Сабақтың тақырыбы: Фотосинтез Сабақтың мақсаты: Оқушыларға фотосинтез процесі, оның жарық және



Дата23.08.2017
өлшемі257,47 Kb.
#25283
түріСабақ
Астана қаласы №53 мектеп-лицейінің

Биология пәні мұғалімі

Серикбаева Зауре Жанибековна
Сабақтың тақырыбы: Фотосинтез
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға фотосинтез процесі, оның жарық және

қараңғы сатысы , фотосинтез факторлары туралы

мағлұмат беру.

2.Фотосинтез үрдісі туралы білім алу мен өзара

сыйластыққа, үжымшылдыққа , сауаттылыққа

тәрбиелеу.

3.Оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасау, бір – біріне

көмектесе отырып, өз ойларын толық айту дағдыларын

дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: «Шыңға шығу» әдісі, «Сызбаны сөйлет» әдісі, графикалық

диктант, сематикалық карта , тест, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте , плакаттар, үлестірме материалдар.
Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Шыңға шығу» әдісі.



  1. Тірі ағзалардың тыныс алуы.

  2. Аэробты ағзалар.

  3. Анаэробты ағзалар.

  4. Теғгерме нүктесі дегеніміз не?

  5. Тыныс алу кезеңдері қандай?

  6. Тыныс алу қажет жағдайлар.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау: «Сызбаны сөйлет» әдісі.




Тынысалудың жалпы формуласы:

С6H12O6 + 6O2 6CO2 + 6H2O +ATФ

ІҮ. Жаңа тақырып: Яғни бұл формуладағы күн энергиясының әсерінен көмірқышқыл газы мен су + жарық оттегі мен көмірсуларға айналу үрдісі – фотосинтез деп аталады


Бүгінгі жаңа тақырыбымыз : 16п. Фотосинтез.


  1. Фотосинтез ашылу тарихы.

  2. Фотосинтез сатылары.

  3. Фотосинтез факторлары.

  4. Фотосинтез бен тынысалудың өзара байланысы.

( түсіндіру)
Ү. Бекіту тапсырмалары: І. Деңгейлік тапсырмалар.
А. Сілтеме табушылар тобы. Мәтінді оқи отырып, жаңа ұүымдарды тауып, анықтасын оқу.

  • Фотосинтездің жарық сатысы

  • Фотосинтездің қараңғы сатысы

  • Фотолиз

  • Фотофосфорлану

  • Фотокорбаксилдеу

В. Баяндаушы топ: мәтінді оқи отырып, кесте құрастырып, оны баянда.




С. Ізденуші топ:

Фотосинтез жасыл пигмент хлорофиллі бар жасушаларда өтеді. күн жарығы энергиясының әсерінен көмірқышқыл газы мен судың оттегі мен көмірсуларға айналу үрдісі. Түзілген көмірсулар қорек ретінде қолданылады, ал оттегі атмосфераға түседі. Суретте фотосинтездің жалпы сұлбасы берілген.


ІІ. Графикалық диктант. Дұрыс жауап « », қате жауап « ».


  1. Фотосинтез процесі екі сатыда жүреді.

  2. Жарық сатысында су қолданылады.

  3. Сыртқы фактор фотосинтездеуші ағзалармен анықталады.

  4. Фотосинтез процесі тек жарықта жүреді.

  5. Балдырларда жарықта фотофосфорлану айналымының реакциясы жүреді.

  6. Тірі ағзалардың барлығы фотосинтез үрдісінің қарқындылығына тәуелді.

ІІІ. Сематикалық карта.




Тапсырмалар

Жарық сатысы

Қараңғы сатысы

Ішкі

фактор

Сыртқы фактор

Жарық, ылғал мөлшері , қоршаған ауа темпиратурасымен анықталады.










+

Күн жарығының энергиясы Атф энергиясына өзгереді.

+










Нәтижесінде оттегі, сутегі, АТФ алынады

+










Хлоропластың стромасында жүреді.




+







Хлоропласт ферменттерінің өршіткілігімен жүретін жүйелі реакция.




+







Хлоропласт мөлшері, хлорофил саны мен типі, жапырақ мөлшері,пішіні, орналасуымен айқындалады.







+



ІҮ. МАБ-ға дайындық кезеңі. Тестілік жұмыс.



І нұсқа

1. Табиғаттағы заттар айналымының негізгі көзі

А)Фотосинтез

В)транспирация

С)адсорбция

Д)алмасу адсорбциясы

Е)пиноцитоз


2.Фотосинтездегі хлорофилдің ролін алғаш сипаттаған ғалым.

А)К. Тимирязов

В)Ч. Дарвин

С)Л. Пастер

Д)В. Гельмонт

Е)Н. Вавилов


3.Өсімдік тыныс алатын газ

А)сутегі


В)азот

С)оттегі

Д)көмірқышқыл газы

Е)хлор

4.Фотосинтез жолымен органикалық заттарды түзуші организмдер



А) анаэробты

В)аэробты

С)ыдыратушылар

Д)өндірушілер

Е) тұтынушылар


5.Атмосфера ауа құрамындағы көмір қышқыл газының мөлшері.

А)78


В)21

С)1,29


Д)0,03

Е) 0,92
6.Фотосинтез үрдісінің фазалары

А)3

В)2



С)4

Д)5


Е) 1

ІІ нұсқа

1.Фотолиз дегеніміз......

А)АТФ синтезі

В)майлардың ыдырауы

С)көмірсудың ыдырауы

Д)наруыздың ыдырауы

Е) судың мәтіннің ойын жарықта ыдырауы
2.Өсімдіктердің оттегін бөлетінін ең алғаш ашқан ғалым

А)К. Пристли

В)Ч. Дарвин

С)Л. Пастер

Д)В. Гельмонт

Е)Н. Вавилов


3.Фотосинтез қайда өтеді

А)цитоплазмада

В) митохондрияда

С) рибосомада

Д)ядрода

Е)хлорофилі бар жасушада


4.Сыртқы фактор немен анықталады.

А) холрофил санымен

В) жапырақтардың мөлшерімен

С) жарық мөлшерімен

Д)лептесіктер санымен

Е)ферменттер тиімділігімен
5.Ежелгі балдырларда жарық фазасында өтетін реакция

А)Фотолиз



В)фотофосфорлану

С)фотосинтез

Д)питолиз

Е)пагоцитоз


6. Өсімдіктердегі жасыл пластид

А)хромасома

В)фотопласт

С)хлоропласт

Д)хромопласт

Е)лейкопласт

Ү. «Маңызды өмірлік даналық» мәтіннің ойын бір сөйлеммен білдіру.

Мыс:


  • Фотосинтез үрдісі барлық тірі организмдердің негізгі қорек көзі

  • Фотосинтез – күн жарығы энергиясының әсерінен көмірқышқыл газы мен судың оттегі мен көмірсуларға айналу үрдісі.

  • Фотосинтез нәтижесінде түзілген көмірсулар қорек ретінде қолданылады, ал оттегі атмосфераға түседі.

  • Фотосинтез үрдісінің қарқындылығына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды сыртқы және ішкі факторлар деп бөлуге болады.

  • Фотосинтез қараңғы және жарық фазасында жүреді.

Ү. Үйге тапсырма: 16 п. «Фотосинтез маңызы» өзбеттік жұмыс.

ҮІ. Бағалау.

Астана қаласы №53 мектеп-лицейінің

Биология пәні мұғалімі

Серикбаева Зауре Жанибековна


Сабақтың тақырыбы: Ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ертедегі және осы заманғы адамдардың ерекшеліктерімен, олардың қаңқа қалдықтарының құрылысын, өмір сүру мәдениетімен таныстыру. Оқушыларға ертедегі және осы заманғы алғашқы адамдардың ежелгі адамдардан айырмашылығын көрсете алатын деңгейге жеткізу. Адамның тірі организмдердің ең биік сатысына көтерілуі еңбектің арқасы екендігін айта отыра, балаларды адал еңбек етуге, рухани жағынан өсуге тәрбие беру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жасалынған дидактикалық тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымызбен таныстыру. Үй жұмысын тексеру

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІІІ. Пысықтауға арналған тапсырмалар

IV. Бағалау

V. Үйге тапсырма Қорытындылау.

Үй жұмысын тексеру

1 тапсырма

2 тапсырма

3 тапсырма

4 тапсырма

№1 тапсырма Адамның жүйелеудегі орнын анықтау. Кестеде адамға тән қасиеттер берілген, тек оларды омыртқалылар отрядына, сүтқоректілер класына және ұрықжолдастылар класс тармағына бөлу керек.



Тән қасиеттер

Омыртқалылар отряды

Сүтқоректілер класы

Ұрықжолдастылар класс тармағы

  1. Жүрегі төрт қуысты










  1. Ұрпақ жатырда дамиды










  1. Ми қыртысы өте жақсы жетілген










  1. Денесінде түктері бар










  1. Жүрегі кеуде жаққа қарай орналасқан










  1. Омыртқа жотасы бар










  1. Ұрықжолдасы арқылы қоректенеді










  1. Тістері жеке топтарға бөлінген










2 тапсырма Адам денесіндегі кейбір белгілер



Денедегі белгілер

Рудимент

Атавизм

1

Құлақ маңындағы бұлшықет







2

Денедегі қалың түк







3

Көп емшектілік







4

Терідегі түктер







5

Соқырішек







6

Құйрықты адам







3 тапсырма Ұрықтың дамуындағы дұрыс жолды анықтаңыз

А) морула-зигота—бластуляция—бластула—гаструла—нейрула

Ә) зигота—морула—гаструла—бластула-бластуляция-нейрула

Б) зигота—морула—бластуляция—бластула—гаструла—нейрула

В) морула—зигота—бластула---бластуляция---нейрула

4 тапсырма Төмендегі сұрақтарға бір сөзбен жауап жазыңыз



  1. Тік жүретін адамның ғылыми атауы

  2. 2. 1891 жылы архантроптарды тапқан ғалым?

  3. Эжен Дюбуа ежелгі адамдарды қалай атады?

  4. Ежелгі адамдардың ми салмағы

  5. Архантроптар жер бетінде қай кезеңде өмір сүрген?

  6. Архантроптардың бойларының ұзындығы қанша?

  7. Архантроптардың бір тобы

  8. 1907 жылы Германияда табылған қаңқа қалай аталады?

  9. Тарихи даму кезеңіндегі негізгі әлеуметтік факторы

  10. 1928 жылы Қазақстанның қай жерінен ежелгі адамдардың құралдары табылды?

Жаңа сабақ (Тақтада жазылған сызбалар арқылы оқушылардың өздерін сөйлету, ежелгі адамдармен салыстыра отырып айтқызу)

Палеантроптар Қазіргі адамға ұқсас

1848 ж Еуропадан қаңқасы табылған Миының көлемі 1400гр

155-165см Ертедегі адамдар 1,5-250 000 ж.б.

1856 ж Неандерталь өзенінің аңғарынан табылған

Алдыңғы ми сыңарлары жақсы жетілген Астыңғы жақ кіші

1938 ж орыс ғалымы А.П. Окладников Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен сүйек қалдықтарын тапқан.

Х.А. Алпысбаев 1958-1962 жылдары Қаратау өңірінен ертедегі адамдардың қоныстарын тауып зерттеген.

Ертедегі адамдар 50-100-ден топтасып өмір сүрген. Ер адамдар аң аулаумен, әйел адамдар терімшілкпен ал қарттары құрал-саймен жасаумен айналысқан.

Неантроптар Кроманьондықтар 50-30000 жыл бұрын

жасы 30-40-та Осы заманғы алғашқы адамдар 170 -180 см

1868ж Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған 1400-1600гр

Маңдай сүйегі шығыңқы Көз шарасы жақсы жетілген Бас сүйегі биік емес

Кроманьондықтар жануаралды алғаш рет қолға үйрете бастаған. Егіншілікке де алғаш қадам басқан. Тайпа, ру болып саналы өмір сүрген. Ұрпақтарына деген қамқорлық , қарттарын қадірлеу және олармен санасу дәстүрге айналған.

1. Адамның тік жүруіне байланысты қол, аяқ және тұлға сүйектерінің өзгеруі жүрген

2. Миының құрылысы күрделенген, дамыған және ұлғайған.

3. Адамның жақ сүйектері кішірейіп, сөйлеу қабілеті пайда болған.

Адамның пайда болуына еңбектің үлкен әсері бар екендігін бабамыз әл-Фараби да орынды бағалаған. Шынында да адам еңбектің арқасында көздеген армандарына жетеді, биікке ұмтылады, өрісі кеңейеді, рухани байлығы да артады. Сондықтан сіздер саналы адамдардың ұрпақтары, қашанда адал еңбек етіп, еңбектің нәтижесінде елдің биігінде көрінулеріңіз керек.



Пысықтау: Бүгінгі алған білімді қорытындылай келе кестедегі ертедегі және осы заманғы адамдарды бір-бірінен ерекшеліктерін көрсетейік.



Тән ерекшеліктер

Ертедегі

Осы заманғы

1

Тастан еңбек құралын жасады







2

Мүйіз, сүйектен жасады







3

Неандерталь







4

Кроманьон







5

Қоғамдасып өмір сүрген







6

Тайпа болып өмір сүрген







7

Әдет-ғұрыптар пайда болағн







8

Өнер дамыған







9

Топтасып аң аулаған







10

Өлген адамдарды жерлеген







11

Ми 1400гр







12

Миы 1400-1600гр







13

300-40000 жыл бұрын өмір сүрген







14

Ұрпақтарына деген қамқорлық жоғары болған







15

1848 жылы Еуропадан табылған







Бағалау:

Үйге тапсырма: §30 тақырыбын оқу

Астана қаласы №53 мектеп-лицейінің

Биология пәні мұғалімі

Серикбаева Зауре Жанибековна

Сабақтың тақырыбы: Құс шаруашылығы



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: құс шаруашылығы, құстардың адам өміріндегі маңызы туралы жалпы түсінік қалыптастыру

Дамытушылық: оқулықпен дербес жұмыс істеу, қорытынды жасау білуге үйрету

Тәрбиелік: табиғатқа қамқорлықпен қарау, құстарды қорғауға тәрбиелеу


Сабақ түрі: жұппен жұмыс

Әдісі: Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша



Сабақ барысы:

I кезең: Ой- маржан (ұйымдастыру кезеңі)

Өткен сабақты қайталау, жинақтау.



  1. Құстар дүниесінде таралған түр саны (8 600-ге жуық)

  2. Құстарды зерттейтін ғылым саласы (орнитология)

  3. Жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударатын құстар (жыл құстары)

  4. Қосарлы тынысалу дегеніміз не? (ауа қапшығы және өкпе)

  5. Құс өңешінің кеңейген бөлігі ( жемсау)

  6. Ірі қауырсындардың теріге еніп тұрған бөлігі (қаламша)

  7. Құстардың дене температурасы (+410С, +430С)

  8. Бұдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі (көнеқұс немесе археоптерикс)

  9. Құстардың жүрегі неше бөлімнен тұрады?

  10. Ең кішкентай құстың салмағы қандай, бұл қандай құс? (1,5грамм –колибри)

  11. Ең ірі құс және оның салмағы қандай? (түйеқұс, салмағы 90 кг)

  12. Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс (кезеген альбатрос 75-85күн)

2-кезең Жаңа тақырыпты өз бетімен м еңгеріп көруге мүмкіндік туғызу (5-7 минут)

Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.Оқушының оқулықпен жұмыс жасау барысында:

- танымдық әрекеті артады;

- ізденімпаздыққа үйренеді;

- өзіне сенімі артып, тұлға ретінде дамиды;

- оқулықты міндетті түрде оқиды, танып – білу мақсаты қойылады.

1-бөлім. Бұл кезеңде оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс жасауларына болады. Оқушы ізденімпаздыққа үйренеді, танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік алады. Бұл кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеріп, жеке оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады. Келесі 10-12 минутта мұғалімнің басшылығымен әр түрлі әдіс-тәсілдердің көмегімен (кесте, жаттығу, суретті танып білу т.б.) талқылап, жаңа тақырыпты бекіту алгоритмі қалыптасады.

2-бөлімде әр түрлі әдістемелік, дидактикалық жұмыс түрлері келтіріледі. Мысалы:

А) Есіңізде болсын, есте сақтап, жаттап алыңыз!

ә) Біліміңізді тексеріңіз!

2-кезеңнен кейін оқушыларда:

- танымдық қызметі қалыптасады;

- жартылай ізденіс әдісін меңгереді;

- ойлау қабілеті артады;

- зерттеу әдісін меңгереді; (зертханалық жұмыс)

- оқулықтағы сурет, сызбаларды, кестелерді пайдалануды үйренеді;

- оқиғаны түсініп, айтып беруді үйренеді;

- жаңа білім алады, алған білімнің тобықтай түйінін таба алады.

Сонымен оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалдарды әр түрлі игере алуы деңгейлік саралау деп аталады.

3-кезең. Оқушылармен кері байланыс. Алғашқы алған білімін тексеру арқылы біліктілік дағдысын тереңдетіп, дамыту кезеңі.

Бұл кезеңде оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындап, баға алады. Ал деңгейлік тапсырмаларды 2 топқа бөлуге болады.



1. Тек осы тақырып бойынша құрылған тест сұрақтары.

2. Жазбаша сұрақтар

Мемлекеттік стандартпен басталған 1-деңгейдегі тапсырмалар бірте-бірте күрделенеді. Деңгейлік тапсырмалар оқу материалының арнасын кең ашуға, оқушының ойлау қабілетін, эмпирикалық (үйренушілік) деңгейден, теориялық (шығармашылық) деңгейге дейін бағытталып құрылады.

1-деңгей: Сыныптағы барлық оқушылар өз бетінше жазбаша жауап береді. Бұл тапсырмалар жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер т.с.с. анықтамаларды жатқа айтып береді. Бағалау рейтингі 5 ұпай. Ол “3”-тік бағаға сәйкес келеді.

2-деңгей. Бұл тапсырмалар оқушылардың 1-деңгейден алған білімдеріне негізделіп құрылады. Олардың барлығын дұрыс орындай алған бала алғашқы 5 ұпайына тағы 10 ұпай қосып, 15 ұпай жинайды. Ол осы тақырып көлеміндегі “4” деген бағаға сәйкес келеді.

3-деңгей. Бұл эвристикалық деңгей болғандықтан, оқушыға жаңа тақырып бойынша негізгі ойын қорытып, өз пікірін айта алатындай тапсырма беріледі.

Дұрыс жауап берген оқушы бұрынғы 15 ұпайына тағы 15 ұпай қосып 30 ұпай алады. Ол дәстүрлі оқудағы “5”-тік бағасына сәйкес келеді.

Оқушы үйге 4-деңгейдің шығармашылық тапсыриасын алады. Осындай оқушылар бір сыныпта 1-5-ке дейін болуы мүмкін.

I кезең

1-тапсырма. Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз.

Өңештің кеңейген бөлігі___________деп аталады.

Құстардың жақсүйектерінде____________________болмайды.

Құстардың қарыны_________________________________бөлімдерден тұрады.



2-тапсырма. Дұрыс жауаптардың астын сызып көрсет

А.Құстардың денесіне қандай қан тарайды – вена қаны, аралас қан, артерия қаны.

Ә.Құстарға тән қосаролы тынысалу кезінде қан қандай газбен тотығады – тек көмірқышқыл газымен, тек оттегімен, аралас газбен.

Б. Құстардың зәршығару жүйесінде қандай мүшесі болмайды – бүйрегі, қуығы. несепағары.



3-тапсырма.

А.Қыртөссіз (жүгіретін) құстардың жеке отрядтарына оларға жататын құс түрлеріне және таралған аймақтарына кесте сызып, толтыр:

Рет саны

Отрядтары

Түрлері

Таралған аймақтары

1










2










3










4











Ә.Құстар тіршілік ететін табиғи орта жағдайларына байланысты кестені толтыр:

Рет саны

Топтастыру

Түрлері

1

Сулы, батпақты жердің құстары




2

Орман құстары




3

Ашық далалы





II кезең

  1. тапсырма. Қолға үйретілген асыранды құстардың қандай отрядтарға жататынын тақырып мәтінінен тауып жаз:

    Рет саны

    Түрлері

    Отрядтары

    1.

    Тауық




    2.

    Үйрек




    3.

    Қаз




    4.

    Күркетауық




    5.

    Көгершін




    6.

    Баққунақ




    7.

    Жапон бөденесі




  2. тапсырма:

Асыранды құстардың арғы жабайы тегін тақырып мәтінінен тауып жаз.

А. Тауықтың ___________________________________________________

Ә. Үйректің_____________________________________________________

Б. Қаздың_________________________________________________________


  1. тапсырма:

Үй тауығының қандай бағытта өсірілетінін және оған қандай тауық тұқымдары жататынын кестеге толтыр:

Рет саны

Өсірілетін бағыттары

Тұқымдары

1.







2.







3.









4-тапсырма:

Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді тауып жаз:

Жапонияда етті бағытта өсірілетін бөдене тұқымы__________________________деп аталады.

Жапония мен Қытайда тауықтың_____________________тұқымы әсемдік үшін қолда өсіріледі.
III кезең

I деңгей

Сұрақтардың дұрыс жауаптарының астын сызып көрсет:

А. Үй құстарының белгілі бір мақсатқа сай қолдан сұрыптау арқылы шығарылған тобы қалай аталады – түр, іріктеме, тұқым, бройлер.

Ә. Мексика мен Американың оңтүстігінде алғаш рет қолға үйретілген асыранды құс: - тауық, күркетауық, қаз, бөдене.

Б. Құйрық қанаттары ұзын, әр түрлі әсемдік бұйым ретінде қолдану үшін қолда өсірілетін құс – цесарка, үйрек, қаз, тауық.



II деңгей

Құс қаңқасы бойынша кестені толтыр (№ 21 зертханалық жұмыс)

Қаңқаның бөлімдері

Құрылыс еркшеліктері






III деңгей Тестік тапсырмалар

  1. Құстардың қаңқасына не тән?

А) тығыз құрылысы Б) қыр , жеңілдігі В) мойны қозғалыссыз Г) тар кеуде құысы

2. Құстардың қандай бездері бар?

А) тері бездері Б) құйымшақ безі В) май бездері Г) сүт бездері

3. Құстарда ғана кездесетін сүйек?

А) жіліншік Б) саусақ В) жауырын Г) төс



4. Құстарда үлкен қан айналым шеңбері қайдан басталады?

А) оң жақ жүрекше Б) сол жақ жүрекше В) сол жақ қарынша Г) оң жақ қарынша



5. Құстарда мидың қай бөлігі жақсы дамыған?

А) мишық Б) сопақша ми В) үлкен ми сыңарлары Г) ортаңғы ми

6. Қай сезім мүшесі құстарда нашар дамыған?

А) иіс сезу Б) көру В) есту Г) барлығы жақсы дамыған



7. Төмендегілердің қайсысы қызылшақа балапанға жатады?

А) кептерлер Б) қаздар В) тауық Г) үйрек



8. Құстарда ұшқан кезде тыныс алуы қандай?

А) жиі-жиі тыныс алады Б) қосарлы В) сирек тыныс алады Г) күрделі



9. Құстарда ең дамыған бұлшықеттер қандай?

А) кеуде, бұғана асты Б) аяқ-қол бұлшықеттері В) қабырға арасы Г) мойын



10. Қай құстардың төс сүйегінің алдыңғы қыры жоқ?

А) шағала Б) африка түйеқұсы В) пингвин Г) тырна


Үйге тапсырма: § 57

Оқушылар білімін бағалау


Сабақ жоспары Пәні__Биология______ Тақырыбы_____Құс шаруашылығы_______ Сыныбы 7


Тақырыпты меңгерту кезеңдері

Әр кезеңдегі оқытудың шағын мақсаттары

Кезеңдердің мазмұны

Әр кезеңде қолданылатын әдіс-тәсілдер

Әр кезеңде оқытуды ұйымдастыру түрлері

Әр кезеңде пайдаланатын құралдар

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті

Нәтижені бағалау

I кезең

Үй тапсырмасын тексеру

а) өткен тақырып бойынша тапсырмалар

ә) жаңа тақырыпты меңгеруге қажет тапсырмалар



Өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалар

а) мұғалім оқушыны тексереді

ә) проблемалық әдіс



Мұғалім немесе жетекші оқушы тапсырманы белгілеп шығады

1) жұмыс дәптері

2)кесте


Оқушылар сыныпта немесе үйде орындағандарын тапсыратын қорытындылар мониторын қояды

Тақтадағы сызған кестеге оқушылардың ұпайын жазады

Өткен т ақырып бойынша тиісті бағасын алады

II кезең

Мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырыпты өздігімен меңгеру

а) жаңа тақырып бойынша өз бетімен меңгеруге мүмкіндік туғызу

ә) алған білімді қарапайым мысалмен бекіту



Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар

Проблемалық жағдайды шешу

а) әңгімелеу

ә) пікірлесу


а) ұжымдық

ә) жұптық



а) оқулық т.б.

көрнекіліктер

Тақта

Жұмыс дәптері



а) барлық оқушы қатысады

ә) үздік оқушылар көмектеседі



А) оқушылар дайындалып болғанша, мұғалім өткен тақырыптың бағаларын журналға қойып шығады

Б) ең үлгерімі нашар оқушыға дейін осы тақырып бойынша бағаланады



Тек ауызша марапатталады немесе ескертулер

III кезең

I деңгей (5 ұпай)

Танып білу ереже, анықтама бойынша

I деңгей тапсырмаларын беру

Үлгі бойынша бекіту

Жекеше

Жұмыс дәптері, кітап

Барлық оқушы орындауға міндетті

Өзі бақылайды, тексереді, осы деңгейге жетуін қамтамасыз ету

Зачет алған бала келесі деңгейге өтеді




II деңгей

(10 ұпай)

Түсініп пайдалана талдау, өзгертіліп берілген тапсырма

II деңгейге көшу

Өз бетінше ізденуге бағытты әдістер

Жекеше

Жұмыс

Дәптері, кітап



Алған білімді тиімді пайдалану

Бірін-бірі бақылап басқару, көмек ұйымдастыру

Журналға баға қойылады




III кезең

(15ұпай)

Түсініп алған білімін қорытынды жасау

III деңгей

Ішінара ізденуді зерттеу

Жекеше

Тест тапсырмалары

Іздену, көмектесу

Бағаларын қорытындылау

Толық орындаған оқушыға “5” қойылады

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет