Сабақтың тақырыбы: Ғылыми-техникалық революция: негізгі белгілері мен құрылымы. Оның қалыптасу кезеңдері



бет1/2
Дата25.01.2017
өлшемі225,88 Kb.
#8077
түріСабақ
  1   2
Бекітемін:___________ Пәні: География Сыныбы: 10 күні: 24.12.2014ж
Сабақтың тақырыбы: Ғылыми-техникалық революция: негізгі белгілері мен құрылымы. Оның қалыптасу кезеңдері

1.Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

Білу: Ғылыми- техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы туралы білу.

Түсіну: ҒТР-ның шаруашылық құрамына ықпалын туралы білім беру.

Қолдану: ҒТР-дың негізгі белгілерін ажырата білу нәтижесінде кесте құрастыру.

Талдау: ҒТР-дың өнеркәсіпке және ауыл шаруашылығына әсеріне талдау жасау.

Жинақтау: ҒТР-дың қазіргі заманғы ғылымға негізделген жоғарғы технологиялық салаларға сипаттама беру, қай елдерде жоғары дамыған жайлы қосымша ақпарат беру.

Бағалау: Қазақстанға қатысты ҒТР ұғымын қолдануға бола ма? Қазақстан ғалымдарының ҒТР-ғы жетістіктерін көруге бола ма? Болса қай саладан , жауаптарыңды нақты мысалдармен толықтыр. Қазақстандағы 2017 жылы болатын ЭКСПО -2017 бағдарламысының тақырыбынан қандай? Тақырыптың өзектілігі Қазақстан үшін?

2.Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу



2.Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

3. Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты, жасы кіші) жұмысқа қалай тартасыз?

Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру

4. Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында



Мақсаты: Ғылыми- техникалық революцияның құрылымы, құрамдас бөліктері, негізгі белгілері туралы білім беру, ғылыми сауаттылығын дамыту, ғылым мен техниканың сабақтастығын бағдарлай алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Диалогтік оқыту, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар беру, Блум таксономиясы



Сабақта қолданылатын модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер (ЖТ), Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану (АКТ ), сыни тұрғыдан ойлау (СТО), талантты және дарынды балаларды оқыту (Т&ДБО), оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Сабақтың құрал-жабдықтары: География Дүниежүзіне жалпы шолу.ТМД елдері 10- сынып,авторлары Б.Н.Несіпқұлова, Е.А.Тоқпанов, Л.Н.Алиева, «Арман-ПВ»баспа, 2014ж

Сабақтың барысы


Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдас-тыру кезеңі 3мин

Амандасу, көңіл-күйлерін сұрау, Сыныптағы психологиялық ахуалды көтеру үшін оқушыларды шаттық шеңберінде «жүректен –жүрекке» атты тренинг жүргізу, топқа бөлу.

Оқушыларды электронды құралдар арқылы бөлу. ноутбук, планшет,смартфон, айфон/

4 топқа бөлінеді




Жаңа сабақ

Білу

7 мин

мақсатын айқындау Бүгін сіздермен ҒТР-ның құрамдас бөліктері мен басты белгілерімен танысасыздар.

Жаңа сабақ бойынша А4 формат таратылады әр оқушыға олар сабақ барысында алған білімдерін түртіп отырулары керек. Тақырып бойынша слайдпен ақпарат беріледі



Сабақ жоспары:

  • Ғылыми-техникаық революция

  • ҒТР-ның құрамдас бөліктері.

  • ҒТР-ның басты белгілері.

  • Өндіріс дамуының бағыттыры ғылыми-техникалық прогресс.

  • «Революция» сөзінің анықтамасы әр сөздікте әр түрлі берілг ( оқушылар әр анықтаманы оқиды слайдтан)

Проблемалық сұрақ:

  • Осы анықтамаларды не біріктіреді?

А4 форматта тақырып бойынша тірексөздерді пайдаланып, негізгі заңдылықтар мен терминдерді жазады.

Әр топ сұраққа жауап береді.




Түсіну
5 мин

1 топ ҒТР-ға қандай анықтама бердіңіздер?

2 топ Ғылыми-техникалық прогрес дегеніміз не?

3топ ҒТР-дан, ғылыми-техникалық прогрестің айырмашылықтары кестеде көрсет.

4 топ Ғылыми-техникалық прогрестің кезеңдерінде ҒТР қалай жаңғырып жаңарып отырды.



Әр топ берілген тапсырма бойынша топта қорытынды жасап постер қорғайды

Қолдану

8 мин

Философтар мен социологтар қазіргі ҒТР-ны біртұтас күрделі жүйе деп қарайды.Сендердің көзқарастарың төрт құрамдас бөлікті не байланыстырады?

Әр топ құрамдас бөліктерді қорғайды (постер арқылы)

Ойы ұшқыр балалардың, дарындылығын көруге болады


Презентация арқылы қорғау

Сергіту сәті

1,5 мин


Менің қасиеттерім қандай? Оқушыларға үй салу ұсынылады.


Оқушылар өз суреттері арқылы қасиеттерін анықтайды

Анализ

Синтез

7мин

ҒТР –дің негізгі белгілерін түсіну үшін кестемен жұмыс (оқулық,188 бет 22 кесте) әр белгілерін өмірмен байланыстырып қорғау, талқылау, талдау.



Тапсырманы топта және сыныппен талқылайды.

Жаңа тақырып бойынша жаңа концепция айтады, тақырып бойынша ой түйеді.



Бағалау

7 мин
(Критериалды бағалау) (дескрипторлармен)
2мин

Бүгінгі тақырып бойынша не түйдің? Өзіңнің жеке пікірің қандай? Басқалардың пікірімен келісесің бе? Қазақстанға қатысты ҒТР ұғымын қолдануға бола ма? Жауаптарыңды нақты мысалдармен толықтыр. Қазақстандағы 2017 жылы болатын ЭКСПО -2017 бағдарламысының тақырыбынан ҒТР жетістіктерін көруге бола ма? Тақырыптың өзектілігі қандай? Осы сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың пікірін білу.

Критериалды бағалау

Критерий

Жетістік деңгейі

Дескрипторлар

А-

(max 6)

0

Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен жоқсыз.

1-2

Сіздің табиғи ортада болып жатқан құбылыстар жайлы түсінігіңіз таяз, ҒТР-ның анықтамасынағы байланыс жайлы біліміңіз нақты және дәлелді емес. Терминдік сөздерді дұрыс қолданбайсыз.

3-4

Сіздің анықтамалыр жайлы түсінігіңіз бар, ҒТР мен ҒТП анықтамаларын не біріктіретінін жақсы түсінесіз, мәліметтерді логикалық реттілікпен жеткізе аласыз, терминдерді орынды қолданасыз. Алайда, қолданған мысалдарыңыз өте қарапайым және толық емес.

5-6

Сіздің ҒТР мен ҒТП жайлы түсінігіңіз бар, ҒТР мен ҒТП айырмашылығын сенімді, толық, орынды жеткізе аласыз. Терминдерді дұрыс, нақты, сенімді қолданып, дәлелдей аласыз.

В - (max 6)

0

Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен жоқсыз.


1-2

Сіз оқулықтағы мәтіннен қажетті ақпаратты табуда қиналасыз. Ақпараттарды талдай білмейсіз, тақырып бойынша проблеманы шешуге пайдаланған қосымша мәліметтеріңіз мақсатқа сай келе бермейді.


3-4

Сіз тақырыпқа байланысты қажетті ақпараттар мен мәліметтерді жинақтай аласыз. Дегенмен, жинақталған деректерді талдап, оны қажетті жағдайда қолдана бермейсіз.

5-6

Сіз сараптау жұмысын жүргізе аласыз, берілген мәтіндерден қажетті ақпараттарды тауып, ғылыми ақпараттарды тақырып бойынша туындаған проблемаларды шешуде қолдана аласыз.


С

(max 6)


0

Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен жоқсыз.


1-2

Сіз деректерді өз бетінше жүргізе алмайсыз, қателіктер жібересіз. Сіз ҒТР басты белгілерін кесте бойынша анықтауда қателіктер жібересіз

3-4

Кестеде берілген белгілерді, ақпараттарды қорытып, өмірмен байланыстырып айтып, көрсете аласыз.

5-6

Сіз ҒТР-ның, өндірістің даму бағыттарын сипаттайтын слайдты пайдаланып қорғай аласыз. Ақпараттарды қорытып, картадан көрсете аласыз.

Қазақстандағы 2017 жылы болатын ЭКСПО -2017 бағдарламысының тақырыбынан ҒТР жетістіктерін анықтай аласыз.






Тақырыпқа баға береді, қорытынды жасайды. Бағалау парақшасындағы критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау, өзара бағалау (жұптасып бағалау)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет