Арал теңізінің экологиясы Арал теңізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді.
Арал апатына себеп болған факторларға: - жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; - ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; - суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; - жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау; табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда - 60%, Қазақстанда -60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылыққа зиянын тигізуде.
Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
4-топ
Балқаш проблемасы
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
5-топ
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы
Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы (ауыр металдар, шаң-тозаң, күкірт тотығы, көмірқышқыл газы және т.б.) белгіленген мөлшерден он есе артық. Ең ауыр жағдай Тараз, Теміртау, Алматы, Шымкент, Балқаш, Риддер, Өскемен және басқа да қалаларда қалыптасқан. Осы қалаларда лас заттардың концентрациясы жыл бойынша белгіленген мөлшерден 5-10 есе артады. Ауа кеңістігінің ластануы пайдалы қазбалар өндіретін аудандарда да байқалады. Атмосфераның ластануы Байқоңыр космодромында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіпті аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен катар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Сырдария өзені ағысының 35-40%-ы өндіріс орындарының қалдық суларынан түрады. Өзен суында дизентерия, паратиф, гепатит, сүзек ауруы қоздырғыштары мен өте қатерлі гексахлоран ДДТ кездеседі. Өнеркәсіп орындарының ластаушы заттарына жер игеру нотижесінде пайда болған масштабы химиялық ластанудың көлемдері ұлғаюда. Өсімдік жамылғысын қорғайтын әр түрлі химиялық заттар, дефолианттар, пестицидтер, мөлшерден артық қолданған тыңайтқыштар, тек қана қоршаған ортаны емес, тамақ өнімдерін де ластауда.
6-топ
Жамбыл облысының экологиялық проблемалары
Жамбыл облысының өндірістерінің жетекші салалары – тау-кен өндірісі, химия өндірісі болған. Бірақ экономикалық қыйындықтарға байланысты бұл салалардың мекемелері жұмыстарын толық тоқтату алдында. Соған қарамастан, жеке шаруашылықтар, кіші кәсіпорындар, әсіресе көліктердің көбеюі ауаның ластану дәрежесінің әлі де болса жоғары деңгейде болуына себеп болып отыр.
Жамбыл облысының 144,6 мың шаршы км. территориясында 1,04 млн. адам тұрады, оның 479,6 мыңы – қала тұрғындары.
Соңғы уақыттарда антропогендік әсер деңгейі төмендегенімен облыста жалпы экологиялық жағдай әлі де жақсарды деуге болмайды. Облыс территориясының 15 %-і экологиялық жағдайы қолайсыз аймақта, ал 5 %-і экологиялық дағдарыс (кризистік аймақта) аймағында жатыр. Осы, 5 %-тік территория Шу, Талас, Аса өзендері бассейіндерімен қатар Тараз қаласына және оның маңайына тиісті жерлер болып отыр.
Облыс тұрғындарының басым көпшілігі тұратын Тараз қаласының ауасы қоршаған ортаның негізгі компоненті ретінде адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Қала ауасын негізгі ластаушы компоненттерге органикалық шаң-тозаң, күл, СО, NO, NO2, SO2 жататыны анықталды [Бұл жағдай ескірген қондырғылар мен технологиялар таза емес отын түрін жағу, жылыту жүесінің децентрализациялануы және шығарылатын ластықтарды бақылау жұмысының жеткіліксіз екендігі себебінен деп түсіну керек.
Жамбыл облысы өңірінің ластануы ұзақ уақыт бойы химия өндірісімен тікелей байланыстылығы мәселесі өз маңызын жойған жоқ. Бұл жағдайда қоршаған табиғи орта сапасын реттеу стратегиясының ең маңызды мәселесі - халық денсаулығына және биосфераға ең күшті әсерін тигізетін факторлар мен көздерді анықтайтын және осы әсерге көбірек ұшырайтын биосфера элеметтерінің анықтайтын жүйе ұйымдастыру мәселесі болып табылады
Жаңа сабақты қорытындылау сұрақтары қою.
Бағалау. /5 мин/
Тақтаға бағалау шкаласы ілінеді. Әр білімгер шкала бойынан бүгінгі сабақ қаншалықты өзіне түсінікті болғандығын көрсету мақсатында шкала бойынан деңгейін стикерлермен көрсетеді.
Мұндағы 1-өте нашар білемін, 10-өте жақсы білемін.
0 5 10
-өзін-өзі бағалау
-мұғалімнің бағалауы
Кері байланыс. /5 мин/
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Сабақты қорытындылау. /5 мин/
Әдебиеттер:
1. Окружающая среда и мир на планете. -М.: Наука, 1986.
2. Дотта Л. Планета земля в опасности. - М.: Мир, 1988.
3. Демешев М .Я. Пока не поздно. - М.: Молодая гвардия, 1991.
4. Яншин А.Л., Мелуа А.И. Уроки экологических просчетов. М.:Мысль, 1991.
Мерзімі:___________Тобы:________ Оқытушының аты-жөні: Наметкулова С.Ж. Пәні: педагогика
Лекция
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.Имандылыққа тәрбиелеу мен қыздар тәрбиесі.
Сабақтың мақсаты: адамгершілік тәрбиесі,қыздар тәрбиесі туралы түсінік беру және оның мақсат- міндеттерімен таныстыру
Қолданылатын әдіс тәсілдер: СТО технологиясы тәсілдері, әңгіме ,түсіндіру,сұрақ-
жауап
Көрнекіліктер: слайд көрсетілімдері, А3 форматты қағаздар, стикерлер, маркерлер;
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
- сыныпта жағымды атмосфералық ахуал ұйымдастыру;
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру:
3. Негізгі бөлім.
Жоспары:
1. Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары.
2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары.
3. Діни-рухтың тәрбие.
4. Қыздар тәрбиесі. Жастарды отбасы өміріне даярлау.
1. Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңбек, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы, ХҮП-ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айқайлап
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жанды жүрек, қан қайнап.,
Ел-жұртты қорғайлап
Өлімге жүрміз бас байлап,-деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.
XIX ғасырда өмір сүрген Д.Бабатайұлы жігерсіз адамнан ерлік іс шықпайтындығын, ерік-жігердің, қажыр-қайраттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп суреттеді.
Ер қолынан іс келмес, Жігерім болса жетем де,
Сцццардайын тцшлмей. Еліме барып цл болам.
Буынып белін бекінбей, Жігерсіз болсам жетесіз,
Зердесі жігер қайнамай... Қойын жайып құл болам...
Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймаң, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы.
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туа-ды" деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. " Тұган елін сүю сезімі туа бітпкен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ ұлжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс" - дейді ол.
С.Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих пәндерінің маңызын атайкеліп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетіну мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді.
С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген О.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақта Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.
2. Адамгершілік тәрбиесінің қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттың) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.
"Патриот" деген сөз, гректің раігів - отан деген сөзі, ең біріншііІ рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолдан ылды. Монархияғақарсы күресіп революцияны қорғаушылар-дІ.ІІ Іатриоттар деп атады. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын с үіоіпі, оның ңуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса, басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын ңиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам" - делінген. Философия сөздігіндегі "патриотизм - Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға ұмтылу". Педагогикадағы анықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді, оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне тіл тигізбейді.
Патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі, Отанының мүддесін қорғау, азаматтың көрсетуі және Отанға адалдықты сақтау;
- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мазмұнына енетіндер:
- әр түрлі елдердің және ұлттардың халқын құрметтеу;
- басқа халықтардың тілін, әдет-ғұрыптарын және салт-дәс-түрлерін сыйлау;
- басқа халықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі жетіс-тіктерге оң баға беру;
- олармен жақсы қарым-қатынаста болу.
Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін істелетін тәрбие жұмыстары.
Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсаң.
- Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
• Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
• Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.
• Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орны ерекше.
Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде Мұхтар Шахановтың мына бір өлең жолдарында жырланған төрт ана, төрт құндылық, төрт негізді ұсынамыз.
"Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Әр адамнан өз анасынан басқа
жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі — сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,
Қадамына, шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Төрт анаға жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.
Ұлттың қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр.
Халқымыздық рухани бейнесін әдебиет, өнер, ғылым, мінез-құлық, ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар, т.б. бейнелейді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған.
3. Діни — рухтық тәрбие
Дінге көзқарас өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа баулуда игілікті іс-шаралар іске аса бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын, балалар бойына адамгершілік, мейірімділік, болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты қасиеттерді түсіндіретін хадистерді үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын, Халифа Алтайдық "ғылымхалін", Абайдың "Қара сөздеріндегі" дінирухтық идеяларды және қасиетті Құранның сүрелерінен бала қабылдасауына лайықтарын үйрете беру артық емес. Мұғалім молда не діни лауазымды кісілермен кездесулер ұйымдастырып, діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланың өзіне сенімін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
4. Қыздар тәрбиесі
Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкерліктің символы. Халқымыз қыз психологиясы ерекшелігін түсіне білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері, бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен, сыпайы-салмақтылығымен, әдепті-ізеттілігімен көргісі келген. Оларды кішкентайынан көздің қарашығындай сақтап, жаны мен арының таза, мінезінің жайсаң болуын қадағалап отырған, олардың мінездерінің өзгертіндігін ескере отырып, "қырық үйден тыю" керектігін үнемі (ескеріп отырған.
Сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен іскерлікті қажетсінетін үй ішілік еңбекке (кесте тігу, өрнек, кілем тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді өнерге баулуды-бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті санаған.
Xалқымыздың ұлттық дәстүрінің бір ерекшелігі - ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға түспалдап,астарлап жеткізу. Мысалы, "Келінім саған айтам, қызым сен тыңда".Қыз тәрбиесінде-күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, мәпелеу, сендіру,үлгі өнеге әдістеріне ерекше мән берген.
Әдепті қыз үсті-басын таза ұстап, сәнді киінуге, айналадағыларға қарап бой түзеуге тырысады, шаш күтімі, тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін косметикалық-гигиеналық талаптарды сақтайды.
Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе ғана ол бойға қонымды болады. Мінез-құлық тәлімі, бойжеткеннің мінез-құлқы, психологиясы туралы жазылған, жақсы ақыл-кеңестер беретін кітаптар: Ж.Байжанова "Қызым саған айтам"(Алматы, 1985 жыл); А.Хрипкова, Д.Колесов "Ұл өссе, қыз өссе"(Алматы 1988 жыл); И.Қарақұлов "Қырық сұрақ" (Алматы, 1985 жыл).
Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. "Қыздық жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған.
Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері. Отбасында, бала бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздық міндетіміз.
Отбасы өміріне даярлау
Әр халықтардың дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру мәңгілік құбылыс.
Осы заманға лайықтап, өткеннің мұрасын байыптап жастардыі жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар беру -қоғам мен мектептің, ата-ананың, бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды шаруасы.
Бұл мәселеде халықтың ақыл-ойын, болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан терең ұғындырған ақын болған емес. Сондықтан да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік.
Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайлық өмірге баулуда мына мәселелерге назар аударды.
• Адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің жартысы болатын өмір серік жар таңдауда тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбексүйгіш адамгершілігі мол таза жүректі адаммен бас қосу. Жастың шақ -адам өмірінің ең қызың ең мағыналы, ең жауапты шағы, оның басты ерекшелігі, алданғыш көңіл, албырт сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа құмар, қызылға өш, өткінші дәурен екендігі.
• Жастық шақта отбасын құру, білім алу, еңбек қаракетіне төселу - адамшылықтың басталу шағы, оны дұрыс бастау қажет. Отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны берік дәстүрге айналдыру олардың өз қолдарында.
Абай келешегіне үміт еткен жастарды жұбайлық өмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше мән береді. Отбасындағы тіршіліктің барлық жай-жапсарын, жетістік-кемістігін олардың алдарына жайып салып, жақсысын үйреніп, жаманынан жиренуге шақырды.
Достарыңызбен бөлісу: |