Асанова Аманай Жангельдиновна. «Болашақ селолық округінің №10 орта мектебі» КММ-сінде физика пәні мұғалімі.
Сыныбы: 9- класс
Сабақтың пәні: физика.
Сабақтың тақырыбы: «Электромагниттік толқындар. Электромагниттік толқынның қасиеті. Электроманиттік толқындар шкаласы».
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға электромагниттік толқындар, электромагниттік толқынның қасиеті, электроманиттік толқындар шкаласы туралы ұғымдармен таныстыру, құбылысының мәнін ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын және ойлауын дамыту, өз еркімен ізденуін, шығармашылығын дамыту, сөз байлығын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың дүнетанымын кеңейту, ойлау қабілетін, өзара сыйластыққа, ұқыптылыққа, өзін- өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру.
Құралдар: компьютер, интерактивті тақта, проектор, оқулықтар,кеспедегі есептер жинағы, интерактивті физика бағдарламасы, электронды оқулық 9 сынып, интернеттен алынған видеороликтер.
Сабақтың әдіс- тәсілі: ақпарттық технологияны пайдалана отырып, жаңа технологияларды қолдану.
Пәнаралық байланыс: математика, информатика,
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру.
Өткен сабаққа шолу.
Жаңа тақырып.
Сергіту сәті.
Сабақты бекіту.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын сұрау.
Өткен сабаққа шолу.
Тақтаға бір- екі оқушыны есепке шығарып, олар болғанша қалған оқушылар физикалық диктант орындайды. (Оқушылар кітаптарын жауып, дәптерлеріне орын тастап кеткен жерді толтырады)
Қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары-... деп аталады.
Жиһаздары, адамдар көп шоғырланған бөлмеде реверберация .... болады.
Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары... деп аталады.
20000 Гц- тен жоғары дыбыс толқындары ... деп аталады.
Теңіз тереңдігін өлшеуге арналған құрал....деп аталады.
Мұғалім жауапты оқиды. Оқушылар өзара дәптерлерін алмастырып тексереді. Жауаптары экраннан ашылып көрсетіліп отырады. Эхолоттың дыбысын шығаруға болады. Жауаптары: Жаңғырық, аз, инфрадыбыстар, ультрадыбыстар,эхолот.
1. Көл суының бетінде толқын 6 м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай болады?
Берілгені: формула: есеп шығару:
υ=6 м/с
λ=3 м 𝓥= 𝓥= =2 Гц
т/к: Т-? Жауабы: 0,5с, 2 Гц
𝓥-?
2. Найзағай кезінде адам күннің күркіргенін найзағай жарқылынан 15 с-тан кейін естіген. Разряд одан қандай қашықтықта болған?
Берілгені: Формула: Есеп шығару:
t= 15с
т/к: s-? Жауабы:
3. Дыбыс шағылатын бөгетке дейінгі қашықтық 68 м. Адам жаңғырықты қанша уақыттан кейін естиді?
Берілгені: Формула: Есеп шығару:
s = 15с
т/к: t -? Жауабы: 0,88с
Ал есептің жауаптарының дұрыс және қате жауаптары экранда 16 данасы тұрады. Дұрыс жауаптары ортасында ашылады да, артқы жағынан электр және магнит өрістерінің суреттері ашылады.
Есептердің экрандағы жауаптарының ұяшықтары.
5 Гц
3000м
2981м
2000м
1Гц
0,91Гц
0,58Гц
0,55с
0,88с
0,5с
2Гц
4Гц
900м
0,6с
Достарыңызбен бөлісу: |