Сабақтың тақырыбы: Дина Нұрпейісова Күні: Сынып: 7б Сабақтың мақсаты



Дата04.02.2022
өлшемі23,85 Kb.
#130677
түріСабақ
Байланысты:
дина н


Сабақтың тақырыбы: Дина Нұрпейісова
Күні:
Сынып:
Сабақтың мақсаты: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту. Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
 Жаңа сабақты меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі
: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін айту.
Көрнекілігі:
 Күйшінің портреті, үнтаспа, тапсырмалар.


Жоспар:
І. Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Қызығушылығын ояту
ІV. Мағынаны тану.
VІ. Күй тыңдау.
VІІ. Ой толғаныс.
VІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Қорытынды.


Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
-Сәлемдесу.
-Сынып оқушыларын түгендеу.
-Сыныпты сабаққа даярлау.


ІІІ.Қызығушылығын ояту.
(Сұрақтар арқылы мәлімет алу.)
-Күйші деген кім?
-Кімнің суретін көріп тұрсыңдар?
-Мынаның ішінде күйші кім?
-Неге «Күй анасы» деп атаймыз?
-Дина Нүрпейісова атындағы оркестр қай қалада?
-Қандай күйлерін білесіңдер?
Топтасыру
Ана
Ардақты әже
Күйші Дина кім?
Күй анасы
 
ІV. Мағынаны тану. Дина Нүрпейісова (1861-1955 жж) (Мәтінді 1-оқушыға оқыту)
Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламайсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90-жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады.
1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады.
Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды.
Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған.
Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т.б.
VІ. Күй тыңдау:
Балалар енді Дина Нүрпейісова Әжеміздің «Әсемқоңыр» күйінің тарихымен танысайық тыңдайық.
-Бұл күйдің тақырыбы не жайында?
-Қандай аспаппен орындалып тұр?
VІІ. Ой толғаныс.
Ойын: «Кім жылдам?»
Шарты: Тақтада жазылып тұрған жылдарға үстел үстінен дұрыс жауаптарды тауып, жанына тез орналастыру.
Дина Нүрпейісованың өмір сүрген жылдары?
1861-1953 (1861-1955)
Алматыға тұңғыш қай жылы келді?
1833ж (1937ж)
Қай жылы Орта Азия өнерпаздарының сайысына қатынасты?
1948ж (1944ж)
Дина жайлы С.Бақбергенов қай жылы роман жазды?
1960ж (1963ж)
ІХ. Қорытынды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет