Байланысты: Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. 11 сынып
Қорытынды:
Деңгейлік есептер шығару А деңгей-1 балл В деңгей -2 балл С деңгей -3 балл А деңгей
1.Тербелмелі контур сыйымдылығы 250 Ф конденсатордан және индуктивтілігі 10 мГн катушкадан тұрады. Еркін тербелістердің периоды анықтаңдар.
В деңгей
Баяу электромагниттік тербелістерді көрсету үшін сыйымдылығы 2,5 мкФ конденсатор алынып, тербелмелі контур жиналады. Период 0,2 с болған кезде катушканың индуктивтілігі қандай болуы тиіс?
С деңгей
Индуктивтілігі 1,3 мГн катушканы пайдаланып, жиілігі 3 мГц болатын тербелмелі контурды жинау үшін конденсатордың сыйымдылығы қандай болуы керек?
Дарынды оқушыға қосымша тапсырма береді.
Идеал тербеліс контурда конденсатордағы кернеу u=50cos105t заңымен өзгереді, ал сол мезетте конденсатордағы максимал заряды qm=5·10-5Кл. Контурдың индуктивтілігін табыңыздар.
Физикалық диктант:
1.....................-сыртқы периодты күштердің әсерінсіз жүйеде жүретін өшпейтін тербеліс
2. Сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербеліс ................... тербеліс деп аталады.
3. Энергия көзін қосып тұратын клапанның(кілттің) рөлін ....................... атқарады.
4. Мына формуламен ............ меншікті тербеліс жиілігі анықталады.
5.Кері байланыс принципін жүзеге асыратын құрылғы ............ деп аталады.