7(Т2.) Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Сабақтың мақсаты
Оқушылар тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтайды.
Олар:« Егіннің бастары.» тақырыбына «Вен диаграммасын» жасайды. Тақырып бойынша әңгімелейді.
Тілдік мақсаттар
егін, егіншілік, диқан,алқап, молшылық, дәнді дақыл.
Бағалау критерий
Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, ақпараттың өзектілігін анықтай алады.
«Егіннің бастары» тақырыбын «Вен диаграммасына» сала алады.
Сабақта қамтылатын құндылықтар
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жалпыға бірдей еңбек қоғамы тармағы сәйкес, рухани-адамгершілікке баулу.
Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.Балалар «Сергіту сәтін» жасайды. Мұғалім көк, сары түсті смайлик суреттері бар стикерлерді оқушылардың қолдарына жабыстырады. Олар суреттер бойынша екі топқа мүдделері ұқсас оқушылар тәсілі арқылы бөлінеді.
№1 тапсырма «Телефон» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.Оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды. «Миға шабуыл».Слайдтарды көру арқылы оқушылар жаңа тақырыпты атайды. -Сонымен сабақтың тақырыбы қандай ?Дұрыс:«Егіннің бастары ».Талқылау сұрақтары арқылы сабақтың мақсатын белгілейді.Бүгін өзара Бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалаймыз. Дескрипторлар мен бағалу критерийлер беріледі.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873 – 1938) -Адамдық диқаншысы кім?Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,Көңілін көтеруге құл халықтың..Шығарма жанры қандай?-ережесі Мысал.Мысалдың ерекшелігі қандай?№2 тапсырма Мәтіналды жұмыс.Сұрақтарға жауап береді:- Қандай астық түрлерін білесің?- Бидайдан қандай өнім аламыз?- Егін жақсы шығу үшін не керек? Тыңдалым.Оқылым. Берілген мәтіндерді оқып, аударады.
Сұрақтарға жауап беріңдер. - Неліктен тәкәппарлық жаман қасиет?
- Сендер осындай адамды кездестірдіңдер ме?
- Тәкаппарлықтан қалай арылуға болады деп ойлайсың
Сөздікпен жұмыс. 1Тәкаппар-(өркөкірек) 2Тағзым ету-(қызмет көрсе )
3.Шекірейіп қарау-(менсінбеу.)4.Төмен бүгілу-(еңкею)
5.Сорайған қарасына (бойына)6.Қайран калу-(таңғалу)
7.Тұтынба-(еліктеме.)8.Балау- тең көру (бірдей санау)
9.Сайран етіп-(қыдырып)10.Теңгермейді-(менсінбеу)
№3 Тапсырма Айтылым.« Тәкаппар адам» мен «Данышпан адам» салыстырып «Венн диаграммасына» салыңыздар. Дескрипторлар « Тәкаппар адам» мен «Данышпан адам» салыстырып «Венн диаграммасына» сала алады.Сөздер мен сөз тіркестерді дұрыс қолданады.Қосымша №4
КБ «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.
Сабақты қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы ой қорытындылайды.
1. Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген? 2. Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме? БК. Сұрақтарға жауап бере алады. Үй жұмысы:1. 55-бет 10-тапсырма ( Берілген сөздермен басы иіліп тұрған бидай мен кекірейіп тұрған арасындағы диалог құрастыру. )
Көңіл вазасы» әдісін сабақты қорытындылауға қолданамын.Оқушылар стикерлерін көңілдері жақсы болса ваза ішіне,керісінше жағдайда сыртына жабыстырады
«Көңіл-күй вазасы»