Сабақтың тақырыбы: Білім күні. Бейбітшілік сабағы Сабақтың мақсаты



бет3/16
Дата10.06.2017
өлшемі4,22 Mb.
#18834
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.

-Суретте барлығы неше қарындаш бар?---------------------------------------------- -Неше қоңыр, неше жасыл, неше қызыл қарындаш бар?-------------------------- -Қарындаштар неше қорапқа салынған?----------------------------------------------- -Сары қарындаштар мен көк қарындаштың саны қанша?--------------------------


3. Топтастыр Үлкен / Кіші қалам, үй, машина, дәптер, кітап, мептеп, -Барлығы нешеу?
3. Кеңістік бойынша орнын тап. - Оң жақ көршіңді ата - Артыңда кім отыр? -Алдыңда қандай заттар бар? -Солға бұрыл, кімді көрдің?
4. Графикалық диктант жоғары бір тор, оңға бір тор, жоғары бір тор, оңға бір тор, төменге бір тор, оңға бір тор, төменге бір тор,
5.Есепте Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат – ұзын
ІІ. Қорытынды бөлім Бөлмеден пішіні бірдей заттарды ата. (терезе, тақта, есік, қабырға, еден, шкаф, кітап, дәптер,т.б. –төртбұрышты)

Пәні: Өзін-өзі тану

Күні: 05.09.2015

Тақырыбы: Шаттыққа толы жүрекпен
Құндылық:жан тыныштығы 
Қасиеттер:сүйіспеншілік 
Мақсаты: «Жан тыныштығы»ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу. 
Міндеттері: 
-«Өзін-өзі тану» пәні туралы түсінік беру; 
-өзіне деген сенімділігін арттыру; 
-өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Ресурстар:/құралдар,мәліметтер/ 

Барысы:

1)Ұйымдастыру бөлімі.

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгіндеу.

- Ережелерді қайталау:сабақта біз....тәртіп,талап,тыныштық,татулық,тазалық қатан сақтауымыз керек. 

- Балдарды ұсыну.Сабаққа дайындығын тексеру:оқулық,дәптер,қарындаш,өшіргіш, 
ұштағыш. 

2)Тыныштық сәті: 
-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық). 
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). 
1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық. 
Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар? 
үнтаспа «Өзін-өзі тану елінің» сурет сюжетті суреттер, домбыра, «Алтын сақа» (асық), сандықтың сұлбасы 
«Өзін-өзі тану»оқулығы 1 сынып 

Дәйексөз. 
«Өмірді тану-өзіңді танудан басталады» Халық даналығы 
-Халық даналығында «Өмірді тану-өзіңді танудан басталады»деп өте орынды айтылған.Себебі өзіңді адамдармен,қоршаған ортамен,қоғаммен қарым-қатынаста тани аласың.Ал,адамдарды, қоршаған ортаны,қоғамды және олардығы құбылыстар мен әрекеттерді білу-өмірді тану дегенді білдіреді. 
Әңгімелесу. «Мен кіммін?» 

Шығармашылық жұмыс: 
Жағдаяттар шешу.Сюжетті суреттер б/ша. 
Мына суреттерде әр түрлі әрекеттерді көрсететін жағдаяттар берілген.Осы жағдаяттар б/ша өз ойларыңды білдіріп,ортаға салыңыз. 
Суреттегі балалардың орнында өздерің болсаңдар,қандай әрекет жасар едіңдер? 
Топпен ән айту. «Не деу крек?» 
Сөзін жазған:Ә.Дүйсенбиев 
Әнін жазған:Ө.Байділдаев Дәптер,5 бет 

Тыныштық сәті.

Баяу музыка ойнатылады;оқушылар көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан не үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне,мұғалімге,барлық әлемге тыныштық,сүйіспеншілік жолдап,ризашылықтарын білдіреді
Сабаққа қатысқандарына рахмет!


Пәні:Дүниетану

Күні: 02.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:

Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру

Әсемдікке баули отырып,логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.3 Бір затпен екінші затты ажырата білу.

Табиғатқа деген құштарлығын арттыру.Эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың көрнекілігі: оқулық

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныпты сабаққа дайындау.

Оқушылардың назарын тақтаға аудару.

ІІ Мақсат қою:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Кіріспе

Табиғат,қоршаған дүние, табиғат құбылыстары,адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру

Әсемдікке баули отырып,логикалық ойлау қабілетін есте сақтау қабілетін дамыту.3 Бір затпен екінші затты ажырата білу.

Табиғатқа деген құштарлығын арттыру.Эстетикалық тәрбие беру

ІІІ Жаңа сабақ:

Балаларға ең алғаш оқулықты талдатам. Яғни оларға мынадай сұрақтар қоям:



  • Оқулықтың түсі қандай?

  • Оқулықта қандай сан көріп тұрсыңдар?

  • Ол сан қандай түспен жазылған?

  • Қандай суреттер көріп тұрсыңдар?

Балаларға дүниетану оқулығының шартты белгілерімен таныстырам:

  • сұрақтар мен тапсырмалар;

  • шығармашылық тапсырмалар;

  • бақылап көр;

  • Еіңде сақта!

Кіріспе

«Дүниетану» атты оқулық сендерді өздерің күнделікті көріп, араласып жүрген табиғат пен және адамдар арасындағы қоғаммен таныстырады. Сендер мұнда дүниедегі заттар, құбылыстар, жануарлар және өімдіктер әлемімен кездесесіңдер. Адамдар қоғамы, олардың еңбегі мен мамандығы туралы оқып білесіңдер. Өз елдерің – Қазақстан Республикасы, оның Ата Заңы – Конституциясы және Президенті, заңдарды шығаратын Парламент туралы алғаш рет мағлұмат аласыңдар.

Дүниетану пәнін оқу арқылы табиғатта болатын құбылыстарды бақылауды үйренесіңдер. Өздеріңді қоршаған ортаны, ондағы заттар мен құбылыстарды танып білесіңдер. Ол үшін әр бір зат пен құбылысқа мұқият көңіл бөліп қарағандарың жөн. Дүниетануға бағытталған сапарларың сәтті болсын.

ІҮ. Қорытындылау:

Балалар, бүгін біз сендермен не жайында білдік?

Табиғат дегеніміз не?

Табиғат құбылыстары деген не?

Табиғат заттарына нелер жатады?

Табиғи нешеге бөлінеді?

Оларды ата?Адам қолымен жасалатын құбылыстарды атап көрейік:



Ү Бекіту кезеңі: біз бүгін айналадағы дүниемен таныстық.Табиғаттың екіге бөлінетініне көз жеткіздік. Табиғаттағы заттар, табиғат құбылыстары адам қолымен жасалатынын білдік.

ҮІ. Үйге тапсырма: Бүгінгі тақырыпқа сай сурет салып келу

Пәні: Сауат ашу

Күні: 07.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Күн режимі. Менің бос уақытым. Сен велосипедшісің.

Сабақтың мақсаты: Күн режимі. Тамақтану мерзімі туралы түсінік беру. Салауаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті бойына сіңіру. Сана сезімін ояту,ой-өрісін дамыту. Қосымша бағдарлама бойынша жолда жүру ережесінің тақырыбы бойынша велосипедпен жолда қалай жүру керек екенін кеңінен түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулықтар мен әдістемелік құралдар

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық
ІІ .Өткенді еске түсіру.

Уақыт, мезгіл туралы.

-Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

- Оларды атап беріндерші?

- Әр жыл мезгілінде неше ай бар?
ІІІ .Жаңа сабақ:

Тақырыпты және мақсатын хабарлау.

Күн режимі. Менің бос уақытым. Сен велосипедшісің.

Мақсаты :Күн режимі. Тамақтану мерзімі туралы түсінік беру. Салауаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті бойына сіңіру. Сана сезімін ояту,ой-өрісін дамыту. Қосымша бағдарлама бойынша жолда жүру ережесінің тақырыбы бойынша велосипедпен жолда қалай жүру керек екенін кеңінен түсіндіру.

а) 12-беттегі сурет бойынша әңгіме.

ә) 13 бет. Қыз баланың бір күнгі іс-әрекеті туралы айтып беремін.

б) Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды атату.

Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды дұрыс пайдалануға үйрету.Таза ауаның денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру.в) Оқушыларды мектеп асханасымен таныстыру. Дастархан басында өзін-өзі ұстау. Мәдениетті, тазалықты сақтау.Тағамдардың құндылығы .оны талғаммен пайдалану туралы түсінік беремін.


Сергіту сәті.

Бір, екі үш Бір,екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

д) Әдептілік және әдемілік кітапшасынан «Дастархан басында»әңгімесін оқып беру.

е) Дәптермен жұмыс: Қоңырау, алмұрт, алма сөзіне сөйлем құрату. Сыртын қоршап сызу.

Сабақты қорытындылау:

Біз бүгін сендермен нені білдік?

Бүгінгі сабағымыз сендерге ұнадыма?

Пәні: Сауат ашу

Күні: 08.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Көшеде жүру ережесі. Көліктер. Буын. Автобуста, траллейбуста жүру.

Сабақтың мақсаты: Көшеде жүру тәртібі, жолда жүру, қөлік аттарымен

таныстыру. Адамгаршілік тәрбие беру. Қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстай білуге үйрету. Қосымша бағдарлама бойынша жолда жүру ережесінің тақырыбы бойынша автобуста, траллейбуста қалай жүру керек екенін кеңінен түсіндіру.



Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық пен әдістемелік құралдар.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу.

Зейінін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Бос уақытты қалай өткіземіз? (әңгімелеу)

- Сенің күн режіміің туралы айтып берші?

-Жарайсыңдар балалар, сендер күндеріңді босқа өтпеуі үшін күнделікті күн реімін ұстап отырыу керек, сонда сендер ақылды, тәртіпті бала боласыңдар.


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Көшеде жүру ережесі. Көліктер. Буын. Автобуста, траллейбуста жүру.

Мақсаты: Көшеде жүру тәртібі, жолда жүру, қөлік аттарымен таныстыру. Адамгаршілік тәрбие беру. Қоғамдық көлікте өзін-өзі ұстай білуге үйрету. Қосымша бағдарлама бойынша жолда жүру ережесінің тақырыбы бойынша автобуста, траллейбуста қалай жүру керек екенін кеңінен түсіндіру.
ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Үйден мектепке келу жолын әңгімелеп, қанша жол қиылысынан өтетінін айту.

ә) Бағдаршаммен таныстыру.

-Балалар бағдаршамда неше түс болатынын білесіңдерме?

-3

-Жарайсыңдар, ол түстер қызыл, сары, жасыл. Қызыл түс жанса көліктер тоқтап, адамдарға жол береді. Ал сары түс жанса Көліктер жүруге дайындалады, енді соңғы түсі жасыл жанғанда көліктер жүріп адамдар тоқтап келесі қызыл түс жанғанша күтіп тұрады. Ол жасыл жанып тұрғанда жолды кесіп өтсе көлік қағып кетуі мүмкін. Сол себепті балалар жолда жүргенде бағдаршамға қарап жүру керек екен.



б) Көшеден өткенде арнайы жолақшамен сызылған жерінен өту керектігін айту.

в) Жер асты жолы метромен таныстыру.


Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
г) Сөздерді буынға бөлу.

Ме-тро сөзін буынға бөлу. Ме-2 дыбыс бар. М+е тро-3 дыбыс бар т+р+о

Дауысты дыбыстар: е,о.Дауыссыз дыбыстар:м,т,р.

Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.Ва-гон (талдау)

д) Көліктермен таныстыру.

1 Ұшақ, тікұшақ- әуе жолы көлігі.2 Кеме, қайық су көліктері. 3 Машина, автобус, трамвай, троллейбус жеңіл машиналар жерде жүретін көліктер.


Ү. Жаңа білімді бекіту:

-Бағдаршамның неше көзі бар?

-Қызыл көзі нені білдіреді?

-Сары және жасыл көзі нені білдіреді?

-Бағдаршам не үшін керек бізге?
ҮІ Сабақты қорытындылау:

Міне,балалар біз сендермен жол ережесімен таныстық.




Пәні: Сауат ашу

Күні: 09.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын

Сабақтың мақсаты: Аңдар туралы түсінік беру. Экологиялық тәрбие беру. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық пен әдістемелік құралдар.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу

Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Бағдаршам дегеніміз не?

-Көше тәртібі туралы не білесің?

-Әуе жолы көліктерін ата.

-Жолда жүретін көліктерді ата.

-Су жолы көліктерін ата.


ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын

Мақсаты: Аңдар туралы түсінік беру. Экологиялық тәрбие беру. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.
ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Жануарлар туралы түсінік беру.

-Балалар сендер қандай жануарларды білесіңдер?

-Жарайсыңдар балалар.

ә) Жануарлар екіге бөлінеді.

-Балалар жануарлар негізінен екіге бөлінеді екен жабайы жануарлар және үй жануарлары. Жабайы жануарлар олар тек орманда ғана жүреді. Ал үй жануарларын біздер өсіріп бағамыз екен. Атап өтсек қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы.

1. Үй жануарлары. 2. Жабайы жануарлар.

ә) Жабайы жануарларды көрнекілік көмегімен атау.

б) Аң: жираф,арыстан , жолбарыс, сөзін бынға бөлу.
Ү. Жаңа білімді бекіту:

-Жабайы жануарлар туралы не білесіңдер?

-Үй жануарлары неге үй жануарлары деп аталады?

в) Бір-бір жануарларды ата, сол сөзді буынға бөл.А-рыс-тан, түл-кі, қас-қыр, жол-ба-рыс

г) Бұл сөздерде неше дауысты дыбыс бар?
Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.Сергіту сәтін өткізу.

д) Дәптермен жұмыс


ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен жабайы жануарлар туралы білдік



Пәні: Сауат ашу

Күні: 10.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Құстар. Дыбыс

Сабақтың мақсаты: Құстар туралы түсінік беру. Экологиялық тәрбие беру. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық және әдістемелік құрал

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.



І .Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу

Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

-Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?

-Жабайы жануарларды атаңдар?

-Үй құстары деп қандай құстарды айтамыз? Атаңдар.


ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Құстар. Дыбыс. Мақсаты: құстар туралы түсінік беру. Экологиялық тәрбие беру. Олардың пайдасы мекен орнымен таныстыру.


ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Құстар туралы түсінік беру.

ә) Құстар екіге бөлінеді:

1. Үй құстары. 2. Жабайы құстар.

б) Үй құстарын көрнекілік көмегімен атау.
Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
д) Дәптермен жұмыс

Жұмбақ шешу.

1. Көлдің көркі,сәні екен

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған

Бұл қандай құс?    

2. Тоқ-тоқ етіп

Ағашты ояды.

3. Ондағы құрттарды

Тауысып қояды.   

Жер көкті кезіп

Тамағын табады.

Үйіме үйін

Балшықтан салады.  Шешуін тауып көр балақай
Ү. Жаңа білімді бекіту:

-Қандай үй құстарын білесіңдер?

-Қандай құстар жабайы құстар деп аталады?

б) Үй құстарына дыбыстық талдау жасау: Мына сөздерде қанша дыбыс бар?

Қаз,әтеш,тауық,үйрек, балапан,үндік.

в) Бір құсты ата, сол сөзді буынға бөл.

Сөзде неше дауысты дыбыс болса., сонша буын болады.Сергіту сәтін өткізу.
ҮІ .Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен құстар,үй құстары туралы білдік.



Пәні: Сауат ашу

Күні: 10.09.2015

Тақырыбы: Үй  құстары. Дыбыс
Мақсаты:  Қанатты   жануарлар- құстардың   табиғаттағы  тіршілігі туралы  соның  ішінде  жабайы  құстар мен үй құстары  туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсінік беру. Құстар әлемі туралы   құстарға  қатысты   халық  болжамдары,  құстардың емдік қасиеттері, үй құстарының пайдасы туралы айта отырып,  тілін, ой-қиялын,  ұштау, дүниетанымын қалыптастыру,   құстар   әлеміне   деген   қызығушылығын   арттыру,  өз  ойларын  ашық  айтуға,  еркін   сөйлеуге  дағдыландыру. Табиғаттың  жаршысы- құстарды қорғауға, олар туралы білімдерін  кеңейтуге,   үй    құстарын   асырай   білуге   тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық және әдістемелік құралдар, «Құстар әлемі» суреттері
Әдісі:   сұрақ-жауап, көрнекілік,  ойын, баяндау, проблемалық, модульдық, «Ойға шабуыл»,топтастыру,тб.
Түрі: кіріктірілген  сабақ

Сабақтың  жүру  барысы:

1.Ұйымдастыру .

Балаларды түгелдеу, сабаққа назаруын аудару


Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
II. Өткенді еске түсіру

Сұрақтары:

1.Жануарлар  дегеніміз не?

2.Жабайы  аңдар дегеніміз  не?

3. Жабайы  аңдарды ата?

4.Үй  жануарлары дегеніміз  не?

5.Үй жануарларына  нелер жатады?

6.Неге жануарлар деп атаймыз?

7.Жабайы  аңдардың қандай  пайдасы бар?
III.Жаңа сабаққа әзірлік.

«Ойға  шабуыл»  Суретті  жұмбақтар    шешу

Өзі сақ,өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын,өзі ала

Бұл қандай құс?    (Сауысқан)

Көлдің көркі,сәні екен

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған

Бұл қандай құс?     (Аққу)

Тоқ-тоқ етіп

Ағашты ояды.

Ондағы құрттарды

Тауысып қояды.    (Тоқылдақ)

Жер көкті кезіп

Тамағын табады.

Үйіме үйін

Балшықтан салады.  (Қарлығаш)
-Адам қай құсты аң  аулауға пайдаланады?  (Бүркіт)

Жаңа  сабақ.

Жануарлар әлеміне не  жатады?

Ж а н у а р л а р

Құстар-қанатты  жануарлар деп аталады.Олар өз беттерінше өмір сүреді.Дамиды,көбейеді.

Құстардың түрлері өте көп.Олардың көбі пайдалы.Мысалы: егістікке зиян келтіретін насекомдармен қоректенеді.Оларды еті үшін аулайды


Ж а б а й ы   қ ұ с т а р
Ү й    қ ұ с т а р ы

Құстар туралы қосымша түсінікті  саз  пәнінің  мұғалімі  жүргізеді.

(Пән  аралық  байланыс )
IV.Сергіту  сәті  

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
V.Оқулықпен  жұмыс

а Суретпен жұмыс


VI. Жаңа сабақты бекіту

·        Құстардың  ұясын бұзба, балапандарына  тиіспе.

·        Құстарды  атуға  болмайды.
VII. Қорытынды. Ойын : «Бұл қай құс?»
Пәні: Сауат ашу

Күні: 11.09.2015

Сабақтың тақырыбы: Төрт-түлік. Дауысты дыбыс

Сабақтың мақсаты: Үй жануарларын таныстыра отырып, түсіндіру. Еңбек етуге баулу. Малдың қасиеттері, пайдасы, оларды күту,туралы түсініктерін кеңейте түсу. Үй жануарларын танып білу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, оқулық және әдістемелік құралдар.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны.

І .Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгендеу

Зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Өзара көз тастаймыз

Жаңа білім алуға

Алға қадам жасаймыз
ІІ.Өткен сабақты еске түсіру:

-Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?

-Жабайы жануарларды атаңдар?

- Үй жануарлары деп қандай жануарларды айтамыз? Атаңдар.

-Үй құстарын ата.


Каталог: upload -> maps
upload -> Ғарыш әлеміне саяхат
upload -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
upload -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
upload -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
maps -> Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері
maps -> Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты 3- сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет