Сабақтың тақырыбы Ғажайып сәуле Сілтеме Оқулық Ана тілі 4-сынып 2



Дата13.12.2016
өлшемі47,84 Kb.
#3762
түріСабақ

4-сынып 24.01.2015 Пәні: ана тілі



1

Сабақтың тақырыбы

Ғажайып сәуле




Сілтеме

Оқулық Ана тілі 4-сынып

2

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға әңгімедегі жазушының айтайын деген ойын ашу, көрінбейтін адам, нейтрон, атом туралы түсініктері кеңейте отырып, оқушылардың негізгі мәселелерді тани білуіне ықпал ету

  • Оқушыларды шығармадағы деректерді салыстыра отырып талдауға дағдыландыру,қауымдасып жұмыс істеуге,өз ойларын,пікірін ортаға салуға дамыту

  • Оқушылардың ой-өрісін арттырып,сөздік қорларын байытып,тіл байлығын кеңейтіп,шығармашылық қиялын дамыту.

3

Күтілетін нәтиже:

  • көрінбейтін адам, нейтрон, атом туралы түсініктері кеңейе отырып, негізгі мәселелерді тани білу туралы бағыт алады

  • талдауға ,қауымдасып жұмыс істеуге,өз ойларын,пікірін ортаға салуға қабілеттері артады



4

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

5

Негізгі дереккөздер:

Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, постерлер, таратпа материалдар, өзін-өзі бағалау парақшасы

6

Әдіс-тәсілдер:

Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, тренинг «Күн шуағы», ішінара іздену-зерттеушілік әдістері, талдау, қорыту, бағалау

Сабақтың барысы:




І. Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)


- оқушылармен сәлемдесу;

- оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру;

- жағымды психологиялық ахуал туғызу(«Күн шуағы» тренингі, жылулық, мейірімділік жайында ой қозғайды);

- оқушыларды топқа бөлу;

- топта міндеттер бөлу (көшбасшы, баяндаушы, хатшы, бағалаушы, таимкипер)





ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин)

«Үйрену» өлеңі бойынша суреттер көрсету




ІІІ. Ой қозғау (1 мин)

(СТО стратегиясы)



Көрінбейтін адам суреттерін көрсету. Негізгі ұғым бойынша түсінік қалыптасады.




(40 мин)

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті




Мағынаны тану (5 мин)

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады:

Бүгін «Ғажайып сәуле» тақырыбын өтеміз.Сабақтағы мақсатымыз көрінбейтін адам, нейтрон, атом туралы танысатын боламыз.



Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қояды.




Оқулықпен жұмыс

(10 мин)


  • «Ғажайып сәуле» әңгімесін жазған Медеу Сәрсеке туралы қысқаша мағлұмат беру

  • Мәтінді оқу

Оқушылар тақырып бойынша толық ақпаратты меңгереді.





Сергіту сәті (1 мин)

«Тыныштық минуты»

Оқушылар бір сәт экранға назар аударып тынышталады.




Топтық жұмыс

Бірлескен топтарға тапсырма беріледі.

І топ – Медеу Сәрсеке

ІІ топ – Герберт Уэлс

ІІІ топ – Джеймс Чедвик туралы ресурстар беру



Топты аралап кеңес беріледі. Топ мүшелерінің жұмысын бақылап, қолдау жүргізіледі.




Топтық жұмысты қорғау (5 мин)

Алған білімдері бойынша (постер, сөзжұмбақ, ребустарын) қорғайды. Қорғауға топ мүшелері толық қатысады. Пікірлерін ортада толық жеткізеді.

Әрбір топ мүшесінің сөйлеуі қадағаланады.




Формативті бағалау

(2 мин)


Оқушылар өзін - өзі «Бағдаршам» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) бағалайды.

Топ мүшелерінің жеке-жеке басқа топ мүшелерін бағдаршам арқылы формативті бағалауы қадағаланады.




Сабақты қорытындылау

«БББ кестесі» арқылы сабақты қорытындылау. Стикерге Нені білемін? Не білдім?Нені білгім келеді деген сұрақтарға жауап береді»

  • «» Көрінбейтін адам жайлы не білесің? Киносын көргендерің бар ма?

  • Жазушы оның қандай қасиетін ерекше әңгімелейді.

  • Нейтрон бөлшектерінің көрінбейтін адаммен қандай ұқсастығы бар екен?

  • Оны кім ойлап тапты?

  • Егер көрінбейтін адамға айналып кетсең, не істер едің?

«БББ кестесі» арқылы сабақты қорытындылау. Стикерге Нені білемін? Не білдім?Нені білгім келеді деген сұрақтарға жазылған стикер таратылады




Үйге тапсырма (1 мин)

«Егер мен көрінбейтін адамға айналсам…….» деген тақырыпқа қиял-ғажайып әңгіме жазу.







Жиынтық бағалау

Топтың белсенділігін бағалау, оның ішінде әр оқушыға баға қою.

Оқушыларға жиынтық бағасы қойылады




Рефлексия (1 мин)

-Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдің?

-

«Екі жұлдіз бір тілек» стратегиясы арқылы сабаққа кері байланыс жасалады. Кері байланыс рефлексия күнделігіне жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет