Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіруші және өңдеуші, қызмет көрсету салалары



бет6/7
Дата11.11.2022
өлшемі446 Kb.
#157778
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1b15b

Сабақтың соңы
5 минут

Қорытындылау. «Домино» әдісі арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға қосымша сұрақтар қою арқылы жаңа білімді оқушылардың қаншалықты меңгергендігіне назар аударады.
Оқу мақсаттарына қайта оралу ұсынылады.

Кері байланыс: «Блоб ағашы» парағы беріледі. «Сіз өзіңізді қай жерден көресіз?»


«Блоб ағашына» оқушылар өзінің бүгінгі сабақтағы жетістік деңгейін белгілейді.



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Сабақ барысында оқушылар білу және түсіну дағдыларын қалыптастыру мақсатында дүниежүзілік шаруашылық салаларын жіктеп, ерекшеліктеріне қарай топтастырады, сұрақтарға жауап беріп, көрсетілген видеороликті «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі бойынша өз ойларымен бөлісе алады. Қолдану деңгейі дағдыларын қалыптастыруда Қазақстанның кәсіпорындары мен мекемелерінің қызмет түрлеріне қарай шаруашылық салаларын анықтайды.Сондай-ақ, кәсіпорындарға жоспар бойынша сипаттама беріп, қорытындылайды.

Қалыптастырушы бағалау-сабақтың барлық бөлімдерінде көрініс табады.
Кіріспе бөлімде дайын жауаптар арқылы дербес бағалау, мұғалімнің қолдауы мен ынталандыруы жүзеге асады.
Сабақтың негізгі бөлімінде «Мадақтау сэндвичі» арқылы топ ішінде өзара бағалау, дайын жауаптар арқылы жұптық өзара және дербес бағалау, мұғалімнің мадақтауы және бағалау критерийлері арқылы бағалау жүзеге асырылады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде өзара жұптық бағалау және дербес бағалау кері байланыс арқылы жүзеге асады. Бағалау критерийлері тапсырмалар бойынша қолжетімді және нақты қадаммен түсінікті жазылған.

Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау,(тақтадан қашықтығы, топтарда отыруы), АКТ-ны қолдануда интерактивті тақтаны 15 минуттан артық қолданбау .







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет