Excel бағдарламасында математикалық , финанстық , статистикалық және логикалық функцияларды ауықымды жиыны ендірілген. Егер кестеге бірнеше сандар енгізілетін болса , Excel бағдарламасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап , күрделі тригонометриялық есептеулерді жасауға дейін 300-ден аса тәсілмен өңдей өңдей алады. Excel – де функциялар – бағдарлама жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция функцияның аты (мысалы , СУММ т.с.с) мен оның аргументі арқылы өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз –нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәтін немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Аргуметтер функция атының оң жағында жай жақшаның ішінде жазылады.
Функциялар есептеулерді ықшамдық күйде жазу үшін қолданылады және
мынадай түрде жазылады:
у=f(x), мұндағы у - функцияны есептеудегі нәтиже, х-аргумент,
f – функция.
Мысалы:
=sin(C7) мұндағы sin – функцияның аты, С7-аргумент (ол сан, мәтін және
т.б.) , сан тұрған ұяшыққа сылтеме болып тұр.
Көптеген экономикалық есптерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады. Функциялар y = f(x) түрінде жазылады, мұндағы х – функцияның аргументі, ал у – функцияның мәні, f – функция.
Функцияларды қолдануға мысалы қарастырайық: С7 ұяшығында АВС(А7) + LOG(В7( формуласын есептейік). Мұндағы А7, В7 – ұяшықтарға салыстырмалы сілтемелер; АВС(А7) – А7 ұяшығындағы мәннің абсалютті шамасын есептейтін функция; LOG(В7) – В7ұяшығындағы мәннің логарифімін есептейтін функция.
Excel програмысында қолданылатын стандарт функциялар тізімі:
SIN, COS, TAN – тригонометриялық функциялар;
ASIN, ACOS, ATAN – кері тригонометриялық функциялар;
МАКС, МИН, СРЗНАЧ – массивтерге қолданылатын функция;
LN, LOG, LOG10 – натурал, жай ондық логарифмдер;
КОРЕНЬ – кватрад он түбірді анықтайтын функция;
ЕСЛИ, И, НЕ, ИЛИ, ЛОЖЬ – логикалық функциялар;
ЗАМЕНИТЬ, НАЙТИ, КОДСИМВ, ЛЕВСИМВ, ПОВТОР- мәтіндік функциялар.
Бұл тізімді әрі қарай жалғастыра беруге болады, өйткені олардың саны өте
МИН (ұяшықтар) - ерекшеленген ұяшықтардағы ең кіші (минимум) шаманы табады.
МАКС (ұяшықтар)- ерекшеленген ұяшықтардағы ең үлкен (максимум) шаманы табады.
СРЗНАЧ (ұяшықтар)- аргументтердің арифметикалық орта мәнін есептейді
ЦЕЛОЕ (х) х аргументін ең кіші бүтін санға санға дейін дөңгелектейді. СУММ (ұяшықтар) – көрсетілген тізімнің қосындысын есептейді.
ЕСЛИ (шарт, ақиқат,жалған) - шарт бойынша амалды орындау.
СЧЁТЗ(ұяшықтар) бос емес ұяшықтар санын анықтау.
СЧЁТЕСЛИ(хоналар, шарт) шартқа жауап беретін ұяшықтар санын анықтау.
СЕГОДНЯ - бүгінгі күнді қою.
СТЕПЕНЬ (сан, дәреже) - берілген санды дәрежелеу
COS(сан) берілген сандың косинусын анықтау.
SIN(сан) берілген сандың синсын анықтау.
Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер фукнции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияларды енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді де орындайды.
Қосындылау функциясы. Қорытындылау функцияларының ішіндегі ең көп қолданылатыны қосындылау функциясы – СУММ. Стандартты аспаптар панелінде осы функцияда ғана жеке батырма бар – Автоқосынды (Автосумма) батырмасы. Автоматты түрде қосындылау ағымдағы ұяшықтың немесе сол жағындағы ауқымды қамтиды.
Көптеген экономикалық есептерді жеңілдету үшін функциялар қолданылады.
ІV. Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.
Тапсырма:
1. 1. Excel ұяшықтарына керекті киімдер тізімін енгізіңіз.
Соңында кеткен шығынды есептеңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |