Сабақтың тақырыбы: Әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы Сабақтың мақсаты



Дата04.07.2018
өлшемі109 Kb.
түріСабақ
Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі


Ашық сабақ

Әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы


Пән оқытушысы: Ермаханова Ж.Т.

Алматы, 2017 жыл
Сабақтың тақырыбы: Әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: әдебиеттің қоғам өмірімен тығыз байланысы жөнінде әңгімелеп, дәуір шындығынан сыр шерту

Дамытушылық: шәкірт санасына өзіндік көзқарас қалыптастыру, ой-қиялына ерік бере отырып, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру

Тәрбиелік: ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырып өзгенің пікіріне құрметпен қарауға тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: білімді бекіту

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, психология

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кітап көрмесі, слайд, фильмдерден үзінді, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

М: Сәлеметсіңдер ме? Көңіл күйлерің қалай? Сабағымызды бастамас бұрын алдымен мына жүрекшені бір-бірімізге сыйлай отырып, жақсы қасиеттерімізді тізіп шығайық.

С: Мен саған мына жүрекшені беремін, өйткені сен...

М: Ал мен сендерге мына гүлдерді ұсынамын, қалағандарыңды алыңдар. Гүл түсіне қарай топқа бөлінеміз.

(Білім алушыларды түгендеу, жоқ студенттерді журналға белгілеу)



II. Үй тапсырмасын қайталау кезеңі

Тәтті сұрақтар

  1. Өнер түрлерін атаңдар (сәулет, кескін, мүсін, әуез, сөз өнері)

  2. Әдебиеттің даму кезеңдерін атаңдар

  3. Ауыз әдебиетінің үлгілері

  4. Ежелгі дәуір әдебиеті (VII-IX ғ.ғ.)

  5. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XV-XVIII ғ.ғ.)

  6. ХІХ ғасыр әдебиеті

  7. ХХ ғасыр әдебиеті

  8. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті

  9. Қазіргі әдебиет

  10. Әдебиеттің тектері

III. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

«Мен саған, сен маған» әдісін қолдана отырып, бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.



ІV. Жаңа сабаққа дайындау кезеңі

М: Мына адасқан әріптерді ретімен орналастырсақ, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.

(адасқан әріптерді топтарға бөліп беру)



V. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

М: Ал жаңа сабағымызды бастайық. Әдебиет саласына шолу жасап, топпен ұйымдасып өтеміз. Топқа бөліну үшін мына гүл шоқтарын таңдаймыз. Бүгінгі сабағымызда топпен жұмыс істейміз. Бүгінгі жаңа сабағымызда әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы туралы айтатын боламыз. Жалпы, біздің өміріміздің өзі әдебиетпен тікелей байланысты.

Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең,-деп Абай атамыз айтпақшы, біз өмір есігін ашқаннан бастап өлеңмен сусындап, анамыздың әлдиімен есейдік.

Әдебиет – қоғамдық сананың айрықша саласы, адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Әдебиет қоғам өміріндегі сан қилы шиеленіс, тартыстарды, қақтығыс пен күресті бейнелейді.

Әдебиет адамның байқағыштық, сезімталдық, көркем ой-қиялдан ләззат ала білу секілді қабілеттерін күшейте түседі, эстетикалық сезімін байытады. Әдебиет адамды биік қоғамдық идеялдар, зор арман-мұратарға жетелейді. Мысалы, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі ұшатын кілем жайлы ертекті алып қарайық. Ұшақ – осы ой-қиялдың жемісі.

Әдебиет – ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы. Әр дәуірдің әдебиетінде сол дәуірдің ізі сайрап жатады. Әдебиет қоғам өміріндегі сан қилы шиеленіс, тартысты, қақтығыстарды мен күресті бейнелейді. Сондай-ақ саяси моральдық мәселелерді қозғайды.

1. Қазақ хандығы туралы

2. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

3. 30-шы жылдары қазақ қоғамының зиялыларын қырып салған қанішер Кеңестік

саясат кесірінен ұлтымыз қаймағынан айырылған көк сүттей күй кешті. Халықтың 75%-ы (4 млн) аштықтан қынадай қырылып, өз елінде тау-тау болған мүрделер қарға-құзғынға жем болды. 30-шы жылдардағы зобалаң болмағанда демографтардың айтуы бойынша қазақ бүгін кемі 60 млн болар еді. 1906 жылы әлемдегі ең көп 30 ұлтқа кірген қазақ, 1940 жылы 200 ұлтқа да кіре алмады. Бұл сол кезеңнің жауыздығын айқын көрсетіп тұр емес пе?! Құрбандарға мың тағзым, құрбан қылған голощекиндіктерге мәңгілік лағнет. Біз ешқашан қасіретті жылдарды, қазақ тарихына қатысты бірде-бір кезеңді ұмытпаймыз!

4. Ақтар мен қызылдар арасындағы шайқас туралы, кеңес үкіметінің орнауы

туралы да қалам тартқан ақын-жазушылар жетерлік. «Қан мен тер», «Ботагөз», «Бандыны қуған Хамит» сияқты шығармаларды мысалға келтіре аламыз.

5. М.Дулатұлы «Бақытсыз Жамал» романында, С. Көпеев «Қалың мал» романында әйел теңсіздігі, елде болып жатқан әділетсіздікті, әйел құқығын жерге таптауды сынап, өз шығармаларына арқау етті.

6. Қаншама ананы жесір, балалардың балалығын ұрлап жетім атандырған ҰОС жайлы, батырларымыздың ерлігі жайлы қалам тартқан Б. Момышұлы, С. Мәуленов, Қ.Аманжолав сияқты ақын-жазушыларымыз көп-ақ.

7. Қазақтың қасіреті болған Семей полигоны, оның радиациялық сәулесі кесірінен бұрын естіп-білмеген сұмдықтары туралы Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» атты хикаяты қалың оқырманға жол тартты.

8. Қазақ жастарын қыршынынан қиған сол бір зұлматты күндердің ащы шындығын естіп, кеңестік жендеттердің жауыздығы жайлы жазылған әдебиеттер көп емес. Дегенмен де атап өтер болсақ, Бейсенғазы Нүкен ағамыздың «Желтоқсан ақиқаты», «Желтоқсан ызғары» сияқты еңбектер жарық көруде.

Бенжамен Матип: «Мен қазақтар жайлы бұрын еш нәрсе естіп-білген емес едім. Ал қазір мен оларды білемін, тіпті, өте жақсы білемін, өйткені жуырда ағылшын тілінде Мұхтар Әуезовтің керемет кітабын оқыдым. Мен тамаша адам – қазақ халқының ақыны Абаймен таныстым, оның сүйген қыздары – Тоғжанмен, Әйгеріммен, оның абзал достарымен таныстым. Мен оларды жақсы көрдім, бейне ұзақ жыл бірге тұрып, қайғы-қуанышын бірге бөліскен адамдай жақсы көрдім. Солармен бірге тіпті Сіздің дарқан даланын, тұнық ауасымен тыныстаған секілдімін. Айтты-айтпады, қазақ дегеніңіз ғаламат сұлу халық екен ғой!» - деген екен.

Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың сол өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді.

Әдеби туындының бәріне ортақ мазмұн – адамның арман, мұраты, қоғамдағы адам тіршілігінің мәні мен мағынасын паш етеді. Әдебиет адамды биік қоғамдық идеялар, зор арман-мұратарға жетелейді. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық үшін күресуге жігерлендіреді. Әдебиет жақсылық пен игіліктің ұрығын себеді. Бірақ қазір сөздің құны арзандап кеткендей. Бәлкім бұған себепкер ақпарат ағынының, технологияның дамып кеткені шығар(телефон, компьютер) Мен, сіз, жалпы біз әке-шешемізден, досымыздан, бізді қоршаған жақын жандардан алыстап барамыз.

(Видео: МС Сайлаубек пен Е.Хасанғалиев, Н. Нүсіпжановтардың орындауындағы әндерді тыңдау)

Әдебиеттің қоғамдық мәнін сөз еткенде, оның танымдық маңызын аттап өту мүмкін емес. Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, табандылыққа баулиды, адалдық үшін күресуге жігерлендіреді. Оқырман әдеби шығармадан әлеуметтік мәселелерге жауап-шешім іздейді.

Көркем шығарма адамға өмірді танытады, таныта тұра тәрбиелейді.



VІ. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

«Синквейн» әдісі (бес жолды өлең жазу)

Эдвард де Бононың «Алты қалпақ» әдісі

(үлестірмелі қағаздағы тақырып бойынша сөйлеу)



VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі

«АКSOPOST» әдісі

«Жүректен жүрекке» деген тақырыпта жазған хаттарын оқу

Көркем әдебиет жасыған көңілді жұбатады, жақсылыққа жетелейді. Жаралы жанның жарасына ем болды. Сондықтан жақсылықтың барына, арман-мұратына жететіндігімізге сене білейік. Қандай қам көңіл жағдарлар, тағдыр тезіне кез болсақ та бір-бірімізге қол ұшын созудан аянбайық!

Мен жастарға сенемін

Көздерінде от ойнап,

Сөздерінде жалын бар

Жанна қымбат оларға ар

Мен жастарға сенемін.

Бір-бірімізге сенейік, қолдау білдірейік

Поэзия минуты

VІІІ. Үйге тапсырма: мақала жазу

ІХ. Бағалау кезеңі

Рефлексия «Бәрі өз қолымда» әдісі

М: Алдарына таратылған парақтарға өз қолдарыңның суретін салып, әр саусаққа ойларыңды жазыңдар.

1.«Үлкен саусақ» - мен үшін ... қызықты болды.

2. «Сұқ саусақ» - мен бүгін ... түсіндім.

3. «Ортаңғы саусақ» - мен үшін ... қиын болды.

4. «Төртінші саусақ» - менің бағам...

5. «Кішкентай саусақ» - менің ... білгім келеді.



Алматы қаласы Білім басқармасы

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі

ОІ орынбасары

Г.А. Нурмолданова

____________________

«_____» _______ 2017 ж

САБАҚ ЖОСПАРЫ Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақ: №

Тақырыбы: Әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы

Сабақтың мақсаты

Білімділік: әдебиеттің қоғам өмірімен тығыз байланысы жөнінде әңгімелеп, дәуір шындығынан сыр шерту

Дамытушылық: шәкірт санасына өзіндік көзқарас қалыптастыру, ой-қиялына ерік бере отырып, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру

Тәрбиелік: ұлттық рухани құндылықтарды бағалай білуге, адамгершілік қасиеттерін ұштай отырыпөзгенің пікіріне құрметпен қарайға тәрбиелеу

Сабақтың негізгі кезендері мен уақыты

1.Ұйымдастыру кезеңі

5

«Құнды қасиеттерді жинау» психологиялық ахуал







Студенттерді түгелдеу

2. Өткен тақырып бойынша білімді тексеру:

10

Үй тапсырмасын қайталау

«Тәтті сұрақтар»әдісі

Әдебиет теориясы

5

Үй тапсырмасын сұрау

«Сен маған, мен саған» әдісі

3.Тақырып бойынша оқу материалын түсіндіру:

45

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: білімді бекіту

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Әдебиеттің қоғам өмірімен байланысы

15

Жаңа сабақты түсіндіру

«Синквейн» әдісі




15

Эдвард де Бононың «Алты қалпақ» әдісі




10

Дәптермен жұмыс




5

Сергіту сәті

4. Жаңа материалды бекіту

10

«АКСОПОЧТА» әдісі




5

Поэзия минуты

5. Үйге тапсырма

5

Мақала

6. Сабақты қорытындылау

5

Рефлексия «Бес саусақ» әдісі







Бағалау

Пәнаралық байланыс




Оқу үрдісін техникамен қамтамасыз ету

1. Қазақстан тарихы




Интербелсенді тақта

2.Музыка




Оқулық, көркем әдебиет







Үлестірме материал













Қажеттілік: 1. Тәртіп сақталуына көңіл бөлу





Оқытушы: Ермаханова Ж. Т.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу