Мұғалімнің түсіндіруі.
Тұщы таза су – байлық. Жер шарындағы барлық судың2% ғана тұщы, ал қалған 88 %ащы су. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады. Ауызсу – ішуге жарамды су.Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді, сондықтан әлемде ішуге жарамды ауызсудың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды. Табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану қажет.
Қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л. жуық, ал ауыл тұрғыны 55 литрге жуық су жұмсайды екен. Бірақ көп су
тұрмыста тектен-текке жұмсалуда. Әрдайым құбырдан аққан су қажетімізге қарай аға ма? (1 сағ – 12 л.24 сағ – 300 л)
Зертте.Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады?
Топтық жұмыс. Оқушыларды бірнеше топтарға бөлу. Ақпаратты топтың бір бөлігі баспа материалдарынан іздестіреді, қалған топ мектеп қауымдастығы мүшелерінен (мұғалімдерден, оқушылардан және басқа мектеп қызметкерлерінен)сұхбат алады. Ең басты сұрақ: Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады?
Ақпарат жинақтаған соң топта постер жасау және қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |