Сабақтың тақырыбы: Бір шаңырақ астында



Дата05.06.2017
өлшемі90,04 Kb.
#17654

Сабақтың тақырыбы: Бір шаңырақ астында
Сабақтың мақсаты: 1.Республикамыздың аймағында тұрып жатқан барлық ұлттар арасындағы достықты бағалау,мемлекетіміз туралы білімдерін бекіту.
2. Балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру;ойлау қабілеттерін дамыту,сөздік қорларын молайту.

3. Балалардың патриоттық сезімдерін оятып; Отанынды сүюге,тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсінік беру,сұрақ-жауап,ойын-жаттығулары.
Қолданылатын көрнекіліктер: Қазақстан картасы, рәміздер суреттері, теледидар, үнтаспа, киіз үй жабдықтары, киіз үйдің макеті,пойыз макеті,түрлі-түсті ленталар,жемістер мен көкөнітер т.б.
Өткізетін жері: ән-күй бөлмесі, екі кеңістікке бөлінеді. Бірінші кеңістікте тақтаға карта және киіз үйдің суреті,теледидар,үнтаспа қойылады. Екінші кеңестікте киіз үйдің бейнесі құрылып, жерге көрпеше төселіп ортаға дөңгелек үстел және ошақ,қаз қойылады (бауырсақтың қамырына керек заттар) т.б.
Сабақтың барысы: психолиялық жаттығу

Ашық алаң:
Ұйымдастыру : Балалар дөңгелене тұрады.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!


Балалар шаттық шеңбердің бойында тұрып,сәлемдесіп алайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқылдайды қаламыз,
Жарқылдайды даламыз.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым

-Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?

-Қазақстан Республикасында

-Қазақстан Республикасының-мемлекеттік тілі, өзінің рәміздері,


ұлттық киімдері,тағамдары,салт-дәстүрлері,ойындары бар.

-Сендер Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?

-Ту,елтаңба,әнұран.

-Бәріміз бірге еліміздің Әнұранын орындайық (Әнұран)


Кіріспе:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бір шаңырақ астында»
-Балалар, "Бір шаңырақ астында" деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Шаңырақ деген не?

-Шаңырақты қайда көруге болады?

-Киіз үйдің төбесінен.

-Дұрыс айтасыңдар.

- Менің қолымда не көріп тұрсыңдар бұл не?

-Киіз үй

-Дұрыс айтасыңдар.Біз сендермен бір шаңырақ астында тұрып жатырмыз.

"Бір шаңырақ астында"130- ден астам ұлт өкілдері бар.Олар бір отбасында тұрып жатқандай бір-бірімен дос,тату-тәтті тұрады. Өз отынын,жерін сүйеді,құрметтейді.

-Балалар,сендер достық ынтымақ туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер білесіңдерме?



Альфия:

Тілі бөлек болғанмен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Варвара:

Мы дружной семьею живем Казахстане,

Татры,уйгры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков,

Дружба народов всех восрастов.

К.Никита:

Дружба народов-не просто слова,

Дружба народов-на веки жива.

Дружба народов-счастливые дети,

Колос на Ниве и сила в рассвете.

-Балалар, сен достық,ынтымақ туралы мақал -мәтел білесіңдер ме?



Г.Никита:

Ынтымақ түбі-игілік

Тірлік, түбі-бірлік.

Р.Вика:

Ынтымақ болмай іс оңбас,

Бірлік,ынтымақ-байлық,бақ.

Балалар: "Бір шаңырақ астында" тұрамыз біздің Отанымыз қалай аталады?

Біздің Отанымыз-Қазақстан.

Еліміздің ел басшысы кім?

Ел басшымыз: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

1. Біз Қазақстан республикасында тұрамыз,біздің еліміз үлкен аумақты бай жер (картадан көрсету).

-Бізде қандай үлкен қалалар бар?

-Алматы,Қарағанды,Көкшетау.т.б.

Біз тұратын қала қалай аталады? (картадан көрсету)

-Бурабай

-Бурабай туралы кім тақпақ біледі?



А. Инабат

Бурабайдың әсем жерін,

Көктем келіп ояты.

Бұл өңірдің самал желін,

Қонақ келіп ояты.
Республиканың астанасы қай қала? (картадан көрсету)

Біздің елордамыз -Астана


Еліміздің бас қаласы туралы теледидардан көрейік.

-Балалар, еліміздің елордасы -Астана сендерге ұнады ма?



Есік қағылады:қонаққа қуыршақ Гаухар келеді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар,қонақтар!

-Сәлем,қуыршақ Гауһар

- Балалар ,қалдарың қалай?

-Жақсы.


-Балалар, мен сендерге жай келген жоқпын.Бүгін сендерге бір сиқырым бар. Менің әжем бар, мен әжеме менің достарым бар, біз "Бір шаңырақ астында" тату-тәтті тұратынымызды қазақша сөйлейтіндеріңді әжеме айтқам,әжем қуанып сендерді көргісі келіп,сендерді қонаққа шақырып жатыр.

Бірақ менің әжем алыста тұрады,әжеме қонаққа бару үшін,пойзбен бару керек.

Пойызбен бару үшін сендерге үшін билет керек.

-Мен сендерге билет дайындап қойдым,бірақ менің шартым бар.Сендер келмей тұрғанда мен мына киіз үйдің алдына билеттерге тапсырма жазып қойдым.Осы билеттердегі тапсырманы орындап билеттерді алыңдар да әжеме пойызбен аттаныңдар. Гаухар тақтадағы киіз үйдің суретін көрсетеді.

-Ал,жарайды сау болыңдар,мені басқа балалар тосып қалды.

-Сендер осы тапсырмаларды орындап әжеме қонаққа барыңдар.

-Сау бол,қуыршақ Гауһар

-Балалар,әжеге қонаққа барғыларың келе ме?

-Ия.

-Онда мына киіз үйдің есігін ашып, тапсырмаларды орындап, әр қайсымызға билетімізді алайық.



1-тапсырма

Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі туда не бейнеленген аттап беріңдер.

Балалар:Туда не бейнеленген? Тудың түсі қандай? кім айтып береді?

Балалар мынау не? Ол ту.

Тудың түсі қандай?( көгілдір)

Ол ашық аспан түсі.


Тудың ортасында ненің суреті? Күн
Күн - бейбітшіліктің белгісі. Ал күн астында қыран құс - еркіндіктің, болашаққа самғайтын құс. Тудың шетінде ою
Ол - қазақ халқының өнері мәдениеті. - Балалар қараңдаршы туда күн, қыран құс, ою алтын түспен салынған ол бақытпен байлықтың белгісі.

Өте жақсы балалалар ,енді үшінші тапсырманы көрейік. Бір билетімз бар.



2-тапсырма

Жыл мезглілдерін және көктем айларын атап беріңдер?

(көктем,жаз,күз,қыс),(көктем айлары:наурыз сәуір, мамаыр)

Жарайсыңдар балалар, міне тағы бір билет алдық.

- Өте жақсы балалалар ,енді үшінші тапсырманы көрейік. Екі билетімз бар.

3-тапсырма

- Балалар, Қазақстан Республикасының рәмізінің бірі - елтаңба


Елтаңбаны қай жерде көруге болады? балалар мен басқа теңге күмістермен біздің теңге қосылып кетті соны тауып ажыратыңдар.

( шекарада ,маңызды құжаттарда,мөрлерде және күміс ақшада)

Дидактикалық ойын: "Теңгені тауып бер"

Өте жақсы балалалар ,енді төртінші тапсырманы көрейік. Үш билетімз бар.



4-тапсырма

Балалар қазақ тілінде неше тән дыбыс бар? және оларды басталатын сөздерді атаңдар.

9- тән дыбыс бар.Олар (ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө,һ)

Мысалы; (Қ) дыбысына Қазақстан, қуыршақ,қоян т.б. ( Ә) әже, әке,әтеш.

Өте жақсы тағы да тапсырманы орындап 5 билет алдық.

5-тапсырма

Қазақтың ұлттық ойындарын аттаңдар

Балалар қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

("ханталапай","қыз қуу","күміс алу","арқан тартыс")

Өте жақсы тағы да тапсырманы орындап билет алдық.

Сергіту сәті:музыка әуенмен ойнау

Дөңгелене тұрамыз


Керегені құрамыз
Уық болып керіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрамыз

6-тапсырма

Қазақша апта күндерін атай аласыңдар ма? Қандай апта күндері балабақшаға келесіңдер,және қай күні дем аласыңдар .

(дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі)

Өте жақсы тағы да тапсырманы орындап 6 билет алдық.



7-тапсырма

"Баурсақ " ертегісі арқылы жабайы жанаурлардың іс-әркетерін айтып беріңдерші.

Өте жақсы тағы да тапсырманы орындап 7 билет алдық.

8-тапсырма

Балалар, сендер балабақшада не істейсіңдер атап беріңдерші.

(ойнаймыз,ұйықтаймыз, тамақ ішеміз, оқимыз)

Өте жақсы тағы да тапсырманы орындап 8 билет алдық.



9-тапсырма

Балалар, мен сендерге әжемнің асықтарын түрлі-түске бояп қойдым,сендер боялған асықтарды атап беріңдерші.

-Балалар, мынау не?

-Ол асық


- асық дегеніміз не? оны қайдан алады?

- Қойдың сүйгінен.

-Дұрыс айтасыңдар, олай болса бояалған асықтарды аттаңдар

(қызыл,жасыл,сары,көк,қара,ақ)

Өте жақсы балалар, тапсырманы орындап әр қайсымызға билет алдық.

-Балалар, әже тосып қалған шығар бәріміз жолға аттанайық қолымызда билетіміз бар пойызға отырайық ( музыка әуенімен ән айтып бару).

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Әженің ауылынада келіп жеттік.

Әже алыстан қарайлап жүреді. Қарсы алады

- Әже: ой балалар, келіп қалдыңдар ма, мен тосып бауырсақ дайындап жатыр едім келдер жоғары шығыңдар маған көмектесіңдер. Мен кәртайдым көзімде көрмейді.

-Балалар,әжеге көмектесеміз бе?

-Ия.

-Онда басымызға қалпақ киіп,қолымызды майлыққы сүртейік.



Қамырға не саламыз мынау не? ұн ба әлде мәнке ме? айыра алмай түрмын.

-Балалар қолмен ұстап, ұн деп жауап береді.

Әже бауырсақтың қамырына қосатын керек заттарды сұрайды.

Балалардың жауабы ( тұз,сүт,жұмыртқа,) т.б.

-Әже қамыр илейді, міне қамырда дайын болды балалар, енді бәріміз бауырсақтың пішінін жасаймыз.

-Балалар, әжеге қарап бауырсақ пішінін жасайды.

-Әже: міне бауырсақ дайын болды, енді мен ошықтың астын жағып, майды қыздырып бауырсақты қурамын,сендер мен бауырсақ пісіргенше мына асықтармен немерелерім ойнайтын ұлттық ойынымыз "Ханталапайды " ойнай тұрыңдар.

Алаңда ұлттық ойын "Ханталапай"

Әже:балалар, бауырсақ дайын болды келіңдер жеңдер.

Әже бізге балабақшаға қайтумыз керек,бізді балабақшада тосып қалды.

-Жарайды онда,бауырсақты өздеріңмен алып кетіңдер,топта жейсіңдер.

-Балалар, біз енді балабақшамыз тез жету үшін ұшаққа отырып ұшып кетеміз.

-Кәне,балалар отырып ұшағымызға от алдырып алайық.

Қорытынды:

-Міне, балабақшамызға келіп жеттік.

- Балалар,сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Ұнады


-Кімге қонаққа бардық.

-Әжеге


-Өте жақсы балалар, осымен сабағымыз аяқталды мына бауырсақты топқа апарып жеңдер.

-Сау болыңдар, балалар!



-Сау болыңыз7


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет