Сабақтың тақырыбы: Эволюцияның дәлелдемелері Сабақтың мақсаты



Дата29.03.2017
өлшемі135,07 Kb.
#12608
түріСабақ
Таңжарова Бағияш,

«Ұзын-Ата» жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі

ОҚО, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы

Сабақтың тақырыбы: Эволюцияның дәлелдемелері


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері жайында түсінік бере отырып, оқушылардың білімін жетілдіру.



Тәрбиелілігі: Оқушыларға білім бере отырып, топпен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, әдептілікке, жинақылыққа, өсімдіктер мен жануарлар

дүниесін қорғауға тәрбиелей білу, экологиялық тәрбие беру



Дамытушылыгы: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімдерін, пәнге деген

қызығушылығын дамыта отырып, білім беру.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өтілу әдісі: топтық

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, стикер, ту, сиқырлы таяқша

Сабақтың басқа пәндермен байланысы: тарих, география,медицинамен

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу.

Б) оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау, сабаққа дайындығын тексеру.

В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру

Миға шабуыл

Тест сұрақтары


  1. Организмдердің өз белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпақтарына беру қабілеті.

а) өзгергіштік с) көбею б) тұқымқуалаушылық

2. Жаңа ғылым саласын «генетика» деп атауды еңгізген



а) У. Бэтсон б) К. Линней в) Ч . Дарвин
3. Организімнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы

а) фенотип б) генотип с) ген


4. Басым белгісі

а) рецессивті б) гомозигота с) доминантты


5. Сыртқы орта жағдайларына байланысты тұқымқуалайтын өзгергіштіктердің қалыптасуы не деп аталады? а) модификациялық өзгергіштік

б) үйлесімдік өзгергіштік

с) генотиптік өзгергіштік

6. Кездейсоқ пайда болған тұқымқуалайтын тұрақты өзгерістерді не деп атайды?

а) өзгергіштік б) көбею с) мутация
7. «Мутация» деген терминді ғылымға алғаш енгізген

а) К.Линней б) Де Фриз с) Ч.Дарвин


8. Биология бөлімінің органикалық дүние даму тарихының жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күшткрін атайды?

а) эволюция б) генетика с) селекция
III. Жаңа сабақты баяндау

Жоспары:


Салыстырмалы - анатомиялық дәлелдемелер Эмбриологиялық дәлелдемелер

Палеонтологиялық дәлелдемелер

Биогеографиялық дәлелдемелер

Дарвин эволюциялық ілімінде органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын ашып, оның қозғаушы күштерін атап көрсетті. Ол ілім жарыққа шыққаннан кейін де биология ғылымының түрлі салаларында эволюциялық процесті дәлелдейтін материалдар көптеп жинақтала берді. Тірі организмдердің жасушадан тұратыны, жануарлар мен өсімдіктер

жасушаларының құрылысы мен атқаратын қызметі, химиялық құрамы ұқсас екені айтылды. Бұл барлық тірі организмдердің шығу тегінің бір екендігі айқын дәлел болды. Жалпы құрылысы және шығу тегі бір мүшелерді гомологиялық мүшелер деп атайды. Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер аналогиялық мүшелер деп аталады. Организмдер ұрығының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы эмбриология деп аталады. Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым саласы палеонтология деп аталады.



Гомологиялық мүшелердің мысалдары



ІҮ.Сергіту сәті

«Өзгерісті айқында»


Биологиялық диктант Дұрыс жауабын табыңдар:

А. Қазба қалдықтары табылмаған, қаңқасы

зерттейді.


  1. Палеонтология;

  2. Салыстырмалы - анатомия.

Құрылысы мен шығу тегі бірдей ұрық бастамасынан мүшелер

дамиды


  1. Аналогтық

  2. Гомологт ық

Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер

  1. Аналогтық

  2. Гомологтық

Көбелек пен құстың қанаттары бірдей ұшу қызметін атқарганымен
құрылысы бір-біріне

  1. Ұқсайды

  2. Ұқсамайды

Тізімнен жануарлардағы аналогтық және гомологтық мүшелерді ажыратып кестеге жазыңдар

а) Көбелектің қанаты

б) Жарғанаттың қанаты

в) Құстың қанаты


с) Көртышқанның алдыңғы аяқтары
д) Балықтың желбезегі



е) Бұзау бастың аяғы
г) Өзен шаянының желбезегі Эмбриологиялық дәлелдемелерге арналған биологиялық диктант

Сөйлемдер

Жануарлардың ұрықтық дамуының ұқсастығы шығу тегінің

екендігін дәлелдейді.

Әртүрлі жануарлар ұрықтарының даму ұқсастығын

анықтады.


  • Жеке даму кезін.; ; сатысынанөтеді.

  • Омыртқалыжануарлардыңүрықтары, еңалғашқы даму сатысында бөлімдерінентүрады.




  • Жүйке жүйесі алдымен тәрізді болады.

  • Омыртқалылардың ұрығында бәрінен бұрын

белгілері қалыптасады.

  • Типтен соң белгілері қалыптасады.

  • Балықтарда жұпаяқтары айналады.

Биологиялық диктант

• Қазба қалдықтары табылмаған, қаңқасы жоқ организімдердің дене құрылысын ............................ зерттейді.




  • Ү. Жаңа сабақты қорытындылау

Эволюциялық ілімге қарсы жақтар Дарвиннің жаңа түрлердің түзілу теориясына көбінесе күдікпен қарайды. Алайда туыстар, түқымдастар, отрядтар және кластар тәрізді ірі таксондар қалыптасуының табиғи сұрыпталу теориясына ешқандай байланысы жоқ. Макроэволюцияның

Секіртпелі емес, тұрақтылығын дәлелдейтін өліп біткен де, сондай-ақ қазірөмір сүретін өтпелі формаларының саны жеткілікті мөлшерде табылады.


«Иа немесе жоқ»

  1. Омыртқалылардың ішкі мүшелерінің құрылысы мен орналасуы әр түрлі.

  2. Миы 5 бөліктен тұрады.

  3. Омыртқалылардың денесі екі жақты симметриялы емес.

VIII. Үйге тапсырма: Эволюцияның дәлелдемелерінің астындағы кестені толтырып келу. Түр және түрдің крийтерилері тақырыбына дайындалып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет