Сабақтың тақырыбы: «Блокнот» бағдарламасы Қосымша білім беретін педагог: Исағұлова Айнұр Омаржанқызы



Дата24.04.2017
өлшемі131,29 Kb.
#14726
түріСабақ
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы

Ашық сабақ (Ойын технологиясы)
Сабақтың тақырыбы:
«Блокнот» бағдарламасы

Қосымша білім
беретін педагог:


Исағұлова Айнұр Омаржанқызы

Қордай-2012

Ашық сабақ
Күні: 30.01.2012

Уақыты: 15.00

Сабақтың тақырыбы: «Блокнот» бағдарламасы.

Сабақтың мақсаты: «Блокнот» бағдарламасымен таныстыра отырып, «Алтын балық» иесіне жету.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: «Блокнот» бағдарламасына қысқаша мағлұмат беру, сақтау, ашу және жабу командаларын, баспаға шығару командаларын үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыта отырып, командалармен жұмыс істеу және мәтінді дұрыс теру дағдыларын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке, ізденімпаздыққа және компьютерде дұрыс отыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ойын сабақ және жаңа білімді меңгеру сабағы

Сабақтын әдісі: түсіндірмелі-суретті

Оқыту технологиясы: Ойын технологиясы.

Оқыту формасы: Ұжымдық, жеке

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, суреттер, плакаттар, кітаптар, жазба дәптері, карточкалар, балықтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу:

Ә) Оқушыларды түгелдеу;

Б) Қауіпсіздік ережелерін және компьютерде дұрыс отыру ережелерін еске түсіру және мозайка жинау.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Өткен тақырыптарды қайталауға арналған сұрақтар:



  1. Жетектегіш бағдарламасы дегеніміз не?

  2. Файл дегеніміз не?

  3. Қалта не үшін қажет?

  4. Компьютердің негізгі мәзірі қалай аталады?

  5. Жетектегіш бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  6. Қандай ақпараттық өлшемдерді білесіңдер?

  7. Терезе дегеніміз не?

  8. Корзина не үшін қажет?

  9. «Мой компьютер» папкасында нелер орналасқан?

  10. Жетектегіш терезесі қандай бөліктерден тұрады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

1. Қызығушылығын ояту.

Балалар! Бүгінгі жаңа тақырыбымыздың атын табу үшін «Сөзді құрастыр» ойынын ойнайық. Бұл ойынды ойнау үшін бізге мына сөзжұмбақтың шешімін табу керек. Сөзжұмбақтың ортасындағы сары түспен боялған төртбұрыштардың ішіндегі әріптерді тапсақ, сабағымыздың тақырыбы құрастырылады. Қай оқушы жауап берді, сол оқушыға балықтар беріліп отырады.


Б

Л

О

К


Н

О

Т


Сөзжұмбақты шешу үшін қайталауға арналған сұрақтарды қою:


  1. Компьютердің ең кіші өлшем бірлігін ата? (бит)

  2. Дискідегі не басқа ақпарат тасымалдаушыдағы аталған ауман не деп аталады? (файл)

  3. Ақпаратты экран бетіне шығаратын құрылғыны ата? (монитор)

  4. Ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге арналған құрылғыны ата? (компьютер)

  5. Тегіс бетте қозғалтқанда бейне беттегі жүгіргіні жылжытатын шағын манипуляторды ата? (тышқан)

  6. Компьютердің миы болып табылатын құрылғыны ата? (процессор)

  7. Бейне бетте кеңсе папкасына ұқсайтын белгіше түріндегі көріністі ата? (қалта)

Ал, енді, балалар! Сөзжұмбақты шештік пе? Онда біздің бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбымыздың аты қандай)

Балалар: «Блокнот»-деп айтады.



2. «Блокнот» бағдарламасы туралы түсінік беру.

Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.

Оның бір талассыз жақсы жағы бар – ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді.

Бұл бағдарламаны іске қосу үшін:



Пуск Все программы Стандартные Блокнот

Осы команданы орындаған кезде Блокнот бағдарламасының терезесі шығады.


1-сурет. «Блокнот» бағдарламасының терезесі.

Терезенің бірінші жол тақырып жолағы деп аталады. Тақырып жолағында 3 батырма орналасқан.



  • - терезені тапсырмалар үстеліндегі батырма етіп орап қою.

- терезенің бастапқы өлшемдерін қалпына келтіру.

  • - терезені жабу.

- терезені барынша кішірейту.

Тақырып жолағының астында мәзір жолағы орналасқан. Әр мәзір әрқандай қызмет атқарады.

3-ші жол жұмыс парағы деп аталады. Бұл парақта әр түрлі мәтіндерді терсе болады.

Блокнот мәтінді форматтамай (қарпін өзгертпей, безендірмей) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындайды және дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, түзету немесе модем арқылы жіберілетін хатты дайындау кездерінде бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді.

Блокнот тек бір ғана қаріп түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мұнда мәтін фрагменттерімен жұмыс істеу ісі, керекті символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған.

Құжатты сақтау үшін Файл Сохранить как командасын орындау керек. Файлдың атын жазып, Сохранить батырмасын басу керек. Блокнот бағдарламасындағы құжат .txt кеңейтімі арқылы сақталады.

Қаріптің түрін, өлшемін өзгерту үшін мәзір жолағынан

Формат Шрифт командасын орындау керек.

Құжатты баспаға шығару үшін Файл Печать командасын орындау керек.



3. Дене шынықтыру минуттары.

Мұнда ойын ойналады. Ойын «3, 13, 33» деп аталады. «3» деген кезде қол алға созылады, «13» деген кезде екі жаққа созылады, ал «33» дегенде қолды жоғары көтерілу керек. Мұны дұрыс орындамаған немесе қолын ауыстырып созған оқушы ойыннан шығады.



4. Практикалық жұмыс. Оқушыларды бір-бірімен жарыстыру. Кім де кім көп мәтін терсе, сол оқушыға балықтар беріліп отырады.

1. «Блокнот» бағдарламасын ашу.

2. Карточкадағы «Алтын балық» ертегісінің мәтіндерді тергізу.

3. Мәтінді «Алтын балық» деп, Жұмыс үстеліне сақтау.



2. Көз жаттығуын орындау.

IV. Сабақты бекіту:

Бұл кезеңде оқушылар көптеп балық ұстау керек. Мұндағы балықтардың ерекшеліктері бар. Әр балықтың артында сұрақтар жасырылған. Ал оқушылардың міндеті осы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинау. Кез келген 1 оқушы шығып жасырылған сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап 1 балық. Егер, жауап қате немесе толық болмаса басқа оқушы жауап береді. Ол кезде де жауап 1 балыққа бағаланады.



  1. «Блокнот» бағдарламасы дегеніміз не?

  2. «Блокнот» бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  3. «Блокнот» бағдарламасында құжатты қалай сақтаймыз?

  4. «Блокнот» бағдарламасының терезесін қалай жабамыз?

  5. Құжат қандай кеңейтімі арқылы сақталынылады?

  6. Тақырып жолағында қандай батырмалар орналасқан?

  7. - бұл батырма қандай қызмет атқарады?

  8. - бұл батырма қандай қызмет атқарады?

  9. Сақталған құжатты қалай ашамыз?

  10. Қаріптің түрін қалай өзгертеміз?

V. Үйге тапсырма беру:

«Блокнот» бағдарламасын оқу. «Алтын балық» ертегін оқып келу.



VI. Рефлексия:

-Балалар! Сабақ сендерге ұнады ма? Сабақтың қай кезеңдері сендерге ұнады? Несімен ұнады? - деген сұрақтарға жауап алу.



VII. Қорытынды.

Оқушылады бағалау. Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыға «Алтын балық» медалін беру.



Балалар! Бүгінгі сабағымыз бітті. Қош сау болыңдар!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет