Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Оқулықпен жұмыс;
Мақалдың мағынасын ашу;
Күннің шуағы жылы,
Ананың құшағы – жылы.
Күн Ана
Күн жер бетін жылытады, ал ана үйді жылытады.
Ал анадан кейін, сендерді күтетін, еркеліктеріңе көнетін тағы кім қымбат? Оны білу үшін мына сөз жұмбақты шешіп көрейік.
Батыр, алғыр баламыз,
оқып білім аламыз.
Сөзжұмбақтар шешеміз,
Жетілсін деп санамыз.
Сөзжұмбақ шешіледі.
4 Ұжымдық жұмыс
сөзжұмбақ
1 «Күшті» сөзің басқаша қалай атайды?
2 Ананың құшағы қандай
3 Көп нүктенің орнына сөз қой...........-асқар тау
- Балалар, бүгінгі сабақта Әже атты өлеңмен танысамыз. Бұл өлеңді де жазған Фариза Оңғарсынова апамыз екен.
Өмірі мен шығармашылығы туралы
Фариза Оңғарсынова - Халық жазушысы. 1939 жылдың 5 - желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
Балалар, әже деген сөзді естігенде сендердің ойларыңа не келеді?
- Әже қандай адам?
- Әжеңнің есімі кім?
- Нағашы әжеңнің есімі кім?
-Ол қайда тұрады?
- Әжең саған қандай ақыл айтты?
- Әжең сені еркелеткенде қалай атайды?
|