Сабақтың тақырыбы Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Оқу мақсаттары



Дата19.12.2021
өлшемі29,4 Kb.
#103250
түріСабақ
Байланысты:
КМЖ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3А Тұрақты ток

Мектеп:Трекин ЖОББҚМ

Күні : 12.02.2020

Мұғалімнің аты-жөні: Бисенова Г.

Сынып: 10ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Электр тогы. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Оқу мақсаттары

10.4.2.1 –тізбек бөлігі үшін Ом заңын аралас жалғанған өткізгіштерге қолдану;

Сабақтың мақсаты

  • Электр тізбегіндегі ток, кернеу мен кедергінің өзара тәуелділігін анықтау;

  • Өткізгіштерді аралас жалғау тақырыбына есептер шығаруда барысында тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану.

Тілдік мақсаттар


Арнайы пәндік лексика және терминология:

Электр тогы, ток күші, кернеу, кедергі, тізбек бөлігі үшін Ом заңы, өткізгіштерді аралас жалғау



Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Электр тогы …

Кернеу …

Кедергі…


Құндылықтарды дамыту


Жауапкершілік; сыйластық

Пәнаралық

байланыстар

Математика, инженерия

АКТ қолдану дағдылары

Түсіндірмелі-көркемдеу тәсілден белсенділік әдіспен оқыту тәсіліне көшу, бұл кезде оқушы оқу іс-әрекетінің белсенді тұлғасы ретінде қалыптасады.

Бастапқы білім

Электр тогы, кедергі, кернеу, Ом заңы (8 сынып)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

0-2 минут



Ұйымдастыру кезеңі

Тапсырма 1: «Ой қозғау».

Сабақтың мақсатын қою және анықтау;



Мақсаты: Өмірмен байланысты сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе жасау

Сұрақ: Күнделікті өмірде үйде қолданатын электр құралдары туралы не айта аласыз?

Ондағы В деген жазу нені білдіреді?

Бағалау: өзін-өзі бағалау, қалыптастырушы.

Кері байланыс: мұғалім-оқушы

Топқа бөлу. Ток күші, кернеу, кедергі







Сабақтың ортасы
2-3 минут

3-15 минут

15-25 минут

25-27 минут

28-38 минут



Тапсырма: Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігін анықтау

Мақсаты: Электр тізбегіндегі ток, кернеу мен кедергінің өзара тәуелділігін анықтау. Олар Ом заңымен байланысты деп есептеу.

Бүгінгі сабақта екі сұраққа жауап береміз:

  1. Ток күші кернеуге қалай тәуелді?

2. Ток күші кедергіге қалай тәуелді? ( оқушылар сұрақтарды жазып алады, негізгі сұрақ үшін орын қалдырады).

Жалпы сыныпқа 3 тапсырма беріледі. Маршруттық карта

1-тапсырма : Эксперименттік тапсырма . Құралдар: ток көзі, кілт, шам, амперметр. Осы құралдарды пайдалану арқылы ток күшінің кернеуге тәуелділігін анықтайды.

2-тапсырма: Виртуалды зертхана. Ноутбуктегі виртуалды тапсырманы орындау арқылы ток күшінің кедергіге тәуелділігін анықтай алады.

3-тапсырма: Есеп шығару. Ом заңын пайдаланып есеп шығарады.
Тапсырмаларлы қорытындылау. Маршруттық картадағы тапсырмаларды орындайды.

Бағалау


Дескриптор:

  1. Эксперименттік тапсырманы орындау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды, орындай алады, топта талқылай алады, қорытындылай алады.

  2. Виртуалды зертхана жасай алады, топта талқылай алады, ток күшінің кернеуге тәуелділігін айта алады.

  3. Есеп шығару кезінде берілгенін жаза алады, Ом заңын қолданып дұрыс есептей алады.

Бағалау: ауызша топтар өздерін бағалайды.

2-тапсырма: Есеп шығару. Жұптық жұмыс



  1. Ұзындығы 1км, қимасының ауданы 0,5мм2 8мА ток өтіп тұрған телеграф сымындағы кернеудің түсуін анықтаңдар. Сымның меншікті кедергісі 12*10-8 Ом*м.

  2. Қорытпадан жасалған сымның қимасы 0,5мм2 ұзындығы 4м, ал оның ұштарындағы кернеу 9,6 В. Егер сымдағы ток күші 2 А болса, қорытпаның меншікті кедергісі неге тең?

Дескриптор:

  1. Берілген шамаларды жаза алады;

  2. ХБЖ келтіре алады;

  3. Формуланы түрлендіре алады;

  4. Формуланы қолданып дұрыс есептей алады,

  5. Өлшем бірлікті дұрыс жаза алады.

Бағалау: Әрбір жұп өздерін бағалайды. Ұпай саны аз жұптан себебі сұралады.

Сергіту сәті: Электр тізбегін сызбаға қарап құрастырады, сол сызба бойынша орналасып, жаттығуды орындайды.

Сұрақ: Бұл жаттығуда қандай құбылысты байқадыңыздар?

Жеке жұмыс. Есеп шығару



  1. Берілгенін жаза алады;

  2. Формуланы қолдана алады;

  3. Дұрыс есептеп, өлшем бірлікті дұрыс жаза алады.




Маршруттық карта

Схемалы плата,ток көзі, ажыратқыш, резисторлар, реостат, амперметр, вольтметр, қосқыш сымдар.

Ноутбук

Қосымша 1

Жауаптары бар карточкаларды тарату

Қосымша 2

Қосымша 3


Сабақтың соңы

38-40 минут



Сабақтың соңында оқушылар кері байланыс жасайды:

- не білдім, нені үйрендім

- не түсініксіз болды

- немен жұмыс жасау қажет



Үй тапсырмасы §60, 68-беттегі ойлап табыңдар тапсырмасы

Қосымша 4


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет