Сабақтың тақырыбы: Әл Фараби «Қашықтасың туған жер»



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі97 Kb.
#92090
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Саба ты та ырыбы л Фараби « ашы тасы ту ан жер» (1)

10. Әдеби теориялық ұғымдар.
а) Эпитет – бұл ұқсастығы бойынша бір затты екінші затқа қолдану.
Ұлы мұрат.
11. Түсіндірмелі сөздік.
Жүректің оты молында - жастық шағында.


12.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні:
Өмірдің мәні және адамгершілік қасиеттерге, отансүйгіштікке, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу..
5. Әбу Нәсір әл-Фарабидің нақыл сөздерін бүгінгі күнгі нақыл сөздермен алмастыру,түйіндеу :
Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.
Шыншылдық адалдықпен ағалас.
Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс.
Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.
Жүргендер көп достық атын малданып, Қалмағайсың сен де бірде алданып.
Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу. 
Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
Шын білім – ақиқат, анық білім.

  • Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.

  • Тән ауырса – жан да ауырады.

  • Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі. Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.

  • Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.

  • Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.


Әр топ өздеріне берілген материалдарды оқып, түсініп, постер жасайды. Жасаған постерлерін тақтада қорғайды. Бір бірімен ой бөліседі бір- бірін толықтырады.


Әл Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер алады,
Өлеңді мәнерлеп оқиды.Өлең мазмұны мен идеясын ашып, түсінеді.
Ой, пікірлерін еркін жеткізеді.

Топта бір- бірін бағалауды үйренеді.













Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет