Сабақтың тақырыбы: Дыбыс үндестігі
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Ауызша, жазбаша жұмыстарын жүргізе отырып, оқушылардың теориялық білімін бекіту, іздендіре отырып, нәтижеге өз беттерінше жетуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Ана тілін қадірлеуге, білімділікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Дыбыстық талдау дағдысын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды ата
Қосымшалар
- мен
- шы
- паз
- нікі
- лар
- дай
- қой
- дың
- ты
- тың
- кер
- хана
ІІІ. Жаңа сабақ
Дыбыс үндестігі
Ілгерінді ықпал
Кейінді ықпал
Тоғыспалы ықпал
Ілгерінді ықпал – көрші дыбыстардың алғашқысы соңғысын өзіне ұқсата әсер етуі
Қатаң - қатаң, ұяң - ұяң, дауысты дыбыс н/е үнді - ұяң н/е үнді: Тас - тан, жаз - ға, адам - нан
Кейінді ықпал – кейінгі дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етуі
Жап - жабу, сабақ - сабағы, кітап - кітабы
Тоғыспалы ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың бір - біріне бірдей ықпал етуі
Шайтанкөл - Шайтаңгөл, тасжарған - ташшарған, Досжан – Дошшан
“Кім жылдам?” ойыны
Тапсырма: Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, дыбыс үндестігінің түрлеріне ажырату:
1. Бесігі, теуіп, табаққа, кітабым, қолға.
2 . Табағы, жауып, серігі, баладан, дәптерім.
3 . Жазығы, тауып, кітабы, қаладан, жазба.
Кітаппен жұмыс
3-тапсырма.61-бет.
Кесте бағандарына лайықты сөздерді табыңдар.
2-тапсырма 63-бет
Берілген кісі есімдерін айтылуы бойынша жазыңдар,ықпалдың түрлерін анықтаңдар.
Сұрақ - жауап
Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
Ол нешеге бөлінеді?
Ілгерінді ықпал дегеніміз не?
Кейінді ықпал дегеніміз не?
Тоғыспалы ықпал дегеніміз не?
Сауалнама
1. «Тіл дыбыстарын» қай тіл білімі саласы зерттейді?
а) Лексика; ә) Морфология; б) Фонетика.
2. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
а) 37; ә) 35; б) 42.
3. Дыбыстар өкпеден шыққан ауаның шығуына қарай нешеге бөлінеді?
а) 3; ә) 2; б) 4.
4. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай қалай бөлінеді?
а) жақты - жақсыз; ә) жуан - жіңішке; б) ашық - қысаң.
5. Дауысты дыбыстың үш түрі кездесетін сөзді табыңыз?
а) биылғы; ә) балапан; б) өнерпаз.
6. Бірыңғай ашық дауысты дыбыстарды табыңыз:
а) а, ө, ә; ә) о, ұ, ы; б) е, ы, э.
7. Жуан дауыстылар қалай жасалады?
а) тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестенуі арқылы жасалады;
ә) еріннің дөңгеленіп, алға қарай созылуы арқылы жасалады;
б) езудің кейін тартылуы арқылы жасалады.
8. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауыстыларды табыңыз:
а) ы, і, и, ү, у, ұ; ә) ө, о, ұ, ү, у, ы; б) ә, е, и, о, ө, у.
9. «У» әрпі қай қатарда дауыссыз болып тұрғанын табыңыз:
а) бауыр; ә) табу; б) қурай.
10. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстың саны қанша?
а) 12; ә) 23; б) 25.
11. Дұрыс жазылған сөзді табыңыз:
а) ансамблге; ә) секретарьы; б) парктен.
12. «ог, уг, рг» дыбыстарына аяқталған сөзге қосымша қалай жалғанады?
а) жіңішке; ә) жуан; б) үндіден басталады.
13. Берілген сөзге қай қосымша буын үндестігіне бағынбай жалғанады? Өнер....
а) - дікі; ә) - паз; б) - ден.
14. Буын үндестігі деген не?
а) дауыссыздар үндестігі; ә) тоғыспалы ықпал; б) дауысты дыбыстар үндестігі.
15. Буын үндестігі сақталған сөзді табыңыз:
а) саудагер; ә) балгер; б) жәдігер.