Сабақтың тақырыбы: Біздің қала. Біздің ауыл. Көмекші есімдер



Дата25.12.2016
өлшемі67,67 Kb.
#4705
түріСабақ
4 «Б» 30.09.2015 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Біздің қала. Біздің ауыл. Көмекші есімдер.

Сабақтың мақсаты: 1.Жаңа тақырып бойынша өз ойын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету.

2. Оқушылардың сауатты жазу, қисынды ойлау қабілеттерін арттыру.

3.Оқушылардың өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекіліктер: тірек сызба, жаңа сөздер жазылған парақша, қаланың, ауылдың суреттері.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІV. Жаңа тақырып.


  1. Көмекші есімдер (Служебные имена)

үстінде – на, над ішінде – в, внутри жанында, қасында – возле, окол артында – за алдында – перед астында - под

2. Сөздік жұмысы.

әуежай – аэропорт саябақ – парк

сауыншы – доярка егінші – пахарь

ғалым - ученый

а) тақырыпқа байланысты сөздердің мағыналарын түсіндіріп, аудару;

ә) дұрыс айтуға дағдыландыру;

б) сөз тіркестерін құру;

в)сөйлем құрастыру.

3. Оқылым.

1-тапсырма бойынша мәтінді оқып, аудару, сұрақтарға жауап қайтару.



4. Айтылым.

140-беттегі 2-тапсырмадағы сурет бойынша көмекші есімдермен сөз тіркестерін құрап, айтылым әрекетін іске асыру.



5. Жазылым.

3-тапсырма бойынша көмекші есімдермен сөйлем құрап, жаздыру.

V. Сабақты бекіту.

Жаңа сөздерді қайталап, пысықтау;

Көмекші есімдерді қайталау

VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.

141-беттегі 4-тапсырма. Сұрақтарға жауап жаз.




4 «Б» 02.10.2015 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Ауылда.

Сабақтың мақсаты: 1.Ауылда тақырыбы төңірегінде ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

2. Есте сақтау, ойлау, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу, еңбекке баулу.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІV. Негізгі бөлім.


  1. Сөздік жұмысы.

өзен - река егін – посевы

бағады – пасет егеді – сеет

а)мұғалімнің оқуы; ә) хормен қайталау;

б) жекелеп айту; в) сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.

3. Суретпен жұмыс.



Суретке қарап әңгіме құрастыру.

4. Сұрақ-жауап жұмысы.

Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында 2-тапсырманы орындату.



5. Жазылым.

а)Ойлау қабілетін, сауатты жазу дағдысын дамыту мақсатында 3-тапсырманы жазбаша орындау.

ә) тәуелдік жалғауларды еске түсіріп, қайталау мақсатында 4-тапсырманы жазбаша орындау.

б) дұрыс сөйлей білу, құру дағдысын дамыту мақсатында 5-тапсырмадағы көмекші есімдерді пайдалана отырып, берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрап жазу.

6. Оқылым.

6-тапсырма арқылы оқылым әрекетін іске асыру (мәтінді оқып, аудару, әңгімелеу).

7. Карточкалармен жұмыс.

Фонетиканы қайталау.



V. Сабақты бекіту.

- Қандай жаңа сөздермен таныстық;

- Тәуелдік жалғауларын атаңдар;

- Көмекші есімдерді атаңдар.



VI. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру.

157-беттегі 6-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндау, сұрақ қою.


4 «Б» 05.10.2015 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Менің ауылым.

Сабақтың мақсаты: 1. «Ауыл» тақырыбы бойынша білімдерін толықтырып, өткенді қайталау.

2. Ойлау, есте сақтау, қабілетін дамыту, сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу, таза және сауатты жазуға

дағдыландыру.


Көрнекіліктер: Тақырып бойынша суреттер, кесте, жаңа сөздер жазылған парақша.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІV. Негізгі бөлім

  1. Сөздік жұмысы.

ауыл – аул тұрақ - стоянка

тағам – пища қауын – дыня

а) тақырыпқа байланысты сөздердің мағыналарын түсіндіріп, айту;

ә) сөз тіркестерін құру;

б) сөйлем құру.

2. Оқылым.

157-бет 1-тапсырмадағы өлең бойынша оқылым әрекетін іске асыру.



3. Суретпен жұмыс.

а)158-беттегі 2-тапсырма бойынша суретпен жұмыс ұйымдастыру.



4. Жазылым.

3-тапсырма бойынша жазылым әрекетін орындау.



а) Сөйлемдерді көшіріп жаз, тәуелдік жалғауын белгіле.

ә) Көмекші есімдердің астын сыз.

б) «ауыл» сөзіне фонетикалық талдау жаса

5. Сергіту сәті

6. Айтылым.

4- тапсырмадағы сызба арқылы айтылым әрекетін іске асыру.



V. Сабақты пысықтау.

1. Сұрақтарға жауап бер.

а) Ауыл туралы не білдік?



ә) Қандай көмекші есімдерді білесіздер?

б) Өлең не туралы болды?

VI. Үйге тапсырма беру.

159- бет, 5-тапсырма (жазбаша)



VII. Бағалау.
4 «Б» 06.10.2015 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Ауылдағы еңбек.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды ауылдағы еңбек түрлерімен таныстыру, тақырып бойынша сөйлей білуге үйрету, жаңа сөздерді меңгерту.

2. Ойлау, есте сақтау, қабілетін дамыту, сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.

3. Ауылдағы еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу, нан туралы әңгіме жүргізу.

Көрнекіліктер: Тақырып бойынша суреттер, жаңа сөздер жазылған парақша, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын хабарлау.

ІV. Негізгі бөлім


  1. Сөздік жұмысы.

озат –передовой жем – корм

тау – гора сауыншы – доярка

а) тақырыпқа байланысты сөздердің мағыналарын түсіндіріп, айту;

ә) дұрыс айтуға дағдыландыру; б) сөз тіркестерін құру, сөйлем құру.

2. Суретпен жұмыс.

Ауызекі сөйлеу тілін дамыту мақсатында «Фермада» тақырыбы бойынша әңгіме құру.



3.Мәтінмен жұмыс.

а) мәтінді мұғалімнің оқуы; ә) мәтінді аудару; б) мәтін бойынша сұрақтар құру.



4. Мақалмен жұмыс.

Еңбектің наны – тәтті,

Жалқаудың жаны – тәтті.

а) оқып, мағынасын түсін; ә) жаттатып, жатқа жазу.



5. Сергіту сәті

6. Жұптық жұмыс.

«Ауылдағы еңбек» тақырыбында диалог құру.



7. Мәнерлеп оқу сайысы.

5- тапсырмадағы «Нан иісі» атты өлең арқылы оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысын өткізу.



8. Карточкалармен жұмыс

Фонетикалық талдау, көмекші есімдерге арналған карточкалармен жұмыс.



V. Сабақты пысықтау.

- Ауылда не бар? - Фермада қандай малдар бар?

- Оқушылар фермада не істейді? - Көмекші есімдерді ата.

VI. Үйге тапсырма беру.

159- бет, 2-тапсырма мәтінді мазмұндау.



VII. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет