Білім беру саласындағы бұлттық технологиялар
Білім беру үдерісіндегі бұлттық технологиялар төмендегі мақсаттарда қолданылуы мүмкін:
Білім алушылардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру, мысалы, үлкен құжат өңдеу. Әр адам өзіне қатысты бөлімге жауап береді, ал қажет болған жағдайда әрбір қолданушы жеке түсініктеме беріп, ақпаратты толықтыра алады.
Мұғалім білім алушыларға тапсырма береді, міндеттерді бөле алады және түсініктеме бере отырып, есептемелерді тексере алады. Ортақ жобамен айналысады.
Бұлттық технологиялар электрондық күнделік жасау мен кез келген жазбаша тапсырмаларды беру үшін қолданылады. Бұл Қазақстанда 2016 жылдан бастап іске қосылған, яғни мұғалім мен оқушы, мұғалім мен ата-аналар арасындағы кері байла-нысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Kundelik-те (бізде Canvas- та) берілген үй тапсырмасын көріп қана қоймайсың, сонымен қатар орындалған тапсырмасы бар файлды бекіту, мұғалімнің түсіндірмесін алу мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |