3-тапсырма. ЖЖ. «Белгісін тап»
Берілген логотип бойынша кәсіпорынның біреуіне (таңдауыңызша) жоспар бойынша сипаттама беріңіз.
Жоспар:
Кәсіпорын немесе мекеменің атауы;
Шаруашылық саласы;
Шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің түрі;
Орналасқан жері, орталығы мен дамуына болжам жасаңыз.
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлары
|
- Кәсіпорындар мен мекемелерді қызмет түріне қарай сипаттап, қорытынды жасайды
|
-Кәсіпорынның атауын біледі;
-шаруашылық саласын анықтайды;
-шығарылатын өнімді немесе қызмет түрін көрсетеді;
-орналасқан жерін,орталығын анықтап, болжам жасайды.
|
(ҚБ) Дайын жауаптар арқылы өзара жұптық бағалау. Саралау деңгейлік тапсырма арқылы жүзеге асады.
Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, бағыт береді.
Білімді бекіту үшін «Географиялық диктант» жүргізіледі. Оқушылар жұпта бірін бірі бағалайды.
Жер қойнауынан, су мен орманнан алуан түрлі шикізат пен отын өндірумен айналысатын салалар мен өндірістерді -........... деп атайды.
Тұтыну заттары...... арналған.
Өндіруші өнеркәсіп мынандай салаларға бөлінеді:................
Шикізатты және шикізаттан алынатын жартылай дайын өнімдерді өңдеумен айналысатын салалар - ................. деп аталады.
Қызмет көрсету аясы................................... қамтиды.
Өңдеуші кәсіпорын өндіріс құралдарын да, ................. шығарады.
................. аясы кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке тұлғаларға көрсетілетін қызмет түрлерін қамтиды.
|
Топтарға бөлуге арналған А4 парақтарындағы тақырыптық суреттер.
«Қазақстанның шаруашылық салалары»
https://twig-bilim.kz/film/structure-of-the-earth-5403/
Әрбір топқа арналған флипчардт, маркерлер және бағалау үшін қант қағаздары.
Атлас және кескін карталар
ҚБ тапсырмалары берілген парақшалар
Логотиптері бойынша кәсіпорындарды анықтау үшін оқушылар ғаламтор желісін пайдаланады.
|