Байланысты: Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары,мәні,функциялары
Сабақтың тақырыбы: Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары,мәні,функциялары
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін. оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikаs – үйретуші, оқытушы, didaskо-оқушы деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымды ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы Вольфгант Ратке /1571-1635/. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика барлық педагог үшін өте маңызды, өйткені біздің өмірімізде кез келген педагогикалық міндеттерді дидактика ғылымы мен теориялық білім негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зертейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні- оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтежиелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұның, барысын, формасы мен әдістерін зерттеуіне қарай оқыту әдістемесі деп аталады. Мыс: математиканы оқыту әдістемесің, дүниетануды оқыту әдістемесі т.б.
дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми –теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Дидактика пәні – білім беру мен оны тәрбиелеудің амал-құралы ретіндегі оқыту, яғни оқыту мен үйретудің біріккен өзара әрекеттестігі, мұның өзі білімнің мазмұнының оқушылардың мұғалімнің ұйымдастырылуы мен меңгеруін қамтамасыз етеді.
Дидактика оқытудың іс - әрекеттерін, әртүрлі нысандарын зерттейді және анықталған заңдылықтардың негізінде оқытудың әралуан жүйелерін талдап, белгілейді. Бұл жүйелер оқу жоспарларында, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды ашылатын білімнің мазмұнында нақты көрінеді, белгілі бір ұйымдық нысандарда оқытудың тиісті әдістері мен және құралдарымен жүзеге асырылады.
Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәжірибенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.
Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.
Дидактиканың негізгі міндеттері:
- табиғат, қоғам және адам құбылыстары мен заңдылықтары және оларды өзінің практикалық әрекетінде саналы және белсенді іске асыру туралы нақты және ақиқат білімді алу мақсаты мен адам өркениетінің ең мағыналы жетістіктерін игеру арқылы өсіп келе жатқан жас буынды жалпы адамдық құндылықтарға араластыру.
- ғылыми білімнің көлемін және мазмұнын анықтау, яғни оқыту процесінің антологиялық ( грек тілінде ontos – тіршілік ) негізін анықтау, ( яғни оқыту процесінің) дидактика функциясына бағдарланған технологиялық құралдарды қалыптастыру, яғни оқу процесін ұйымдастырудың оптимальды (оңтайлы) шарттарын құру және оларды реттеу.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский ( 1592-1670 ). Оның «Великая дидактика» кітабында ( 1632 ) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып – сабақ жүйесі баяндалған.
ХVІІ ғ. швейцар педагогы Иоганн Генрих Пестолоцци ( 1746-1827 ) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.
ХІХ ғасырдың неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек
( 1790-1966) дамытып оқыту дидактикасы баяндады. Оқыту процесінде әртүрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті. Көрнекілік, еліктіргіштік, жігерлік, оқушылардыі дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу т.б.
К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К. Крупская, П.П. Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.
Белгілі педагог ғалымдардың Б.П. Есипов, М.Н.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселері жөніндегі еңбектерді жариялайды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.
Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагогы ғалымдары ағарту ісінің қайраткерлері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов т.б. өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп бірсыпыра үлестерін қосты.
Қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин ( 1841-1889) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері – бұл балаларды сабаққа, ғылымға өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.
М.Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғаш рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Ташкент қаласында шығарылды.
М.Жұмабаев осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін оқыту не білім берудің негізгі қарастырған. Оның 1917-1918 жылдары Омбы қаласында қазақ балаларының 1919 – 1920 жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабайдағы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден М.Жұмабаевтың шығармашылық ізделу жұмысына ежелгі грек философтары Сократтың, Аристотельдің, сол кездің атақты педагог-психологтары С.Л.Рубинштейннің ( 1889-1960) ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.