Сабақтың тақырыбы: Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы, мәдениеті. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/3
Дата25.01.2017
өлшемі0,87 Mb.
#8027
түріСабақ
1   2   3

І-топ Археологшылар /қызыл/

1.Ғұндар қай империаға үлкен қауіп төндірді?

2. 5 ғасырда ғұндардың басшысы кім болды және ол өз қол астына кімдерді жинады?

ІІ-топ Тарихшылар/сары/

1.Ғұндардың соғыста жеңу себептері неге байланысты болды?

2.Каталауын шайқасы өткен жыл және соғыстың қорытындысы қалай болды?

ІІІ-топ Этногрофтар/жасыл/

1.Ғұн жорықтарының маңызы неде?

2.Ғұндар туралы жазған Византия елшісі?

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.

Аттила қандай адам болған екен?

Қаһарлы ел билеуші


Аттила
Ержүрек жауынгер

Дарында қолбасшы Ғұндардың патшасы



«Тұлғаны таны» ойыны

Ол үшін тақтады жасырылған суретті анықтау үшін сұрақтарға жауап беру керек



1 сұрақ- Ғұндардың билеушісі шаньюй сөзінің мағынасы /шексіз билеуші/

2 сұрақ- Ғұндар қай елмен 300 жылдан астам уақыт соғысты? /Қытай/

3сұрақ- Цинь патшалығы ғұндардан қорғану үшін не істеді? /Ұлы Қытай қорғанын салды/

4сұрақ- Ғұндар қай ғасырда оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді?/б.з.б 1 ғасыр/

5сұрақ- Ғұн тайпасы қай билеуші тұсында күшейді?/ Мөде/



6 сұрақ- Ғұн тайпасы қанша рудан тұрды? /24/



Жасырылған сурет
ІҮ.Жаңа сабақты түсіндіру.

1.Ғұндардың тұрмысы

2. Ғұндардың қоғамдық құрылысы

3. Ғұндардың мәдениеті




1. Тірек- сызба бойынша түсіндіру

Ғұндардың кәсібі



Егіншілік

Аң аулау



Мал шаруашылығы



Киіз үйде тұрды

Қолөнер жақсы дамыған

Ғұндардың қоғамдық құрылысы бойынша топтарға сұрақтар беріледі.

Археологшылар /қызыл/

Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғасы қалай аталады?



Тарихшылар/сары/

Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша бөлініп қанша қанатқа бөлінген?



Этногрофтар/жасыл/

Түменбасы өзінің қарамағына кімдерді тағайындады?



3.Мәтінмен жұмыс. Қалып қойған сөзді тауып сөйлемді толықтыр

Ғұн тайпаларында ..................... теңсіздік қалыптасқан. Ғұндар- көшпелі

.......................... ел. Оларды .................. кеңесі басқарған.Елді ................ биледі.

Ғұндарда өзіндік ............... қорғау жүйесі болған. Ауыр қылмыс пен опасыздық

жасағандарға ................. жазасы тағайындалған.

4. Ғұндардың мәдениеті.

Ғұндар көшпелі өмір кешті.Олардың өмір салты римдіктер мен гректерге өзгеше болып көрінген.Сондықтан тарихи деректерден көшпелілер туралы әртүрлі көзқарасты кездестіреміз.

1.Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин ғұндарды қалай сипаттады?

2.Ғұндардың қалалары жайында Прииск қалай сипаттады?

3.Аммиан Марцеллин ғұндардың өмірі туралы пайымдап жазғаны.
Көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды негізінен былғары, жүн, киіз, ағаштан жасады.
Көшкелілер зергерлік әшекей бұйымдар жасауда тамаша жетістіктерге жеткен.

Олар бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеуді білген. Мұндай шеберлікті зерлеу деп атаған.



Безендіру кезінде бұйымдарға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жапсырған.Ғалымдар мұндай стильді «полихромдық стиль» деп атаған.
Тарихи терминдер:

Жүзбасы – жүз адамдық әскердің басшысы.

Патриархалды билік- ер адамдардың билігінің жоғары болуы.

Тәлімді  егіншілік -қолдан суарылмайтын егін.

Зерлеу әдісі- бұйымдардың беттеріне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу.

«Полихромдық стиль»- бұйымға сәндік үшін түрлі-түсті заттар жабыстыру.

Ү.Сабақты бекіту. «Білім жәрмеңкесі » ойынын ойнату арқылы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет