Мерзімі: 24.12.2016
Сабақтың тақырыбы: Білекті бірді, білімді мыңды жығар
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ)
Сабақтың әдісі: Ойын элементтер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу.
Сабаққа назарын аудару.
Құрамында 10 оқушы болатын екі топ қатысады. Сыныптың ұлдары мен қыздары қатысады. Қыздар тобы - «Гүлдер», ұлдар тобы - «Ұлағат».
Сайыс 7 айналымнан тұрады.
I айналым: «Сәлем - сөздің анасы».
II айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»
III айналым: «Анаграмма»
ІҮ айналым: «Ойлан тап»
Ү айналым: «Кім жылдам?»
ҮІ айналым: «Білімділер патшалығы»
ҮІІ айналым: Қорытынды
I айналым: «Сәлем - сөздің анасы»
Бұл шартта сыныптың ұлдары мен қыздары екі топқа болініп, топтарының атын қорғап, сәлемдеседі
II айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»
Бұл шартта оқушылар әдептілік, достық, қыздар мен ұлдар туралы мақал - мәтелден жарысады.
III айналым: «Анаграмма»
Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек.
Кесіб - бесік
Иот - той
Арыбмод - домбыра
Саж - жас
Анызақ - қазына
Екерем - мереке
Ысабот - отбасы
Сытай - айтыс
Келйокит - иткөйлек
Зыбоқ - қобыз
ІҮ айналым: «Ойлан тап»
Қымыз - түйенің сүті ма?
Қыз қуу - қазақтың ұлттық ойыны ма?
Наурыз жаз айында басталады ма?
Абай - қазақ халқының ұлы ақыны ма?
Қазақстанның Астанасы - Алматы қаласы ма?
Қуырдақ қазақтың ұлттық тағамы ма?
Абай жолы романын С. Сейфуллин жазды ма?
Сәукеле қазақтың ұлттық бас киімі ма?
Роза Рымбаева - Ресей әншісі ма?
Қазақстан Украинамен шектеседі ме?
Ү айналым: «Кім жылдам?»
Бүл шартта оқушылар логикалық сұрақтарға жауап береді.
1т мақта ауыр ма, 1т темір ауыр ма?( тең)
Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы алды?( түйеқұс ұшпайды)
Сегізінші наурыз күні 2 шеше мен 2 қызына, әжей мен немересіне 3 орамал сыйға тартылды. Сонда қанша орамал сыйға тартылды?
Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында, екеуі алдында, біреуі артында Барлығы қанша үйрек( 3 үйрек)
Түнгі сағат 10 - да түн жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( мүмкін)
Егер «М» бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»- ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын( Май - ай)
2.«К» - ден бастап оқысаң Құс атауы, қарашы!
«Е»- ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы.( кекілік - екілік)
3. Тәрелкеде 5 алма,
Қолымда бар 2 алма Қосқан кезде барлығын Болады екен неше алма?
Біреуін берем атама,
Біреуін берем апама
Сонда қанша болады,
Менде қанша қалады?( 5 алма)
ҮІ айналым: «Білімділер патшалығы»
Бұл шартта топ басшылары білім бәйгесіне түседі.
Айтыстың түрлерін ата?( қыз бен жігіт, бәдік айтыс)
Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?( домбыра, жетіген, сырнай)
Кәсіби мереке күндерді ата?( мұғалім; дәрігер, шахтер, шопан)
Төрт түлік малға нелер жатады?( сиыр, қой, ешкі, жылқы)
16 желтоқсан қандай мереке?( тәуелсіздік күні)
Абайдың шын атын атаңыз?( Ибраһим)
Екі кісінің сөйлесуі( диалог)
ҮІІ айналым: Қорытынды Алған фишкалары есептелініп, жеңімпаз топтар марапатталады.
Күні: 27.Х.14 ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жеке бас гигенасы
Тәрбие сағаты мақсаты:
а) білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру;
ә) тәрбиелік: Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту;
б) дамытушылық: Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру;
Көрнекілік: нақыл сөздер, тірек таблицалар, көріністер
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу»
ІІ. Үй тапсырмасы: Денсаулық оны сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау туралы ойларын ортаға салып айту, өлеңдер жаттау.
а) Кел, балалар,
Кел бері,
Қыздырайық денені.
Орнымыздан тұрайық,
Жүгірейік бір уақ.
ә) Ұшықтырмай ауруға,
Ішін, сыртын тазала.
Барлық тісің маржандай,
Жарқырасын аузыңда.
ІІІ. Ой ашу: блиц-турнир сұрағы
а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)
ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)
в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
ғ) тазалық кепілі (денсаулық)
Денсаулық---- тамақ
----------------- күш
----------------- тазалық
ІV. Топпен жұмыс
І. топ
1. Денешынықтырудың маңызы қандай?
2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер?
ІІ. топ
1. Жеке бас тазалығы деген не?
2. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары не? (сабын, паста, сүлгі, су)
V. Сергіту сәті «Денені шынықтыру»
VI. Әңгіме оқу, талдау.
- Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында, аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
- Бұл не деп ойлайсыңдар?
а) Жұмбақ шешу.
1. Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)
2. Не зиян? Не пайдалы?
3. тіс емдейтін дәрігер (стоматолог)
4. Көз көрмегенде киетін зат (көзілдірік)
5. Асқар тауда қара орман (шаш)
6. Тәні саудың (жаны) сау.
VІІ. Ой қозғау
- Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер?
а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру.
2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет.
3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу.
4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды.
5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денеңе жаман жаралар шықпайды.
ә) Тірек схемамен жұмыс
Балалар «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Байлық туралы ой қозғау.
Байлық--- ақша
------------ машина
------------ денсаулық
Ең үлкен байлығымыз – денсаулық.
Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар?
1. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз)
2. Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын)
3. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс)
4. Аузы жоқ, көзі жоқ.
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар.
Басыңмен ісі бар.
Бұл не? (тарақ)
VIII. Ойын « Қай заттың орыны алмасты?»
Ойынның шарты: Заттарды мұқият қарап алыңдар. Сендер көздеріңді ашып, сол затты табыңдар.
- Балалар, осы заттың ішінде адам денсаулығына не зиянды? Неліктен?
- Шылым
- Қойған заттарды қалай атауға болады? Олардың пайдасы бар ма?
ІX. Мақал-мәтелдер
1. Ас- адамның арқауы
2. Ас иесімен тәтті
Табағымен жақсы.
3. Бал ұстаған бармағын жалатады.
4. Өзі тоймастың көзі тоймас.
5. Тәні саудың жаны сау.
6. Көзің ауырса қолыңды тый,
Ішің ауырса аузыңды тый.
7. Тазалық - саулық кепілі,
Саулық - байлық кепілі.
8. Демі бардың – емі бар .
9. Денсаулық – зор байлық.
X. Ойын. «Сен маған, мен саған»
XI. Ой тұжырымы:
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?
- Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз?
- Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
«Жас ұлан» - Қазақстанның жасөспірім қанаты» атты іс-шара
gulnaz64
14 ақпан 2014
4047
0
Бірінші Перезидент күніне арналған
«Жас ұлан» - Қазақстанның жасөспірім қанаты» атты іс - шара.
Мақсаты: оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу.
I. Жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
II. Жүргізуші: Бүгін «Жас Отан» жастар қанатының II съезінде Қазақстанның барлық жастары және оның жасөспірім қанаты «Жас ұландар» осында.
I. Жүргізуші: Барлық Қазақстан жастары бізбен!
II. Жүргізуші: Барлық Қазақстан жастары Президентпен!
I. Жүргізуші: Ұранымыз!
Хормен: «Өнер! Оқу! Білім!»
1 - оқушы: Бүгінгі жас ұрпағы еліміздің,
Бүгінде Отанға біз сенімдіміз.
Баршаға аты шыққан Қазақстан,
Орын алдың төрінен жеріміздің.
2 - оқушы: Біз – жас ұлан, жаспыз, жігерліміз,
Біз – Қазақстан, қуаттымыз, біргеміз!
3 - оқушы: Жас ұлан – қуанышы балалықтың,
Бастауысың қуаныш пен шаттықтың.
Жас ұланмен жетесің биіктерге,
Жемісін де көресің жақсылықтың.
1 - оқушы: Ең алғашқы сөз – Ана!
2 - оқушы: Ең жарқын сөз – Отан!
3 - оқушы: Ең басты сөз – Қазақстан!
4 - оқушы: Ең қуатты сөз – ол біздің Президент!
II. Жүргізуші: Біз Қазақстанның көпұлтты жастары қашанда Елбасымен біргеміз!
Достық биі.
Слайдтар: «Қазақстан деген менің бар елім!».
1 - оқушы: Елім бар бүгін жаңғырған.
Тұлпарлар тұяқ шалдырып,
Сұңқарлар қанат талдырған,
Бақытым – Атамекенім.
2 - оқушы: Кең жазира құтты мекен – гүлстан.
Арай таңым, бақыт берген шығыстан.
Қасиетті анам – өзің, туған жер,
Бабалардан келген мұрам – Нұрстан.
3 - оқушы: Ер болдың, ерік алдың астаналы,
Енді кімнен халқымыз жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
4 - оқушы: Қазақстан, менің асыл аймағым,
Қуантады күнге құшақ жайғаным.
Өзің едің көз тоймайтын алтын бақ,
Құлпыра бер, құлпыра бер жарқылдап.
5 - оқушы: Ақмола, кеше ғана басқа қала,
Айналды Бәйтеректі Астанаға!
Алғысын жаудырады Елбасыға
Бақытты бұл шаһардың тұрғындары.
6 - оқушы: Қарашы, шаңырағы жас қаланың,
Аспанның бұлттан сермеп тастағанын.
Бүгіннен басталатын шежіресін,
Назарбаев – авторы Астананың.
Видеофильм «Нұрсұлтанның атымен басталады»
7 - оқушы: Уа, халқым есептескен текпенен,
Ата салтын ешкім аттап кетпеген.
Жаңғыртып бабалардың өнерін,
Ұрпақтарың келешекке беттеген.
I. Жүргізуші: Өнерлі өрге озар. Өнерлі елдің өрісі биік дегендей «Жас ұлан» жастар қанатының форум қатысушыларын айтыс павильонына шақырамыз.
Көрініс «Айтыс».
Президент күніне арналған қыз бен жігіт айтысы.
Қатысушылар: Қыздар, жігіттер, қазылар алқасы, ақсақалдар, көрермендер.
Ақсақал: Жарайсыңдар, қазақтың жезтаңдай Біржан мен күміс көмей Сарасы. Өркендерің өссін!
II. Жүргізуші: Біздің Президент еліміздің болашағын жастармен байланыстырады.
I. Жүргізуші: Біз Елбасымыздың идеяларын ілгері бастыратын жастармыз!
Хормен: «Жаса, Қазақстан! Алға, Қазақстан!»
II. Жүргізуші: 2012 жыл – Президент жылы.
I. Жүргізуші: Сондықтан да 1 желтоқсан Президент күні деп жарияланды.
1 - оқушы: Күнсіз қазақ көгінің,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайрат нар тұлға,
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын,
Түсінер сіздей қайда адам!?
Бес қару белге буынып,
Қол бастар көсем өзіңсің,
Жаныңды қиып бересің,
Қазақтың байтақ жері үшін.
2 - оқушы: Бүгінгі таңда біздің Н. Ә. Назарбаев әлемдік лидерінің бірі болып саналады.
3 - оқушы: Біздің Президентімізбен санаспайтын ешқандай елдің басшысы жоқ.
4 - оқушы: Президент 21 - ғасырға ҚР - сын әлем таныған тәуелсіз мемлекет тұғырына қондырған тарихи тұлға.
5 - оқушы: Біз Президентімізге сенеміз!
6 - оқушы: Елбасымызды қолдаймыз!
Хормен: «Қазақстан!», «Нұрсұлтан!», «Жасұлан!».
I. Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға тек бүгінгі жас деп қарамай, оларды болашақ иелері деп қарайды!
II. Жүргізуші: Елдің болашағы да, өрлеуі де, жас ұландар, сіздердің қолдарыңызда!
«Қазақстан» әні.
Кері қайту
Ілмек сөздер:елбасы күні, сыныптан тыс іс шара
Тақырыбы: «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте»
Мақсаты: Оқушыларға тілдің маңызын түсіндіру, оқушылардың ана тілі туралы ой-пікірлерін білу, оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы адамдардың тіл туралы айтқан нақыл сөздері.
Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім сөзі: Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Ана тілің – арың бұл
Ұлтың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте – деген тұжырымы бұл. барлығымызға қойылатын талап. Осы мақсатта бүгінгі пікірталасымыздың тақырыбын да осы тілге байланысты алып отырмын. Алдымен осы ана тіліміз туралы біздің ақын жазушыларымыздың нақыл сөздерін есімізге түсірейік.
1. «Әр халықтың ана тілі білімнің кілті.... Біздің жастарымыз ана тілінде жетік, білімді , мәдениетті болсын...»
Ахмет Жұбанов
2. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту бүкіл ата бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Бауыржан Момышұлы
3. «Ғашықпын қазақ тіліне! ... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады?»
Нұртас Оңдасынов
2. Негізгі бөлім
Міне, қазақ тілі туралы қандай тамаша сөздер айтқан ағаларымыз. Ал енді осы тіл мәселесі туралы сендердің пікірлеріңізді тыңдап көрейік.
Мөлдір: Халық даналығы «Ананың балаға берер ең асылы тілі» дейді. Ендеше анамның тілін мен құрметтеп, оны мақтан етемін. Ана тілі деп аталуы да содан, сондықтан оны ұмыту, білмеу бұл үлкен қателік. Осыны түсінсе деп ойлаймын.
Әділжан: «Тіл ұлттың қасиетті белгісі. Тіліңді сыйлағаның ұлтыңды сыйлағаның деп түсінемін. Өзім және менің жанұямдағы бауырларым, ата анам бәрі қазақ тілінде сөйлесеміз. Оны қорлық деп ойламаймын. Ана тіліңді білмесең бұл әрине қорлық. Әрине өзге тілді білгенің жақсы ғой, бірақ өз ана тіліңді кемітпей, оны жетік меңгеруге ұмтылу қажет деп ойлаймын»
Әли: «Өз басым ана тілімде өлең айтып, әдеби кітаптарды оқимын. Оған арланбаймын да. Қазіргі заманда бір екі тілмен шектеліп қалуға болмайды. Көп тілді білгенің өз ана тіліңді шеттеткенің емес қой. Қадыр Мырзалиев ағамыз дұрыс айтады. Қанша тілді білсең де өз ана тіліңді бәрінен де жоғары ұстауың қажет. Қазірге кезде ағылшын, қытай тілдеріне көп қызығушылық бар. Бұл заман талабы әрине. Білімді ұрпақ еліміздің болашағы. Сондықтан да қазақ болғандықтан қазақ тілін құрметтеу керек.»
Еламан: Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды..Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. "Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы,
Руслан: «Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз
Динара: «Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет. Қанша ұлт өкілдері тұрады! Бірақ солар өз ана тілдерін ұмытпай, ардақтап , сол тілдерінде бір бірімен сөйлеспей ме? Бірақ біздің ана тілімізге қазір үлкен мән беріліп жатыр. Мемлекеттік тіл мәртебесін жолға қойып отыр. Бұл үлкен жетістік. Тіпті шет елдерден келген шетелдік адамдардың өздері осы қазақ тілін үйренуде. Сондықтан да ұлт бар жерде тіл де жасай береді.»
Мұғалім: Рахмет. Динара дұрыс айтады. Қазір қазақ тіліне үлкен мән берілуде. Мен сендерге мына бір мақаланы көрсетіп таныстырғым келеді. Мақаланың тақырыбы «Тіл көңілдің кілті». Оны жазған американдық инженер Джоэл Адамсон. Ол өзінің қазақ тілін қалай үйренгені туралы жазыпты. Алдымен оқып танысайық.
Қазақтың ұлттық тағамдары
mukasheva61_m
4 сәуір 2012
29817
0
Сабақтың мақсаты:
Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру сабақтың негізгі мақсаттарын құрайды.
Көрнекілігі: сызбалар, тағамдар, суреттер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) амандасу;
2) кезекшінің есебі;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Қазақтың дастарқаны.
Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:
1) ет тағамдары;
2) сүт тағамдары;
3) нан тағамдары.
Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет.
Ет тағамдары: еттен жасалған – даярланған тағамдар:
1) қуырдақ;
2) қазы;
3) шұжық;
4) жая.
Нан тағамдары:
Бауырсақ;
жалпақ нан;
таба нан;
самса;
бәліш.
Сүт тағамдары:
қымыз;
шұбат;
айран;
құрт;
ірімшік;
сарымай;
қаймақ;
сүзбе.
ІІІ. Жаңа сөздер:
Қонақ – гость
Бесбармақ – мясо по-казахски
Қуырдақ – обжаренное мясо
Бата – благословение
Қымыз – кобылье молоко
Шұбат – верблюжье молоко
Әзірлеу - приготовить
Тамақ – пища, еда
Құрметтеу – уважать.
(Сөздерді мұғалім оқып, аударады, балалар қайталайды).
ІV. Жаңа сөздермен сөйлем құру.
Мысалы: Қонақ келді.
Анам бесбармақ пісірді.
Әкем қымыз, шұбат әкелді.
Қонақ бата берді.
V.Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
а) мәтінді мазмұндау;
б) өлеңдер оқу.
Қымыз
Қымыз – бие сүті ғой.
Ұнаса, тағы іше ғой.
Қымыздан көп пайда бар.
Нағыз қымыз тауда бар.
Қымыз – сусын тамаша,
Бойымызға тараса.
Сүт
Ыстық-ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан.
Бой жадырап кенеттен,
Буы шығар маңдайдан.
(Ө. Тұрманжанов).
VІІ. Мақал жазу, жаттау.
VІІІ.Венн диаграммасын толтыру.
Қазақ халқының тағамы................Ортақ тағам..................Орыс халқының тағамы
Қуырдақ..........................................нан...........................котлет
Қымыз.............................................ет..............................борщ
Шұбат..............................................қуырады...................квас
Ірімшік............................................пісіреді......................кисель
Құрт.................................................қайнатады................кисель
Көже................................................ботқа
ІХ. Үй тапсырмасы:
«Қазақтың дастарқаны » - мәтінді оқу, мазмұндау.
Х. Бағалау.
Кері қайту
Ілмек сөздер:Қазақтың, ұлттық, тағамдары
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
admin · Фев 6th, 2015 · 0 Comment
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы
«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Раева Эльмира Тұрсынқызы
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.
Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу.
ә) Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.
Тәрбие сағатының типі: Білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер, хадистер, топтастыру әдісі арқылы ата-анаға тән қасиеттер жазылған плакат.
Тәрбие сағатының түрі: дөңгелек үстел
Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Көрнекілік арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу, мақсатын түсіндіру.
Енді тәрбие сағатын әрі қарай оқушылардың өз бетінше өткізуіне көңіл бөлсек.
Мұғалім:
Армысыздар ардақты ұстаздар, ардақты ата-аналар!
«Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
Оқушы:
Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.
Оқушы:
О, Ата-анам!
Таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім
Бізді жақсы болсын екен деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Оқушы:
Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезіне бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата-әжесін құрметтеу — өмірді құрметтеу.
Хормен:
Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз – Сіздерді құрметтеу.
Хор:
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген анасын сағынған,
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы тілегі,
Әрқашанда бір арнадан табылған.
Мұғалім:
Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпақтарға құлақ түрсек.
Оқушы:
Ұл-қыз, ата-анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.
Оқушы:
Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.
Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады.
Оқушы:
Әдепті, адал ұл-қыздарың міндеті ата-аналарының тірісінде көрсеткен қызметімен бітпейді. Ата-аналарын олар дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
Оқушы:
Ата-ананы сыйлау — сәби шағында олар өзіңді қалай бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.
Оқушы:
Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Оқушы:
Ата-анасын ұмытқан бала опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы. (Ғ. Мұстафин).
Оқушы:
Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.
Оқушы:
Түн ұйқысын төрт бөлген, түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін, ерекше бағаламасаңдар, ол – қорлық.
Мұғалім:
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар ата-анасына қарсы сөйлеп, тыңдамай жатады. Ондай қылықтардан аулақ болып, ана, әке, апа, қарындас-туыстарыңды сыйлап жүріңдер. Әке- тірегің, қамқоршың, асқар тауың, Ана – жарық дүниеге әкелуші.
«Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.
Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып: Ата, мені де ала кетесіз бе? – дейді.
Балам, мен көрші сыныпта болғалы жатқан «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды» атты ашық тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың-дей бергенде, Ата маған сұрақ қойыңызшы – деді бала.
Балам, үйдің алтын қазығы кім?
Ата, үйдің алтын қазығы – бала, деді.
Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – ана.
Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.
Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке-деді бала.
Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана.
Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ал балам, өмір сүру не үшін қажет?
Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет, — дейді бала.
Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.
Енді қарт оқушыларға сұрақ қояды.
Адамның ақылы қайда балаларым, кім айтады екен?
Оқушы:
Ханның ақылы тағында, әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, ананың ақылы жасында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгеннің қалтасында.
Адамға ақыл беретін кім балаларым?
Оқушы:
Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досың. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады.
Өмірде не жетім? – деген сұраққа өзім жауап берейін.
Өмірде жеті жетім бар.
Өмірде ата-анасы жоқ болса, бала тас жетім.
Халқына сенімсіз болса, хан жетім.
Ханы ақылсыз болса, халқы жетім.
Суы жоқ – құдық жетім.
Досы жоқ – жігіт жетім.
Шәкіртсіз – ұстаз жетім.
Қызы жетесіз болса, ана жетім.
Ата-ана ақылы жерде қалса, бәрінен де сол жетім.
Иә, балалар, сендер ата-ананың тәрбиесін бағалап өскен боларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата-аналарыңды сыйлай біліңдер!
Әумин!
Мұғалім:
Біздің қазақ әр сөзді тұспалдап та, туралап та, астарлап та жеткізген халық. Ата-ана туралы қаншама мәнді де маңызды сөздер айтылады. Сонымен бірге ата-ана туралы хадистерді білетін оқушыларымызды тыңдап көрейік.
Оқушы:
Ей, перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата-анаға құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі, баланың түп негізі болып ата-ана болып табылады.
Оқушы:
Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.
Оқушы:
Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң да ақыл-санаңмен, адамгершілікпен өте. Кімде-кім ата-анасын разы еткен болса, ол қандай жақсы. Алла тағла оның өмірін ұзартады.
Оқушы:
Борыш – ата-анаға, үлкен ұстаздар мектебіне қызмет жасап, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу. Егер нағыз адам болсақ, ең әуелі ата-ана алдындағы борышты өтеу мақсатын қоямыз. Құрметті әке-шеше, атыңа кір келтірмеуге ант етемін!
«Еңбекпен тапқан тиын» көрініс.
Автор:
Ертеде шал мен кемпірдің жалғыз ұлы болыпты. Шал бір күні кемпіріне ойнап жүрген баласын көріп: Кемпірім-ау, біздің баланың түрі, сиқы мынау, мен мұрамды кімге қалдырамын?
Кемпір мұны естіп алып баласына әкеңе барып мына тиында апарып бер, өзім еңбекпен таптым де, — дейді.
Баласы:
Ата, мен мына тиынды еңббекпен таптым – дейді.
Атасы:
Бұл сенің еңбекпен тапқан тиының емес, — деп отқа тастайды. Ерке бала көңіл бөлмей ләңгісін ойнай береді. Шал кемпірін шақырып алып: — Әй, кемпір, кеше ана ұлға ақша берген сен бе? – деп жекіреді.
Кемпір:
Шал-ау менде қайдан ақша болсын, әлі зейнетақыалған жоқпыз, — дейді.
Сөйтіп барады да ұлына: Әй, ұлым, сенің кешігі тиыныңның еңбексіз, бекер екенін шал біліп қойды, енді саған мұрасын қалдыруды уайымдап отыр, сен одан да барып жұмыс істеп ақша тап, — дейді. Бала кетпен шауып, құдық қазып ақша табады да әкесіне келіп: (Әкесі ол келгенше домбыра тартып отырады). Әке мен мына тиынды еңбекпен таптым – деп әкесіне береді. Әкесі оны отқа лақтырып жібереді. Оны көрген бала от ішінен тиынын алып:
Әке, бұл менің еңбекпен тапқан табысым еді, не қылғаныңыз? – дейді. Сонда әкесі баланың енді еңбекпен табыс тапқанына сенді.
Сендім балам, еңбекпен тапқан екенсің, — деп маңдайынан сүйеді.
Мұғалім:
Бала тәрбиесі – бесіктен, — дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.
Оқушы:
— Ата-ананы ренжітпе,
Түнде суға барма,
Таңдайыңды қақпа,
Кісіге қарап есінеме,
Дастарқанға қарап жөтелме,
Үлкеннің сөзін бөлме, жолын кеспе,
Нанды баспа,
Табаныңды тартпа,
Қолыңды төбеңе қойма.
Оқушы:
— Ошаққа су құйма,
Бас киіммен ойнама,
Бос бесікті тербетпе,
Малды теппе,
Бүйіріңді таянба,
Кешқұрым ұйықтама,
Айға қолыңды шошайтпа,
Үйге жүгіріп кірме,
Біреудің иығын баспа.
Қорытынды:
Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік.
Білмегендерімізді бір-бірімізден үйреніп білдік. Ата-ана ардақтау хақында айтылған хадистерді оқып талдадық. Осының барлығы ата-аналардың арқасы. Ол үшін алдымен ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз екенін ұмытпайық.
Алдымен сүй ардақта ата анаңды слайдfrom Айбек Қуандықұлы
Tags: мектеп, ата-ана, Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды, әке шеше
Бағдаршам - біздің досымыз
elena.sarsenbaeva
5 қараша 2014
7554
0
Сабақтың мақсаты: Ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. Көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: рульдер, белгілер, жол белгілерінің суреттері, бағдаршам.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Сабағымызды жұмбақпен бастайық
Аяғы бар жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді. (Бағдаршам)
Қонаққа бағдаршам келді. Қатты қағаздан жасалған бағдаршамның үлкен суреті.
Бағдаршамның қызметі қандай?
- Жол тәртібін реттеуші.
- Бағдаршам сендерге хат әкеліпті, ашып көрейік, не жазыпты?
Ойын «Бағдаршам құрайық»
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Жүргізуші: Балалар жүргіншілер мынадай сұрақ қойыпты.
- Жүргіншілер қай жолмен жүру керек?
- Жиек жолмен жүреміз.
- Жиек жол болмағанда ше?
- Жер асты жолымен.
- Жолдың қай жағымен жүру керек?
- Оң қол жақпен жүреміз.
- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?
- Аялдамадан отырамыз.
Тәрбиеші: - Өте жақсы, бағдаршамның берген сұрақтарына жауап бердіңдер.
- Балалар бағдаршамға арнап тақпақтарымызды айтайық.
Нарғыз: Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін,
Тоқта, сақтан, жол ашық.
Жүрме жолға таласып,
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Жанель: Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды дайындал,
Айналаңа қарап ал,
Жасыл жанды, тыңдағын,
Жолың ашық, тұрмағын.
Еркебұлан: Мен көшеден өтерде,
Бағдаршамға қараймын.
Қоймаған ғой бекерге,
Жәрдемшісі ол талайдың.
Тәрбиеші:- Балалар, бағдаршам сендерге ойын әкеліпті.
«Белгілерді құрастыр және айтып бер».
Ойынның шарты: Балалар алған жарты белгінің екіншісін тауып құрастырыңдар, содан кейін атап беруіңіз керек.
Жанатын бағдаршам ортаға шығады.
Қызыл көзін жағады. Оқушылар қозғалмай тұрады.
Сары көзін жағады. Балалар қол шапалақтайды.
Жасыл көзін жағады. Балалар орындарында тұрып жүреді.
Қорытындылау:- Балалар, бүгін немен таныстық.
- бағдаршаммен.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Үш көзі бар.
- Қандай - қандай түсті шамдар?
- Қызыл, сары, жасыл.
- Көшелерден белгіге қарамай жүгіріп өтуге бола ма?
- Жоқ.
- Ал, көшенің қай жерімен өтуге болады?
- Ала сызықты жерінен.
Балалардың белсенді қатысқандарын мадақтау, сыйлықтар беру.
Кері қайту
Ілмек сөздер:бағдаршам, тәрбие сағаты, жол жүру ережесі, тәрбиелік шара жол ережесі
сағатының тақырыбы: Жас ұландар - мақтанышы елімнің!
Мақсаты: Оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу.Әр оқушының жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, суреттер, портрет, сынып бөлмесін мерекеге сай безендіру.
Барысы: І Ұйымдастыру.
ІІ.Кіріспе.
Сарбаздар жыры
Жас ұланбыз жаны жарқын,
Қайрат-күші құрыш мығым,
Тамылжыған жаны алтын,
Қорғаймыз ел тыныштығын.
Сарбаздармыз саптағы біз,
Қатарымыз сөгілмеген.
Туған елдің мақтанымыз,
Адымдаймыз сенімменен.
Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанныңұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр-әніміз.
7-мамыр –ҚРҚарулы күштерінің Отанды қорғау күні.
Құрлықтағы әскери топтар;
Әскери әуе күштері;
Әскери теңіз флоты;
Ұлан тобы.
Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы –Н.Ә.Назарбаев.
18 жасқа толған әр ер азамат Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады.
36-бапта «ҚР-сын қорғау - оныңәрбір азаматыныңқасиетті борышы және парызы» деп
көрсетілген.
Б.Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі
мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге тиіс.»
М.Жұмабаев: « Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат».
М.Әуезов: « Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп,Отаныңа қайтқан сәт бәрінен де жақсы».
Сайысқа қош келдіңіз, бәріңіз де,
Дос, тума, ұстаз, ата-ана, кәріңіз де.
Елімнің жас ұланы алдыңызда
Тамашалап қол соғып көріңіздер!
Сайыс кезеңдері:
1.Мен атамның жалғасымын... (Таныстыру)
2. Күш-білімде... (Сұрақтар)
1) Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен?
2) Атақты билерді ата.
3) Жігіттің жұрты нешеу? Ата.
4) Тыйым сөздерді айтып көр.
5)Ұлттық ойындарды ата.
6) Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айт.
7) Отан туралы өлең айтып бер.
Қазақстан мемлекеті тәуелсіздікті қашан алды?
Отанымыздыңрәміздерін ата
7 мамыр қандай мереке?
Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
Батыс Қазақстан облысыныңәкімі кім?
Шығыстыңқос шынары атанған кімдер?
Ұлы Отан соғысының батырларын ата.
3. Өнерлі өрге жүзер...
4.Эссе. «Мен елімнің ертеңімін...»
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Енді ортаға сымбатты, өнерлі, ақылды, білімді жас ұландарымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар!
І. Таныстыру.Сәлемдесу.
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
ІІ. 2. Күш-білімде... (Сұрақтар)
Білімменен бүгін міне, ән қосты,
Сұрақпенен жауаптарды талдасты.
Алғырлығын тағы бізге дәлелдер,
Ортамызға шақырайық жас досты.
ІІІ. Өнерлі өрге жүзер...
Өнер менен білімде,
Әркімніңөз жолы бар.
Шеберлік жарыста бүгінгі
Өзіндік меніңүнім бар-дегендей, әрұлан өзініңөнерін көрсетеді.
Шығармашылық тапсырма орындалады.
Ойын: «Кім тапқыр?»
Берілген сұрақтарға қолдарыңыздағы әріптен басталатын сөздер айтып жауап бересіздер.
( Б, С, Д, Ж, Н, О, Қ, А, М)
1. Сіздің есіміңіз кім?
2. Сіз неше жастасыз?
3. Қандай ойынды ұнатасыз?
4. Сіздің сүйікті тағамыңыз?
5. Сіздің досыңыз кім?
6. Сізге қайәнші ұнайды?
7. Мерекелік тілегіңіз...
Қорытынды.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтыңұланымыз, еріміз.
Ұлым!
Сен жігіт болсаңкең тұлғалы,
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы.
Сан шыңға шыдай біл,
Тек төзе көрме
Жала сөз айтса біреу ел туралы!
Тасқынныңқабаттаса толқындары
Мүмкін ғой жартасында солқылдауы.
Сен ерсің!
Ерлерше сүй Отаныңды,
Жаман сөз естімейін сен туралы...
Ән: «Солдат болам мен ертең!
Достарыңызбен бөлісу: |