Сабақ кезеңдері
|
Уақыт
|
Мұғалімнің іс – әрекеті
|
Оқушының іс – әрекеті
|
Мақсаты
|
Жұмыстың түрі
|
Бағалау
|
Ұйымдастыру
|
2 минут
|
Оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатымен таныстырамын.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады
|
Сабақ мақсатымен таныстыру
|
|
|
Миға шабуыл
|
5 минут
|
Оқушыларды ортаға шығарып, шеңбер жасап тұруын сұраймын. Допты бір – бірлеріне лақтырып, өткен тақырып бойынша сұрақ қою керек екенін айтамын.
|
Оқушылар допты бір – бірлеріне сұрақ қойып лақтырады, допты алған оқушы сұраққа жауап беріп, басқа оқушыға сұрақ қойып лақтырады.
|
Өткен тақырыптағы анықтамаларды еске түсіру
|
Топтық жұмыс
|
|
Топқа бөлу
|
1 минут
|
Карточкаға жазылған сандар бойынша бөліну керектігін айтамын
|
Карточкаларды алып, сәйкес сандарына барып отырады.
|
Топқа бөліну дағдыларын қалыптастыру
|
|
|
«Ыстық ұя»
«Білу»
|
5 минут
|
Сұрақтары мен жауабы жазылған карточкаларды топқа беремін.
|
Сұрақтарына сәйкес жауаптарын тауып, алдындағы парақтарына жабыстырады. Жауабын интерактивті тақта арқылы тексереді.
|
Теориялық білімдерін нақтылау
|
Топтық жұмыс
|
Топпен бағалау
|
«Жалған ба, шындық па?»
«Түсіну»
|
5 минут
|
Жеке оқушыға интерактивті тақта арқылы есеп көрсетемін.
|
Оқушы есепті ауызша жылдам есептеп, есептің шешімінің жалған, шындық екенін айтады
|
Көпмүшеге амалдар қолдана алу, бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін пайдалану
|
Жеке жұмыс
|
Өз – өзін бағалау
|
«Мені тап»
«Қолдану»
|
5 минут
|
Карточкаға жазылған есептер таратамын.
|
Есептерді шығарып, сәйкес жауабына жабыстырады. Есеп қатесіз орындалса, сурет пайда болады.
|
Көпмүшеге байланысты есептерді шығару
|
Топтық жұмыс
|
Стикермен бағалау
|
«Ойлан, тап!»
|
2 минут
|
«Математика» сөзінің әріптерін пайдаланып, сөз құрастыру керек екенін айтамын
|
Топ болып сөз құрастырады
|
Сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру
|
Топтық жұмыс
|
Стикермен бағалау
|
«Жұбыңды тап»
«Талдау»
|
5 минут
|
Есептер мен жауаптар жазылған парақтарды таратамын.
|
Есеп алған оқушы есебін шығарып, өз жауабы кімде екенін табу керек. Жауап алған оқушылар өз жұптарын күтіп отырады.
|
Теориялық білімдерін практикада қолдану
|
Жұптық жұмыс
|
Бас бармақ
|
Сергіту сәті
|
3 минут
|
Бір бірлерінің суретін салу
|
Қарама – қарсы отырған жолдасының бетіне қарап отырып, қағазға қарамай суретін салады. Салып болған соң қолын қойып, естелікке жұбына ұсынады.
|
Сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру
|
Жұптық жұмыс
|
Стикермен бағалау
|
«Сөздер банкісі»
«Жинақтау»
|
5 минут
|
Тақырыпқа қатысты, қатыссыз сөздер жазылған слайдты көрсетемін.
|
Тақырыпқа қатысты сөздерді таңдап жазады. Көп сөз тапқан топтың сөздерін тыңдаймыз
|
Тақырыптың түйінді сөздерін анықтау.
|
Топтық жұмыс
|
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
«Қазымыр оқушы»
|
5 минут
|
Бір топтың оқушылары шеңбер жасап отырады, келесі топтың мүшелері қарама қарсы отырады. Көп сұрақ қойған, көп жауап берген оқушы «қазымыр оқушы» атағын алады.
|
Алдында отырған оқушылар сұрақ қояды, уақыт деген кезде сағат тілінің бағыты бойынша келесі оқушыға ауысады
|
Тақырыпты нақтылау
|
Жұптық жұмыс
|
Жұптық бағалау
|
Рефлексия
|
3 минут
|
- «Бес саусақ» әдісі: білдім, сезіндім, ойладым, шештім, келісемін (1-топ)
- Мен бүгін ... жаттап алдым (2-топ)
- 3 минуттық эссе: (3-топ)
бүгін не үйрендің?
Сабақ барысында қандай сұрағың бар?
Осы тақырып бойынша тағы не білгің келеді?
Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірің/ұсынысың бар?
|
Ақ параққа бес саусақтарын салып, осы сөздерге аяқталатын сөйлем жазады
|
Алған білімдерін жинақтау, талдау.
Кері байланыс
|
Жеке жұмыс
|
|