Сабақтың тақырыбы: Экстракорпоральды ұрықтандыру әдісі және оның маңызы (2 сағат)



бет2/4
Дата27.07.2022
өлшемі38,01 Kb.
#147777
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
3-3-7-8 sabaq

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
7минут

Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу (оқушыларды түгелдеу),
Жағымды психологиялық ахуал тудыру, шағын топтарға топтастыру. Оқушылардың көңіл күйін анықтау
Шағын топтарға топтастыру.
Үй тапсырмасын сұрау.
Тапсырма 1. Конвертте барлығыңа бірдей 3 сұрақ берілген. әрқайсысына жауап беру үшн екі минут беріледі: әркім стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
Сұрақтар:

  1. Биоинформатика шешетін мақсаттарға сипаттама беріңіз.

  2. Биоинформатика саласында жұмыс жасау үшін не қажет?

  3. Сіз биологиялық деректердің компьютерлік талдау әдістерінің қандай түрлерін білесіз?

Қолданылатын әдіс -тәсіл: «Конверттегі сұрақ»
ҚБ: Мұғалімнің бағалауы . «Мадақтау»




Сабақтың ортасы
20- 24 минут



Мұғалімнің түсіндіруі.ЭКҰ (британдық ғалым Роберт Эдвардсонмен және Патрик Стептоймен әзірленген) әдісімен ұрықтанған бірінші бала жарыққа 1978 жылы пайда болды. Бүгінгі күнде әлемде экстракорпоральды ұрықтандыру көмегімен миллиондаған балалар дүниеге келді. Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) – (латын тілінен extra — сырттан тыс және лат. corpus — дене, яғни денеден тыс ұрықтану) — бедеулік кезінде тиімді және өте жиі пайдаланылатын қосалқы репродуктивті технология әдісі. Ағылшын тілінде IVF (in vitro fertilisation) аббревиатурамен белгіленеді. ЭКҰ көмегімен алғашқы кезеңдерде эмбрионның ұрықталуы және дамуы әйелдердің табиғи ортасында барынша бейімделген арнайы ортада болады. Осы ҚРТ әдісі егер репродуктивті жүйенің жағдайы (еркектерде сияқты әйелдерде де) табиғи тәсілмен баланы ұрықтандыруға мүмкіндік бермесе, ал бедеулік себебі емдеуге берілмеген жағдайда ұсынылады.
Тапсырма 2. Мәтінмен танысып, ЭКҰ және ЭК (эмбрионды көшіру) әдістемесінің техникасы төрт сатысын кесте арқылы талдаңдар.

ЭКҰ және ЭК (эмбрионды көшіру)әдістемесінің техни-касы сатылары

Жүзеге асырылуы

Жұмыртқа жасушалардың жетілуін ынталандыру




Ооциттерді (жұмыртқа жасушаларды) бөліп алу




Жұмыртқа жасушаларын қоректік ортада ұрықтандыру




Жатырға эмбрионды ендіру






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет