Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты. Білім беру ұйымының атауы



бет1/3
Дата12.04.2023
өлшемі215,35 Kb.
#174352
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Электр


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты.



Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Тойлы Сәуле Асылбекқызы

Күні:16.02.23




Сынып: 8 Ғ

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жұмысы мен қуаты.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатын анықтайды;
Көптеген оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатын есептер шығаруда қолданады.
Кейбір оқушылар істей алады: Токтың жұмысы мен қуатына мысалдар келтіреді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру

Сабақтың басы


10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім


10 минут


Бекіту

15 минут

Сабақтың соңы.


10 минут
Бағалау


1.Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


2. Топқа бөлу "Түстер " әдісі Оқушылар түрлі түсті қағаздар арқылы үш топқа топтастырылады және бағалау парақшалары беріледі.
1-топ Сары
2-топ Қызыл
3-топ Жасыл
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Ширату жаттығуы: «Сәйкестендіру».
Жеке жұмыс.


«Физикалық жұмбақтар» әдісі арқылы тақырыпты ашу.

  1. Пайдаланған мені жұрт

Отын менен жарыққа
Қызмет етем әрқашан
Түсіне білген халыққа
Жауабы: (Электр тогы)

  1. Ток бар жерде, біреу бар

Өлшемі вольт, киловольт
Ұмытып кетпе тағы да,
Гектавольт пен мегавольт
Жауабы: (Кернеу)

  1. Аса қажет өмірге халық үшін

Пайдаланам күн сайын жарық үшін
Жауабы: (Электр шамдары)
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі
Суреттер бойынша бүгінгі жаңа тақырыбымызға шығамыз.

Жаңа тақырыпты қысқаша шолу жасап түсіндіремін.Электр тогының жұмысы мен қуатының формулаларын қорытып түсіндіріп беремін.Кез келген тогы бар тізбектегі электр энергиясы басқа энергияға, мысалы ішкі энергиясына айналады, яғни тогы бар өткізгіш жұмыс жасайды. Оқушылар токпен жұмыс жасайтын құралдарға мысал келтіреді: (вентилятор,миксер,үтік т.б)
Ал, енді сұрақ: электр тогының жұмысы неге байланысты? Тағы токтың жұмысы неге байланысты екен, ол үшін тақтадағы схема бойынша тізбек құрамыз,

Реостатың көмегімен ток күшін азайтып көбейте отыра, оқушылар электр шамының жарықтығының өзгергенін байқап, токтың жұмысының ток күшіне тура пропорционал екеніне көзі жетеді. Қорытынды: A~I Сондай-ақ токтың жұмысының уақытқа тәуелді екенін де айта кете A=I·Ut формуланы қорытып шығарамыз.SI жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді. 1Дж=1A·1B·1c
II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады. Электр қуаты P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең: P = А/t= I U
Сонымен қатар токтың қуаты үшін мына өрнектер дұрыс:
P=U2/R және P = I2R
Халықаралық бірліктер жүйесінде қуат бірлігіне ватт алынған: 1Вт


Тапсырма 1:
«Пазл» әдісі. Топтық жұмыс.
Үш топқа пазлдар тарқатылады. Оқушылар жасырынған суреттегі формулаларды құрастырады.
Тапсырма 2:
«Кім мықты » эстафеталық есептер шығару. Оқушылар құрастырған формулалары бойынша үш топқа есептер беріледі.
1-топ Сары
1.Электр шамыныңкернеуі 127В және ток күші 0,5Аболса,оның қуаты неге тең.
2.Кедергісі 500 Ом тізбек бөлігінде 2А ток күшін тудыратын тұрақты электр өрісі 30 минут ішінде қандай жұмыс атқарады?
2-топ Қызыл
1.Қуаты 25 Вт токтың 10 минут ішінде жасайтын жұмысын табыңдар?
2.Электрлік құралда 5 А ток күші 45 минут уақыт ішінде 162 кДж жұмыс жасайды.Осы құралдың кедергісін табыңдар?
3-топ Жасыл
1.Егер шаңсорғыш кернеуі 220 В, ал ток күші 0,5 А қалалық желіге қосылса, онда оның электрқозғалтқышының тогы 0,5 сағ ішінде қанша жұмыс жасайды?
2.Егер кернеуі 4 В, ток күші 250 мА болса, қалта фонарының шамымен жүретін электр тогы 10 мин ішінде қандай жұмыс атқарады ?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет