Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты


§ 26. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының өнері



бет4/4
Дата24.05.2017
өлшемі1,1 Mb.
#16958
түріСабақ
1   2   3   4
§ 26. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының өнері

Сабақтың мақсаты:



  • Қазақ халқының музыка өнерінің түрлері, ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.

Сабақтың жоспары:

  1. Музыка өнері

  2. Айтыс.

  3. Қазақтың музыкалық аспаптары

  4. Қолөнер және қолданбалы өнер

І. Егер мүмкіндік болса, сабақты мұражайда, көркемсурет галереясында өткізуге болады. Кейін оқушыларға мұражайда көргендері туралы тарихи шығарма жазғызуға болады.

ІІ. Сабақты күні бұрын жоспарлау барысында сурет пәнінің мұғалімімен келісіп, көрнекі құрал ретінде және оқушылардың есіне жақсы сақталу үшін музыкалық аспаптардың суреттерін сызып, сол аспап туралы оқушыларға түсінік беруге болады. Музыка пәнінің мұғалімін немесе оқушылардың біреуін сол аспаптардың бірінде ойнатқан жөн.

ІІІ. Еңбек пәнінің мұғалімімен біріге отырып қолөнер және қолданбалы өнер жөнінде көрме ұйымдастыруға болады. Қосымша деректі пайдаланып, бір оқушыға алдын ала қолөнер жөнінде мәлімет дайындап келуді тапсыру да оқушының сабаққа деген ынтасын арттырады.

Айтыс тақырыбы бойынша оқушылар арасында (мүмкіндік болса) айтыс ұйымдастыруға болады. Теледидардан қазіргі айтыс өнерінен үзінділер көрсетілсе, құба-құп.

Сабақ соңында жаңа сабақты қалай түсінгенін тексеру үшін мынадай тест сұрақтарын қоюға болады:


  1. Таң патшалығының көрнекті ақыны Бэй Жуші өзінің «Биші бикеш» деген өлеңінде қандай тайпаның қыздарының билерін суреттейді?

    1. Қаңлы;

    2. Үйсін;

    3. Сақ;

    4. Сармат.

  1. «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген сөзді айтқан кім?

  1. Ш.Уалиханов;

  2. Г.Н.Потанин;

  3. А.В.Затаевич;

  4. А.Құнанбаев.

  1. «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының авторы:

  1. Г.Н.Потанин;

  2. Ш.Уалиханов;

  3. А.Құнанбаев;

  4. А.В.Затаевич.

  1. Елге жау шапқанда хабар беретін аспап:

  1. Керней;

  2. Асатаяқ;

  3. Сырнай;

  4. Домбыра.

  1. Бақсы-балгерлер зікір салғанда пайдаланатын аспап:

  1. Асатаяқ;

  2. Сырнай;

  3. Сыбызғы;

  4. Дабыл.

  1. Әншілер немесе күйшілер ән айтып күй тартқанда пайдаланатын аспап:

  1. Домбыра;

  2. Даңғыра;

  3. Дабыл;

  4. Керней.

  1. Балшықтан, қамыстан, мүйізден жасалатын аспап:

  1. Сазсырнай;

  2. Домбыра;

  3. Асатаяқ;

  4. Дабыл.

  1. Соқпалы музыкалық аспаптар:

  1. Даңғыра;

  2. Қобыз;

  3. Домбыра;

  4. Сырнай.

Үй тапсырмасы:

Қосымша деректерді пайдаланып, қазақтың бір музыкалық аспабы жөнінде мәлімет дайындап келу.

10-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:§ . Діни наным-сенімдер.

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының діни наным-сенімдері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойындағы наным-сенімдерге деген объективті көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың жоспары:

Ұлттық салт-дәстүрлер. Шаруашылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

1.Отбасыға байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер

2.Ұлттық ойындар

3.Діни наным-сенімдер

Сабақты толық сабақ ретінде жүргізуге болады. Ол үшін осы жоспардағы 3 тақырыпты сынып оқушыларын үш топқа бөліп берген жөн. Сөйтіп, әр топ өз тақырыбын қосымша деректер мен нақты мысалдар келтіру арқылы кең түрде мағлұмат беріп дәлелдегені дұрыс.

Сабақ соңында әр топ өзінің сұрақтарын қалған топқа ұсынып, дұрыс-бұрыстығын бағалайды. Бұл сабақта еңнегізгі шарт: әр топқа берілетін уақытты белгілеу қажет.

Әр топ шамамен төмендегідей сұрақтар дайындайды.

1.Отпен тазарту, «Қарқаралы көш», отау қағу, қазық байлау, бие мұрындық сөздеріне түсінік беріңдер.

2.Құрық, желі, көген, жүген, ноқта, бақан-олар не үшін қажет, оларды басуға неге тыйым салынған?

2-топ. Отбасына байланысты әдет-ғұрыптар, салт-саналар.

1.Бата аяқ, қарғыбау немесе үкітағар, киіт кигізу, ұрын бару, қыз қашар, желі тарту, есік ашар, т.б. ырымдар қай кезде жасалады?

2.Ат тергеу дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Жылу, немеурін, үме, асар деген не?

Сабақ барысында әр топ алғашқыда өз тақырыбы жөнінде тек түсіндіріп қана қоймайды, қосымша көрініс, рөлдік ойындар да көрсетуге болады. Қай топтың сұрағына көпшілік жауап бере алмаса, сол топ жеңіске жетеді.

Сабақ соңында оқытушы діни наным-сенімдер жөнінде айта отырып, сабақтағы негізгі мәселелер бойынша қорытынды жасайды.

Үйге тапсырма: Оқулық соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалып келу.

§ 28. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы

Сабақтың мақсаты:


  • Ұлы Жібек жолының пайда болуы және халықаралық қарым-қатынас пен мәдениеттің дамуындағы алытын орны туралы түсінік беру. Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының тармақтарын, Қазақстанның сауда экономикалық дамуындағы ықпалын көрсету.

Сабақтың көрнекілігі:

«Ұлы Жібек долының» картасы, сызба, суреттер.

Сабақтың жоспары:


  1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы.

  2. Ұлы Жібек жолындағы сауданың шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.

  3. Ұлы Жібек долының халықаралық мәдениеттегі, халықаралық қарым-қатынастағы тарихи маңызы.

  4. Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолының тармақтары

  5. Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.

Сабақ жоспарының бірінші мәселесі бойынша Ұлы Жібек жолының пайда болуы жөнінде оқулықтағы 6-картаны пайдалануға болады. Мүмкіндік болса, бұл картаны үлкейтіп, көбейтіп, әр партаға таратып, оқушылардың осы картамен жұмыс істеуіне көңіл бөлген жөн. Мұғалім түсіндіру барысында, негізінен, мына мәселелерді басшылыққа алуына болады.

  • Жібек жолының «Ұлы» деп алатуы;

  • Жібектің жасалу уақыты мен айырбас саудаға түскен мерзімі;

  • Жібек жолының тармақтары

Сабақ жоспарындағы екінші мәселені тірек-сызбалар арқылы түсіндіру ұсынылады.

Сабақ жоспарының төртінші мәселесі бойынша оқушылардың картамен жұмыс істегені дұрыс. Оқушылар өз бетімен жұмыс істеп, Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттарын картаға түсіреді. Мәтінді сабақ үстінде талқылай отырып, бірден картаға түсіру оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне көмектеседі.



Тараз қаласынан

Византия шеберлері жасаған құмыралар табылған

Талғар, Испиджаб, Отырар қалаларынан

Қытайдың фарфордан жасалған ыдыстары табылған

Кедер қаласынан

Х-ХІ ғасырларда пенджикентте жасалған биші қыздың ағаш мүсіні табылған

Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларынан әр түрлі діни нанымдарға байланысты ғимараттар қалдығы табылған.


Сабақ жоспарындағы бесінші мәселе туралы мұғалім түсіндіру барысында мынаған көңіл бөлгені жөн:

  • Ұлы Жібек жолында пайда болған қалалардың түркі тілдес ру-тайпалардың отырықшылануына пайдасы тиді;

  • Отырықшылыққа бейімделген тайпалар егін егіп, сауда жасап, мал өсірді, т.б.;

  • Орта ғасырлардағы Тараз, Сайрам, Талғар, Отырар, Түркістан, т.б. қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етті.

Сабақ барысында оқушыларға хрестоматиядағы қосымша деректерді оқып келуді тапсыруға болады. Жаңа сабақты өту барысында оқушылар қосымша деректерден мысал келтіріп, өз түсініктерін айтып береді.

М мәтіндегі оқиғалар желісі көлемді болғандықтан, бұл сабақты екі сабаққа бөліп өткізуге болады. Мәтін соңындағы сұрақтарды пайдаланып, жазбаша бақылау жұмыстарын алуға болады.

Үйге тапсырма:


  1. Қосымша деректерді оқып келу, картамен жұмыс.

  2. Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.

10-сынып.Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:§ .Ресейдің ХVIII ғ. бірінші ширегіндегі саясаты

Сабақтың мақсаты:

Қазақ хандығының XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі ішкі, сыртқы саяси жағдайын, қазақ-қалмақ, қазақ-орыс қарым-қатынастарының тиімділігі және шиеленісті жақтарын түсіндіру. Жоңғарларға қарсы соғысындағы қазақ халқының ерлік күресін, жеңісін көрсету.



Сабақтың көрнекілігі:

«XVIIIғасырдағы Қазақстан» картасы

«Қазақстан Республикасының саяси картасы»

Сызба, кестелер, суреттер



Сабақтың жоспары:

Қазақ хандығының XVIII ғасырдың басындағы ішкі саяси жағдайы.

Қазақ хандығының сыртқы саясаты.

Қазақ-орыс қарым-қатынастары

Қазақ халқының жоңғарларға қарсы соғысы.

Бұл тақырып тараудың басы болғандықтан, мұғалім өткен тарауға шолу жасап, қорытындылап, жаңа материалды түсіндіруге көшеді.

Мұғалім жаңа сабақ жоспарын оқушы дәптеріне жазғызып, бірінші мәселені бастайды. Оқушылардың қызығушылығын, картаны меңгерудегі білімдерін тереңдете түсу мақсатында XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығының алып жатқан аумағын картадан көрсетіп, оқушылардың өзін қатыстыра отырып түсіндіреді.

Сабақ барысында Тәуке ханның билік құрған жылдардағы ішкі-сыртқы саясатына тоқтала отырып, бір орталықты күшті мемлекет құрудағы мақсатының жүзеге аспағаны, Үш жүзде үш хандықтың сайланып, бытыраңқылыққа түскені түсіндіріледі.

XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясатын түсіндіру барысында мына мәселелерге көңіл бөлінеді: қазақ-жоңғар қатынасы, Жоңғар, Орал, Сібір, казактары мен қалмақтардың шабуыл жасап тонаушылық әрекеттері жоңғарлардың 1708-1710 жылдардағы шабуылы, 1723 жылы басталған жоңғарлардың жойқын шабуылына қазақ қолдарының 1726 жылы бірігіп тойтарыс беруі.

Мұғалім үшінші мәселе бойынша Ресей үкіметінің Қазақ хандығының ауыр жағдайын пайдаланып, өз қол астына алу мақсатын ойлағанын ашып көрсете отырып, бұл мақсатына бірте-бірте жетіп отырғанын, дегенмен қазақ жүздерінің де Ресеймен қарым-қатынас жасауға мүдделі болғанын айғақ келтіре отырып дәлелдейді.

Осы тақырыпшаны түсіндіру барысында оқушылардың өзіндік жұмыс жасап, оны қорытындылап, таным қабілетін жетілдіру мақсатында сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінмен жұмыс жүргізу тәсілдерін қолдануға болады.

Алдымен, оқушыларды топқа бөліп, әр топқа тақырыпшадағы азатжолдарды бөліп беріп (5-6 топ немесе оқушы), уақыт белгіленеді (2-3 мин), оқып шыққан соң мәтінді жауып қойып, әр топқа материалдарына қарай сұрақ беріледі. Топ сұрақты талқылайды (2 мин).

Ескерту. Әр топ берілген сұрақтарды алдын ала қағазға жазып, тақтаға іліп қоюға да болады, оқушылар жауап беріп жатқанда, басқа оқушылар қандай жауап екенін еске түсіріп отырады. Кезекпен жауап береді. Мұғалім толықтырып не жетелеп отыруына болады.

Төртінші мәселеде қазақ халқының жоңғарларға қарсы соғысы түсіндіріледі. Картаны, батырлар мен билердің портреттерін, суреттерін, «Аңырақай шайқасы 1729 жыл» суретін пайдаланған дұрыс

. «Елім-ай» әнін тыңдауға болады. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыс туралы жазылған тарихи, көркем әдеби шығармалардан (кітаптардан) көрме ұйымдастыру да сабақтың мақсатына жетуіне ықпал етеді.

Сабақ соңында қорытынды жасағанда көрмемен таныстыру керек. Сабақ үстінде оқушылардың дидактикалық материалдарды пайдаланып, қажет жерлерді дәптерлеріне жазып отырғаны дұрыс.

Жүйелі түрде құрылған бекіту сұрақтары арқылы оқушының өтілген материалды қандай дәрежеде меңгергендігін анықтауға болады.

Бекіту сұрақтары


        1. Картадан XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы хандықтардың аумағын көрсетіңдер.

        2. XVII ғасырдың басында қазақ халқының саны қанша болған?

        3. Тәуке ханның билік жүргізген кезі қай ғасыр, ол ғасыр неге «алтын ғасыр» деп аталған?

        4. XVIII ғасырдың басында жоңғар өкіметі билеген Себан-Рабданның сыртқы саясаттағы мақсаты қандай болды?

        5. Қазақ ру-тайпаларының бірінші және екінші құрылтайы қандай мәселелерді қарады?

        6. «Ақтабан шұбырынды» жылдары қай жылдар, неге олай аталған?

        7. Қазақ-орыс қатынастарын жақсартуда екі жақ қандай мақсат көздеді?

        8. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы және Оңтүстік Орал,Батыс Сібір халықтарының сыртқы саясатында ортақ қандай мақсат болды?

Сонымен бірге жоңғарларға қарсы соғысқа байланысты оқушыларға кесте толтыртуға болады.

Жылы

Оқиға

1717 ж.




1718 ж.




1722 ж.




1723 ж.




1724 ж.




1725 ж.




1726 ж. күзі




1726 ж.




1727 ж.




1728 ж.




1729 ж.




Оқушы білімі бағаланады.

Үйге тапсырма. §. Тақырып соңындағы сұрақтар бойынша жауап әзірлеу; қосымша дерек материалдарын оқу.

§30. Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруі

Сабақтың мақсаты:


  • Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылу қарсаңындағы саяси жағдайын, қазақ халқының алдында тұрған міндетін, сақсатын көрсету. Кіші және Орта жүздердегі Ресей құрамына кіру барысындағы саяси оқиғаларды, Абылай ханның қазақ хандықтарын біріктіру жолындағы әрекеттерін, Ұлы жүздің Ресейге қосыла бастауын және қазақ жерлерінің Ресейге қосылуының аяқталғанын деректер келтіре отырып түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «XVIII ғасырдағы Қазақстан» картасы.

  2. "ХІХ ғасырдағы Қазақстан» картасы.

  3. «Абылай» портреті, суреттер, мөрдің суреті, т.б.

  4. Буклет, сызба, кесте

Сабақтың жоспары:

  1. Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің құрамына кіруі

  2. Қазақ жерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі

  3. Патша үкіметінің Оңтүстік Қазақстанды басып алуы.

Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

Сабақтың жоспары оқушы дәптеріне жазылады. Жаңа сабақ материалы өткен сабақпен байланысты болғандықтан, оқушылардың танымдық білімін дамыту мақсатында «Қазақ хандарының таққа, билікке таласуының басты себебі неде?» деген сұрақ қойылады.

Мұғалім оқушы жауабын қорытындылап, сол кездегі Қазақстанның сыртқы саяси жағдайына, қазақ хандықтарының алдында тұрған мақсат, міндетіне тоқталады. Негізгі міндет-қазақ жүздерін сыртқы анталап тұрған жаудан қорғау және саяси бытыраңқылықты жою.

Сабақты әрі қарай түсіндіру барысында оқушылардың қазақ жүздерінің Ресей құрамына өте бастауының себебін, оның салдарын ұғынуына мән беру керек. Осы XVIII ғасырдың бірінші жартысында қосылудың тиімді, тиімсіз жақтарын аша білуге талаптандырып, кейінгі салдарын қазіргі жағдайлармен салыстыра отырып, қорытынды жасау керек.

Екінші мәселе бойынша мұғалім Қазақ жерін біріктіру жолындағы Абылайханның күресіне тоқталады. Кіші және Орта жүз қосыла бастағаннан кейін Ресей өз күшін пайдаланып, қазақ жерлерін тартып ала бастады. Мұнда сызбаны пайдалануға болады.

Ресей өкіметінің қазақ жерлерін алғашқы отарлау саясаты


  • Каспий және Жайық өзені бойындағы жерді казак орыстарға тартып алып беруі

  • Бекініс маңына 10 шақырымға дейін мал жаюға тыйым салуы, 50 шақырымға дейін тыйым салуы

Осыдан соң Абылай сұлтанның саяси сахнаға шығып, оның ішкі және сыртқы саясатына, хан болып сайланғаннан кейінгі жүргізген реформаларына оқушылардың назарын аудару керек.

Үшінші мәселеде ХІХ ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстік бөлігінің ерекше саяси-әлеуметтік жағдайда тұрғаны, бұл аймаққа Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтары шапқыншылық жасап, солардың езгісінде отырғаны түсіндіріледі.

Картаны пайдаланып Ресей өкіметінің Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға ішкері еніп, Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі бекіністеріңн салуына кедергі келтіріп отырған Қоқан әскерлері мен соғыстарына тоқталу өте маңызды.

Түсіндіру барысында төмендегі кестені пайдалануға болады.



Жылы

Болған оқиға

1834 ж.

6 мың Қоқан әскері Есіл өзеніне қарай жылжып, Ұлытау жеріне келеді. Оны орыс әскерлерінің талқандауы

1850 ж.

Капитан К.Гутковский бастаған қосын Қапалдан шығып, Тойшыбек бекінісіне қарай жылжиды. Қоқандықтардан жеңіліп шегінеді.

1851 ж. 7 шілде

Подполковник Карбышев қосыны Тойшыбек бекінісін алады.

1854 ж.

Верный бекінісі салынады

1859 ж.

Қастек бекінісі салынады.

1860 ж.

Ұзынағаш түбінде қоқандықтармен болған ұрыста қоқандықтар жеңіледі.

1861-1864 жж.

Әулиеата, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент бекіністерін орыс әскерлері алады. Оңтүстік Қазақстан Ресейге қосылады.

1867 ж.

Түркістан генерал-губернаторлығын құру туралы заң шығады.

Сабақты қорытындылап бекіту сұрақтары қойылады.

  1. Ресей империясының құрамына кіру қарсаңында Кіші жүздің саяси жағдайы қандай болды?

  2. Алғашқы күштеп отарлау саясатының көрінісі қалай жүрді?

  3. Орта жүздің Ресейге қосылуы қандай жағдайда жүрді?

  4. Қазақстанның оңтүстік аймақтары қандай шапқыншылықтарға ұшырап отырған?

  5. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары құрылған «Азия комитетінің» басты міндеті қандай болды?

  6. Орыс әскерлері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қандай қалалар мен бекіністерді басып алды? Картадан көрсетіңдер.

  7. Түркістан генерал-губернаторлығы қай жылы құрылды, оның құрамына қандай облыстар кірді?

Үйге тапсырма

  1. §30. Тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша айындалып келу


10-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:§. 1886-1891ж. «Басқару туралы ережелер».

Сабақтың мақсаты:

Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуін және ішкі талас-тартысты пайдаланған патша үкіметінің хандық өкіметті жойып, басқарудың жаңа әкімшілік басқару жүйесін енгізуін түсіндіру, оның мәнін ашып көрсету. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында қазақ жеріне енгізілген басқару, сот реформаларының отаршылдық, таптық мәнін ашу.



Сабақтың жоспары:

1822 жылы «сібір қырғыздары туралы Жарғы» және хандық өкіметтің жойылуы.

Патша өкіметінің 1867-1868 жылдардағы қазақ жерінде жүргізген әскери-саяси басқару реформасы.

1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.

Сабақты бастау алдында оқушыларға өткен сабақты қайталатып шолу жасалады. Мұғалім қайталауға оқушылардың барынша қатысқанын бақылауы тиіс.

130 жылдай уақыт ішінде Қазақ хандығының жері Ресейдің қол астына өтіп, отарына айналды. 1822,1867-68, 1886-1891 жылдары қазақ жерлерін басқарудың жаңа реформалары енгізілді. Оқушылардың осы реформаларды талдап, ерекшеліктерін ашып көрсетіп, салыстырып, қорытынды жасауына мүмкіндік туғызу мақсатындасабақты топтық жұмыс арқылы ұйымдастыруға болады. Ол үшін сынып оқушылары топтарға бөлінеді (6 топ).

Бірінші, екінші топқа-1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы».

Үшінші, төртінші топқа-1867-1868 жылдардағы қазақ жерін әскери-саяси басқару реформалары.

Бесінші, алтыншы топқа-1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.

Әр топ оқушылары мәнітді жеке-жеке оқып дайындалады. (5 мин уақыт беріледі). Талқылау уақыты аяқталғаннан кейін, оқулықты жауып, шетке шығарып қояды. Карточка сұрақтары таратылып беріледі. Сұрақтар бойынша жұмыс жасалады. (10 минут).

Дайын болған топ жауап береді.

Карточкалық сұрақтар

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қай жылы, кімдердің қатысуымен жазылды?

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазақ жерлері қандай әкімшілік бөліктерге бөлінді және басқару ісі қалай жүргізілді?

Жарғы бойынша сот істері қалай құрылды?

«Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» Кіші жүзде қандай басқару жүйесін енгізді, ерекшелігі қандай?

ІІ.

Патша өкіметінің 1867-1868 жылдары қазақ жеріне жаңа реформа енгізуінің себебі неде?



Реформа бойынша патша өкіметі басқарудың қандай жүйесін енгізді?

1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери сот комиссиялары мен уездік соттар қалай құрылды?

Реформалар салық және жер мәселесіне қандай өзгерістер енгізді?

ІІІ.


Патша өкіметінің ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары жаңа реформа енгізуінің себебі неде және ол реформалар қалай жүзеге асырылды?

1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша қандай жаңалықтар болды?

«Ереже» бойынша сот ісіне қандай өзгерістер енгізілді?

Ресей өкіметінің реформалары отарлау мақсатында қандай рөл атқарды?

Сабақты қорытындылап, оқушыралды бағалаған соң, үйге тапсырма беріледі.

Үй тапсырмасы:

Реформаның қазақ елі үшін жағымды және жағымсыз жақтарын жазып келу

Тапсырманы кесте түрінде толтырып келуге де болады.

ХІХ ғасырда Ресейдің қазақ жеріне жасаған әкімшілік-саяси басқару реформасы.



Реформаның жағымды жағы

Реформаның жағымсыз жағы







§ 32. Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы

Сабақтың мақсаты:


  • Қазақстан Ресей империясының отарына айналғаннан кейінгі, оның ауыр және жеңіл өнеркәсібі үшін басты шикізат көзіне айналғанын, сауданың дамығанын түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету.

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанның Ресей жеңіл өнеркәсібінің шикізат базасына айналуы

  2. Қазақстанның Ресей ауыр өнеркәсібінің шикізат базасына айналуы.

  3. Сауданы дамуы, жәрмеңкелер

Сабақта «ХІХ ғасырдағы Ресей», «ХІХ ғасырдағы Қазақстан» карталарын пайдалана отырып, капиталистік қатынастар дами бастаған Ресей өз өнімдерін шет аймақтарға шығара бастағанын оқушылардың есіне түсіре отырып, Қазақстан да өз шикізатын шығаратын аймаққа айналғанын және оның негізгі себептерін түсіндіреді.

Қазақстанның негізгі шаруашылығы қандай? Мал шаруашылығынан қандай өнемдер алынды? Сол уақытта Қазақстан шет елдерге қандай тауар шығарды? Т.б. сұрақтар қоя отырып, оқушылардың ізденісін туғызамыз.

Сабақты түсіндіру барысында төмендегідей сызбаны пайдалануға болады.

Қазақстан-Ресейдің мал шаруашылығынан түсетін шикізат көзі



Бір жылда

  • Ақмола, Қарқаралы, Сарысу уездері арқылы Ресейге 60мың ірі қара200 мың қой.

  • Петропавл, Қорған, Шадринск арқылы Ресейге 340 мың ірі қара, 550-600 мың қой.

Мұнда тек мал шаруашылығы өнімлері ғана емес, астық, тұз, балық, т.б. өнімдер шығарылатынын атап өту керек.

Екінші мәселеде Ресей капиталы, негізінен, Қазақстандағы кен өндіру өнеркәсібіне жұмсалғаны туралы түсіндіру.

Оқушылардың есте сақтау қаюілетін арттыру және жаңа материалды меңгеру үшін мұғалім сабақта картаны, сызбаны және т.б. көрнекі құралдарды пайдалануы тиіс.


  • Қарқаралы уезі- темір, никель, мырыш, мыс

  • Атбасар, Жезқазған уезі-мыс, күміс, қорғасын.

  • Қарағанды, Көкшетау, Өскемен уездері- көмір, алтын

Үшінші мәселеде сауда қатынастарының дамуында жәрмеңкелердің маңызын көрсету керек. Сауда байланысында Ресейдің өнеркәсір бұйымдары әкелініп, қазақаннан көбінесе шикізат алынып отырғанын, өзара тең сауда болмағанын түсіндіру кезінде төмендегі сызбаны пайдалануға болады.

Жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелер



  • Тайынша көлі /Петропавл маңы/

  • Константинов /Ақмола/

  • Петров /Атбасар/

  • Қоянды /Қарқаралы/

  • Шар /Семей/

  • Қарқара /Жетісу/

  • Әулиеата /Сырдария/

  • Ойыл, Темір /Орал/

Жаңа сабаққа қорытынды жасалып, бекіту сұрақтары қойылады.

  1. Патша өкіметі Қазақстанды шикізат базасына қалай айналдырды?

  2. Ресейдің жеңіл өнеркәсібі үшін Қазақстан шикізат көзі болғанын немен дәлелдей аласыңдар?

  3. Қазақстанда қандай кен орындары болды?

  4. Кен орындарының Ресей үшін қандай маңызы болды?

  5. Қазақстанда капиталистік қатынастардың екеуін неден көруге болады?

  6. Жәрмеңкелердің қандай экономикалық маңызы болды?

§33. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты

Сабақтың мақсаты:

-ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан басталған Қазақстанға жаппай қоныстандырудың мақсатын көрсету, мәнін ашу. Қоныстанушылардың жағдайын, қоныстандырудың қазақ халқына тигізген зардаптарын, ұйғыр, дүнгендердің Жетісу аймағына қоныс аудару себебін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:



  1. «ХІХ ғасырдағы Қазақстан» картасы.

  2. Кесте, сызба.

Сабақтың жоспары

  1. Көші-қон саясатының басты мақсаты.

  2. Қазақ жеріне қоныстандырудың алғашқы кезеңі

  3. Қоныс аударудың жаңа кезеңі

  4. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы

  5. Қоныстанушылардың кәсіптері

Сабақ басында мұғалім Ресейдің 1861 жылы ақпандағы «Басыбайлылық құқықты жою» Ережесін оқушылардың есіне түсіреді. Сабақты әрі қарай жалғастырып ереже шыққаннан кейінгі Ресейдегі шаруалар толқуын, шаруалардың жаппай шет аймаққа көше бастауын, Ресей үкіметінің «Қоныстандыру басқармасын» құрып, қоныстандыруды заңдастырғанын айта отырып, оның түпкілікті мақсатын ашып көрсетеді. Төмендегі сызбаны пайдалануға болады.

Патша өкіметінің шаруаларды Қазақстанға қоныстандырудағы мақсаты

  1. Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуды әлсірету.

  2. Жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу.

  3. Шет аймақтарға қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай-кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау.

Екінші мәселені оқушылардың өздігінен оқып-үйренуін ұйымдастыру арқылы мәтінмен жұмыс істеуге болады. Оқушыларға оқулықтағы екінші тақырыпшаны оқып шығу ұсынылады (5 мин беріледі). Екі оқушы оны өзара талқылайды (3 мин). Одан кейін оқулықты жауып қойып, төмендегі сұрақтар арқылы пысықтау жұмысы жүргізіледі. Сұрақтарды карточкаға жазып, әр партаға жеке беруге болады.

Сұрақтар:



  1. Қазақ жеріне казактар мен орыс шаруаларын қоныстандыру қашан басталды?

  2. Батыс Сібір Бас басқармасының 1866 жылғы 20 қазандағы мәлімдемесі қандай мәселе көтерді?

  3. Ресей үкіметі тағайындаған жергілікті билік басында отырған басшылардың қоныстандыруға байланысты пікірі қандай болды?

  4. ХІХ ғасырдың 70-жылдарының ерекшелігі неде?

  5. Жетісу облысында қоныстандыруға байланысты қандай «ереже» шықты, ол бойынша қоныстанушыларға қандай жеңілдіктер беріледі?

Керекті жерінде картаны пайдаланып, оқушылар сұрақтарға жауап береді (5 мин). Оқушылардың сұраққа нақты, тез, тұжырымды жауап беруін қадағалап, үйрету керек.

Үшінші мәселе- «Қоныс аударудың жаңа кезеңі»

Тақырыпшаны оқып, талқылауды ұсынамыз.

Сұрақтар:



  1. Қоныс аударудың жаңа кезеңі қай кезден басталды, ерекшелігі неде?

  2. Қоныс аударудың қазақ халқына қандай зардабы болды? Оны немен дәлелдейсіңдер?

Мұғалім «Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы» туралы мәселені түсіндіру кезінде мына мәселеге тоқталғаны жөн: Қытай мемлекетінің қол астында болған ұйғыр халқының жағдайы зорлық-зомбылыққа қарсы күресі, тіпті олардың жеңіске жетуі, Ресей үкіметінің әрекеті, 1881 жылғы орыс-қытай келісімі, ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуы. Одан әрі қарай түсіндіру барысында сызбаны пайдалануға болады.

Оқушыларды қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендердің әлеуметтік жағдайымен таныстыру.



Қоныстанушылардан құрылған болыстар

  • Жаркент

  • Кетпен

  • Ақсу-Шарын

  • Малыбай

  • Қарасу

Оқушылар мәтінді, яғни «Қоныстанушылардың кәсібі» тақырыпшасын оқи отырып, сұрақ-жауап әдісі арқылы өткізуге болады.

Сұрақтар:



  1. Ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі кәсібі қандай болған?

  2. Қандай көкөністер өсірген?

  3. Қоныстанушылар мен жергілікті халықтар арасында қандай қатынастар болған?

Үй тапсырмасы

1.§33 оқып, түсінгенін айту.

Төмендегі сызбаны толтыру

Қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отарлау саясатының көріністерін атаңдар

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

§ 34. Патша өкіметінің қазақ жеріне орыстандыру саясатын жүргізуі

Сабақтың мақсаты:


  • Патша өкіметінің Қазақ жеріндегі орыстандыру саясатын қандай жолдармен жүргізгенін және Қазақстанға жер аударылған орыс демократиясы өкілдерінің, жергілікті халыққа көрсеткен ықпалын ашып көрсету.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. «ХІХ ғасырдағы Қазақстан» картасы

  2. Кесте

Алдымен, мұғалім үйге берілген тапсырманы тексеріп шығады. Жаңа материалды түсіндіру барысында оқушылар дәптерлеріне сабақтың тақырыбын, жоспарын жазады.

Сабақтың жоспары:



  1. Қазақ халқын орыстандырудың басталуы

  2. Оқу-ағарту саласындағы қазақтарды орыстандыру

  3. Орыстандыру саясатының үстем тап өкілдері арасында жүргізілуі

  4. Орыстың демократиялық өкілдерінің Қазақстанға жер аударылуы.

Оқушылар жоспарды жазып болғаннан кейін, оқулықтағы мәтіннің бірінші тақырыпшасын оқуға тапсырма беріледі. Оқушылар оқыған материалдары бойынша бір-біріне сұрақ дайындайды. Мұғалім кезекпен оқушылардың сұрақтарын және жауаптарын тыңдап, басқа оқушыларды қатыстырып, жауаптарды толықтырып отырады.

Матариалды толық меңгеріп бекіту үшін кесте толтырылады. Мұғалім кестені тақтаға не қағазға оқушыларды қатыстыра отырып жаып толтырады.



Орыстандыру саясатының бағыттары

Жүргізген әдіс-тәсілдері, іс-шаралары

Мақсаты

Нтижесі

Діни бағытта-христиан дініне кіргізу

Отырықшылыққа көшіру-бірінші кезекте христиан дінін қабылдағандарға отырықшылыққа көшті деп жер беруі. Әскери міндеттен босату

Шоқындыру, христиан дініне кіргізу

1897 ж. христиан дінін қабылдаған қазақтарға-8235 десятита жер бөліп берді.

Мұсылман дінін таратпау, шек қою

Мұсылмандардың қасиетті жерлерге зиярат етуіне қатаң талап қою, Жер аудару, қуғын-сүргінге ұшырату.

Мешіт салуға, Орталық Азиядан діни адамдардың келуіне тыйым салу. Шығыс тіліндегі кітаптарға қатаң сын айтылды.



Мұсылман дінін таратпау, дамытпау.

Мешіттер салынбады. Кітаптар өте аз таратылды.

Екінші, үшінші мәселелерді де оқушылар өздері оқып, сұрақтар дайындайды, талқылау жүргізеді. Кестені толтыру жалғастырылады.

Оқу-ағарту саласында

«Уақытша ереже»-қазақ орыс мектептерін ашу. Мұғалімдердің мектепте, мектептен тыс кезде орыс тілінен басқа тілде сөйлеуге тыйым салу. Орыс тілі сағаттарын көбейту.

Орыс тілінде сөйлету. Ұлттық рекшеліктерді жою

Орыс тілі сағаттары көбейді, мұсылман мектептері мен медреселерінде де орыс тілі сағаты көбейді.




Араб алфавитінің орнына орыс кирилицасын енгізу. Шіркеу-приход мектепетірн ашу.

Орыстандыру

Ақтөбедегі екі жылдық қазақ-орыс училещесінде сыныптарға иконалар іліп қойылды. Орал облысында шіркеу-приход мектептерінің саны 1889 ж.-9 болса, 1892 ж. 16 жетті.

Христиан діні мейрамы жаппай атап өтілді.



Үстем тап өкілдері арасында жүргізу

«Ережеге» сай ордендер мен медальдар беру, жыл сайын арнайы қаржы бөлу. Болыстық басқаруды енгізу.

Үстем тап өкілдерін өз жағына тарту

4 адам алтын медальмен, 6 адам орденмен, 10 адам күміс медальмен марапатталды. 1861 ж.-1429 сом

1870 ж.-5000 сом бөлінген. 1869 ж.-28 болыс, 1897 ж.-47 болысқа көбейген



Төртінші мәселе-орыстың демократиялық өкілдерінің Қазақстанға жер аударылуы. Оқушылар мәтінді оқып, өзара бір-бірімен талдау жасау ұсынылады. Берілген сұрақтарға жауап дайындап, айтып береді.

Сұрақтар:



  1. Қазақ жерінің патша өкіметінің демократиялық кұ\үрескерлерінің түрмесіне айналғанын немен дәлелдейсіңдер?

  2. Айдауда болған демократиялық бағыттағы адамдар күрескерлер қазақ жерінде қандай із қалдырды?

Үй тапсырмасы:

  1. §34 оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалу

§

§



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет