Сабақтың тақырыбы: Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару Мұғалімнің аты-жөні: Р.Қайназарова Күні



Дата04.07.2018
өлшемі65,13 Kb.
#46688
түріСабақ
Пәні: математика


Сабақтың тақырыбы: Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару

Мұғалімнің аты-жөні: Р.Қайназарова

Күні:

СЫНЫП: 3


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген

оқу мақсаттары:


Есепті әр түрлі тәсілмен шығару; көбейтудің қасиеттерін қолдануға, өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру барысында машықтандыра түсу.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

1-деңгей (білу, түсіну):



Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Тапсырмаларды орындай алады.Тапсырмаларды орындау барысында түсіндіруді талап етеді.

2-деңгей

(қолдану, талдау):




Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Берілген тапсырмаларды салыстырып, өз ойларын жеткізе алады.



3-деңгей

(жинақтау, бағалау):




Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:

Есептерді шығарып, шығармашылық тапсырмаларды орындай білед.іСабақ соңында сипаттама бере біледіҚорытынды жасай алады..



Тілдік мақсат:

Текше-куб-cube



Ресурстар:

АКТ,оқулық, суреттер,геометриялық фигуралар,фишка,бағалау тақтасы.



Пәнаралық байланыс:


Әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка

Алдыңғы оқу:

Қайталау


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

«Тілші», «Эстафета», «Айналмалы бекет»



Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

3 минут


Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

- Көңіл күйлерің қалай?

- Сабаққа дайындықтарың қалай?

- Ынталарың ше?

Смайликтерді көрсету.Топтарға бірігу.


Формативті бағалау

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

7 минут


1-деңгей (білу, түсіну):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)

6-тапсырма 28- бет.Теңдеулерді шешу

с х5 =400 400 :а= 50 х:5 =80

с =80 а=8 х=400



Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады

Жеке жұмыс



2-деңгей

(қолдану, талдау):




7-тапсырма а) 6х3 = 18 ә) 18:3 =6

16х3 = 48 48:3= 16

26х3= 78 78:3= 26

36х3 =108 108:3 =36



Дұрыс жауаптарға

2 балл қойылады

Жеке жұмыс


3-деңгей

(жинақтау, бағалау):




«Тілші» Сұрақ-жауап алу.Үйде дайындап келген сұрақтарын оқу,басқалары сұраққа жауап беру.

Дұрыс жауаптарға

3 балл қойылады

Жеке жұмыс,

топтық жұмыс



ЖАҢА САБАҚ

10 минут



(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)

(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру);

«Адасқан сөздер»



Тәсілмен, шығару, түрлі, есептерді, әр.

Сөздерді орнына қою,жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Оқулықпен жұмыс

1.Әр түрлі тәсілмен есептеп тап .Топтық жұмыс

а) тік төртбұрыштың ауданын әр түрлі тәсілмен тап.

1-тәсіл S= 2см*4см= 8см2

2-тәсіл S= 4см*2см= 8см2

ә) тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен тап.

1-тәсіл Р= (4+2)*2= 12( см)

2-тәсіл Р= 4*2+2*2= 12( см)


а) қораптың көлемін әр түрлі тәсілмен тап.

V=3*1*2=6 см3

V=1*2*3=6см3

V=3*2*1=6см3

ә) қораптың әр түрлі үш жағының аудандарының қосындысын тап.



S=3*1+3*2+2*1=11cм2

Ж:үш жағының аудандарының қосындысы 11 см

2. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар.Жұптық жұмыс.

Оқушы бағасы 10 теңге тұратын 7 жолды дәптер және 3 тор көз дәптер сатып алды.Ол барлық дәптерлер үшін неше теңге төледі?

10 х 7+10 х 3 және 10 х (7+3) өрнектерін салыстыр.Олардың мәндері тең бе?

Жауабы:Барлық дәптерлер үшін 100 тг төледі

Сергіту сәті
3.Есепті әр түрлі тәсілмен шығар.Үштік жұмыс

Атамыз туысқандарға жіберу үшін 6 кг өрік және 9 кг алма дайындады. Сәлемдеме жіберетін бір қорапқа 3 кг жеміс салуға болады. Атамыз осындай неше қорап сәлемдеме жібереді?



Ш: 1 тәсіл( 6+9):3 =5

2 тәсіл 6:3+9:3= 5

Ж:атамыз 5 қорап сәлемдеме жіберді.






САБАҚТЫ БЕКІТУ

15 минут


1-деңгей (білу, түсіну):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
Көбейтудің қандай қасиеттерін қолдандық? Дәлелдеу

Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады

Жұптық жұмыс



2-деңгей

(қолдану, талдау):




«Эстафета» Семантикалық картаны толтыру.

7 мен с-нің көбейтіндісін өрнек түрінде жаз. С=100,90,80,70,60,50,40,30,20,10,0 деп алып, өрнектің мәнін тап.



Дұрыс жауаптарға

2 балл қойылады

Топтық жұмыс


3-деңгей

(жинақтау, бағалау):




«Айналмалы бекет» Салыстыру.

10 см-дің -і * 20 см-дің -і;

60 см-дің -і * 35 см-дің -і;

3 см-дің -і * 1 м-дің -і;

30 см-дің -і * 40 см-дің -і.


Дұрыс жауаптарға

3 балл қойылады

Топтық жұмыс


ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

5минут


1-деңгей (білу, түсіну):


6-тапсырма.Теңдеулерді шешу

С*5= 250 250:а= 50 х:5= 50






2-деңгей

(қолдану, талдау):




7-тапсырма а) 9*3 ә)27:3

19*3 57:3

29*3 87:3





3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

Шығармашылық тапсырма

Дөңгелектерге 1-ден 9-ға дейінгі сандарды орналастыр.Сонда үшбұрыштың әр қабырғасының бойындағы сандардың қосындысының бойындағы сандардың қосындысының мәні 17-ге тең болсын.












БАҒАЛАУ


Әр топтағы топбасшылардың бағалау парақтары негізінде жиынтық балл мен бағаны жариялау ,мадақтау.

3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады

6-8 балл жинаған оқушыларға «4» баға қойылады

9-12 балл жинаған оқушыларға «5» баға қойылады






КЕРІ БАЙЛАНЫС


Оқушылар сабақта түсінгенін «БББ» әдісі арқылы көрсетеді







Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?








Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?


Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет