Сабақтың тақырыбы:Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілмен шешуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуді үйрету және теңдеулер жүйесін тиімді тәсілмен шешуге үйрену
Міндеттері:
1.Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу
2.Сабақ бойынша қорытындылар жасау
3. Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу
Тәрбиелік мақсаты:Достыққа,басқаның еңбегін бағалай білуге,ұжымда жұмыс жасай білуге.өз-өзін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Күтілетін нәтиже:Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілдерін қолданып шеше алады
Мұғалім үшін оқу нәтижелері:Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуді үйрету
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері:Модульдің қолданылуы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру, оқытуды басқару және көшбасшылықты, АКТ қолдану, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін және оқуды бағалау, сыни тұрғыдан ойлау,диологтық оқыту,топтық жұмыс.ЖИГСО әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар, үлестірмелер, топтарға арналған тапсырмалар жазылған үлестірмелер, планшеттер.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі-3мин
2.Сабақтың мақсатымен таныстыру-1мин
3Үй жұмысын тексеру-2мин
4.Өткен материялды қайталау-3мин
5.Есептер шығару- 30 мин
6.Сергіту сәті-2 мин
7.Үйге тапсырма беру-1мин
8.Оқушыларды бағалау,сабақты бекіту-3мин (Миға шабуыл)
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
1.Оқушыларды қарсы аламын.Шаттық шеңберге тұрып бір-біріне қызыл жүрекшелер беріп тілек айтадыТопқа бөліу ережесімен таныстырамын (топ номері жазылған асықты таңдай отыра топ мушесі болу).Сынып 4 топқа бөлінеді. Бүгінгі сабаққа оқушыларға сәттілік тілеймін. Бағалау парағымен таныстырамын.Топ көшбасшысын, хатшысы мен уақыт қадағалаушыны, тарихшыны сайлауларын сұраймын. Топты өзім бағалаймын.(Сандықшаларға жұлдызша саламын)
2.Орындықтарға отырады. Стол үстіндегі 1,2,3,4,5 цифрлары жазылған кеудеге қадағыштарды алып топ мүшесі аталады.1,2,3,4,5 цифрлары жазылған нумерацияларды оқушылар кеуделеріне қадайды. Бағалау парағына оқушылар аты-жөндерін жазып қояды.
Әр топ басқа топтарға тілектерін айтады.
Барлықтарыңа жақсы баға тілейміз.
Әрқашан жүздерің жарқын болсын.
Математика сабағы жақсы өтсін.
Дәптерлеріне:
14.04.16. Сынып жұмысы
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілмен шешуге есептер шығару.
Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру.
Мұғалім: Бүгін сәуірдің 14-і.Сәуір айындағы ерекше күндерді интернеттен іздеп көру уйге тапсырма берілген.Кім қандай мәліметтер тапты?
Оқушыларға сөз беру:
1 сәуір Халықаралық құстар күні
2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні
7сәуір Бүкіләлемдік денсаулық күні
8сәуір Жазушы, тарих ғылымының кандидаты Геннадий Толмачевтың туғанына 75 жыл (1939-2006)
11 сәуір Фашистік концлагерь тұтқындарын азат ету күні
12 сәуір Ғалым, атақты геолог және металлург, Қазақстан Ғылым Академиясының президенті Қаныш Сәтпаевтың туғанына 115 жыл (1899-1964)
12 сәуір Бүкіләлемдік авиация мен ғарыш күні
15 сәуір Драматург-жазушы Зия Самадидың туғанына 100 жыл (1914-2000)
15 сәуір Жазушы, журналист Балғабек Қыдырбековтың туғанына 85 жыл (1929-1995)
18сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні
20сәуір Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл (1924-1944)
23сәуір Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл (1924-1944)
24сәуір Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні
29сәуір Халықаралық би күні
І топ тарихшысы:13- сәуір Бүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні. Бұл мерекені 1996 жылы ЮНЕСКО Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы - тарихшы Инко Гарсиласо де ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері - 1616 жылғы сәуірдің 23-і.
Мұғалім:Бүгінгі сабағымызды тарих және жаратылыстану пәнімен байланыстыра отырып өтеміз.
Сабақтың мақсаты: Бүгінгі сабағымызда екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешуде әртүрлі тәсілдерді қолданамыз.
Үй жұмысын тексеру:
Ыстық орындық Бір оқушы ортаға шақырылады. Үй тапсырмасының жауаптарын оқиды.
УЙ ЖҰМЫСЫН ЖАЗУ КЕРЕК
Үй жұмысын тексереді.Ыстық орындыққа отыратын оқушының үй жұмысын алдын ала тексеріп алу керек. Ыстық орындықта отырған оқушының жауабымен келіссе - жасыл жалаушаларын, келіспесе - қызыл жалаушаларын көтереді.Жалаушаның түсіне қарай кімдікі дұрыс кімдікі қате екенін анықтауға болады.
Әр оқушы бағалау парағындағы “Үй жұмысы” пунктін толтырады.
Өткенді қайталау.
Теориялық материалдарды қайталау.Білу, түсіну:Әр топ өз топтарына бөлінген сұрақ бойынша теориялық материалды қайталайды, сыныпқа хабарлайды, теорияға сай мысалдарының шешу жолын көрсетеді.
1 топ. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
2 топ. Екі айнымалысы бар теңдеулердің графигі
3 топ. Қосу тәсілі: бірінші, екінші жағдайлары
4 топ. Қосу тәсілі: үшінші жағдай
Жеке жұмысты орындау тәртібімен таныстырады. Постермен жұмыс.
Топтың бірдей номерлі оқушыларына бірдей тапсырмалар беріледі. Тапсырма екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешуге негізделген. «Ойлан,жұптас,бөліс»
1. Әр топтан бірінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын бір-бірімен салыстыра отырып оқиды.
Жауабы: x=-2; y=2
2. Әр топтан екінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын бір-бірімен салыстыра отырып оқиды.
Жауабы: x=1; y=2
3. Әр топтан үшінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын бір-бірімен салыстыра отырып оқиды.
Жауабы: x=-2; y=3
4.Әр топтан төртінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын бір-бірімен салыстыра отырыпоқиды.
Жауабы: x=2; y=4
5.Әр топтан бесінші номерлі оқушылар орындарынан тұрып жауаптарын бір-бірімен салыстыра отырып оқиды.
Жауабы: x=6; y=1
6.Әр топтан алтыншы номерліжауаптарын бір-бірімен салыстыра отырып оқиды.
Жауабы: x=2; y=4
Әр оқушы бағалау парағын толтырып отырады.
ІІ топ тарихшысы:
Әлемдегі ең үлкен кітап«Жер» деп аталады.Ені 2 метр, ұзындығы 3метр. Бұл кітаптың әр томы 100 мың долларға бағаланады. Алып кітап барлығы 31 томнан тұрады. Әр томның салмағы 35 келіден асады. «Жер» жинағына әлемнің қазіргі заманғы географиялық картасы және дүниежүзінің көрнекті орындарының фотосуреттері топтастырылған.Әлемдегі ең кішкентай кітап. Бұл кітапта не жазылғандығын жай оқу мүмкін емес. Оның тым майда жазылғандығы сонша, тек 600 рет жақындатқанда ғана көруге болады.
Әр жұп теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен орындайды.
Жұптық жұмысты орындау.
1 және 2 номерлі оқушылар бірінші жұп, 3 және 4 номерлі оқушылар екінші жұп, 5 және 6 номерлі оқушылар үшінші жұп.Әр топ бір-бірініңкін тексереді.Пікір талас туындайды,ортақ шешім шығарады.Жауаптарын тақтаға іледі.
№1547
Әр топтан бірінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
1.Жауабы: x= -6, y=8
Әр топтан екінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
2.Жауабы: x=9, y=1
Әр топтан үшінші жұп орындарынан тұрып жауаптарын оқиды.
3.Жауабы: x=6, y=8
Достарыңызбен бөлісу: |