Сабақтың тақырыбы: Энергожүйе және электр жүйесі жайында жалпы түсінік



Дата02.05.2020
өлшемі12,12 Kb.
#65546
түріСабақ
Байланысты:
10-12 сабақ


Сабақтың тақырыбы:Энергожүйе және электр жүйесі жайында жалпы түсінік

энергожүйе – өзара және энергия тұтынушылармен электр энергиясын жеткізу желісі арқылы жалғасқан электр ст-ларының жиынтығы (торабы). Энергиялық жүйенің құрамына: жылу электр стансасы, атом электр стансасы, су электр стансасы, электр энергиясын жеткізу желісі; қосалқы электр ст-лары, жылу және электр желісі, жылу және электр энергиясының қабылдағыштары енеді. Тұтынушыларды электр энергиясымен Энергиялық жүйе арқылы қамтамасыз етудің жеке электр ст. арқылы қамтамасыз етуге қарағанда төмендегідей артықшылықтар бар: энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігі артады; жергілікті энергет. қор (отын және су энергиясы) тиімді пайдаланылады; электр ст-ларының жүктемесін өзара тиімді етіп бөлу нәтижесінде электр энергиясының өзіндік құны кемиді, қуатты қондырғыларды пайдалану мүмкіндігі жасалады, резервтік қуат азаяды. Энергиялық жүйе әдетте бір орт-тан басқарылады. Бір жалпы оперативтік диспетчерлік пункттен басқарылатын бірнеше Энергиялық жүйе біріккен энергетикалық жүйе құрайды

Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.

Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.



Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болаты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет