттығу» сергіту сәтін орындау. Сергіту сәті (дыбыстарды тыңдау)
Әртүрлі жануарлардың дыбысын естіп бейімделушіліктің қай түріне жататынын анықтау.
ІV.Бекіту: Синквейн- 5 жолды өлең жазу әдісі
1. Зат есім- Бейімделушілік.
2. Сын есім-Қауіпті, көрнекі.
3. Етістік-Қорғанады, сақтанады, жасырынады.
4. Сөз тіркесі-Табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі
5. Синоним-Үйрену, бейімделу.
V. Сабақты қорытындылау: нұсқаулық арқылы (Венн диаграммасы)
Бейімделушілік Тіршілік үшін күрес Жануарлар арасындағы қарым-қатынастың күрделі жиынтығы Жануарлардың сыртқы орта жағдайларына бейімделуі
Табиғи сұрыпталудың бір түрлері
VІ. Бағалау: Баланс дөңгелегі
VІІ. Үй тапсырмасы: § 10. 58-63 бет.
Кесте толтыру
р/с
Өсімдіктер
Бейімделу сипаты
Таралу жолдары
Рефлексия:Кері байланыс баланс дөңгелегі
Колледж: Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі Оқытушы: Куспанова Л.У.